• Ақпарат
  • 03 Сәуір, 2025

Ғылым мен бизнес интеграциясына арналған форум

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп «Ғылым, бизнес және өндірістің интеграциясы» форумын өткізіп жатыр.

Форумның мақсаты – инновацияларды экономика, қалалық басқару және өнеркәсіптік өндіріс салаларына тиімді енгізу үшін ғылыми қауымдастық, кәсіпкерлер мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Форумда Farabi HUB инновациялық орталығын аралаудан басталады. Қатысушылар ҚазҰУ-дың жетекші ғылыми-техникалық әзірлемелерімен танысады. Олар:

Қазақстан-Қытай Жерді қашықтықтан зондтау технологиялары зертханасы;

Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы (Микроспутниктер зертханасы);

RoboMech робототехника және мехатроника орталығы (Kuka роботтары);

Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютерлердің бірі – ҚазҰУ суперкомпьютері;

Технопарк және Дәрілік өсімдіктер орталығы;

ZTE компаниясының инновациялық орталығы;

Химия, физика, биотехнология және нанотехнология саласындағы инновациялар көрмесі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, филология ғылымының докторы, профессор Жансейіт Түймебаев форум қатысушыларына арнап сөз сөйледі. «Ғылым мен инновация – ҚазҰУ-дың негізгі басымдықтары. Университетте 8 ғылыми-зерттеу институты, 140 зертхана, 34 ғылыми орталық және 2 ұжымдық пайдалану зертханасы табысты жұмыс істейді. Біз цифрлық технологияларды, жасанды интеллектті және экологиялық тұрақты шешімдерді белсенді түрде енгізіп келеміз.

Инновациялық жобаларды іске асыру үшін университетте Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютерлердің (өнімділігі 2000 ТFLOPS) бірі жұмыс істейді, ол деректерді талдаудың, жасанды интеллектіні модельдеудің және әзірлеудің күрделі міндеттерін шешуге мүмкіндік береді», – дейді ректор Ж.Қансейітұлы.

Форум аясында ҚазҰУ мен жетекші компаниялар арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылмақ. Келісімдер реті мынадай:

Astana Motors-Manufacturing – автомобиль өнеркәсібіндегі кадр даярлау және инновацияларды енгізу;

ТОО «Dragon Lakshme Group KZ» – сумен жабдықтау және экология саласындағы бірлескен жобалар.

Пленарлық сессияда ғылым және бизнес саласының жетекші мамандары, атап айтқанда Astana Motors-Manufacturing Kazakhstan зауытының директоры Максим Тарасов, ҚР ҰҒА академигі Амангелді Бисенбаев, Қазақстандағы ZTE корпорациясының бас директоры Вэй Вэй, ҚР ҰҒА академигі Мұхамбетқали Бүркітбаев, «Alageum Engineering» ҒЗТК директоры Әділбек Тәжібаев, Дәрілік өсімдіктер орталығының директоры биология ғылымының докторы, профессор, Жанар Жеңіс баяндама жасайды.

Форум соңында ғылым, бизнес және әкімдік өкілдерінің қатысуымен панельдік пікірталас өтеді. Онда қалалық орта, өнеркәсіп және тұрақты даму саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылады.

 

Қарагөз Серікқызы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң баспагерлік, редакторлық

және дизайнерлік

өнер кафедрасының оқытушысы

 

4522 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

04 Желтоқсан, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы