- Ақпарат
- 15 Мамыр, 2025
ЖИ қазақ тілін халықаралық деңгейге шығарды

Өркен МАМЫРБАЕВ, Ақпараттық және есептеу технологиялары институты бас директорының орынбасары
Қазіргі кезде әр ел өзінің тілдік моделін жасап жатыр. Осы тілдік модель – жасанды интеллектінің негізгі ядросы. Біздің елде адам саны өсіп, қазақ тілінде сөйлейтін адамның саны артқан сайын оған әрқашан қазақ тілінде жұмыс істейтін қосымша керек болады. Осы қосымшалар қазіргі кезде жасанды интеллектіні қолданғандықтан, жасанды интеллектінің ядросы тілдік модель болып келеді.
Мұнымен қоса, осы тілдік модельдер әлеуметтік желіде, шетелдік қосымшаларда өзінің моделіне қосып оқыта отырып, қазақ тілін халықаралық деңгейге шығарып жатыр. Ал біздің елімізде қазақ тілін дамыту үшін ең бірінші сөйлеу-тану процесіндегі тілдік моделі құрылды. Синтездеу процесінде тілдік модельдеу, одан кейін үлкен тілдік модель құрылды. Үлкен тілдік модель, мысалы, сіз жазған мәтінге қосымша түзету енгізе алады. Оған қоса, шығармашылық тұрғыда мәтініңізді жетілдіреді. Осындай үлкен морфологиялық талдау сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде мәтіндерді аудару процесі де сәтті. Қазақ тіліне аудару бұрынғыдай емес, өте нақты және сапасы да жақсы. Қазақ тіліндегі зерттеулердің және ақпараттың көбеюі мемлекеттік тілде жұмыс істейтін қосымшалардың дамуына мүмкіндік туғызды.
Осындай қосымшалар қайда қолданылады? Мысалы, білім беретін «Coursera» платформасы бар. Осы платформада қазір бірнеше пәндер қазақ тілінде дыбысталады, қазақ тілінде шығады. Қазақ тілінің көп қолданысы ChatGPT-дің жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп отыр. Үлкен тілдік модельдердің қазақша болуы қазақ тілінің дамуына мүмкіндік береді. Мысалы, осындай зерттеулердің арқасында сіздің мобильдік телефоныңыздың интерфейсі түгел қазақ тілінде шығады. Оған қоса, eGov жүйесі қазір осы қазақ тіліндегі үлкен модельдерді қолданып, түгел қазақ тілінде ақпарат беруге мүмкіндік алды. Банк жүйесі де өзінің тілдік моделін қазақ тілінде жасады. Банктік жүйелерде де жасанды интеллект қазақ тілінде жауап қатады. Колл-центр де қазір мемлекеттік тілде автоматты түрде жауап береді. Қазір мемлекеттік тілде қосымша, бағдарлама жасалып, жасанды интеллект осы бағытта қарқынды дамып келе жатыр.

563 рет
көрсетілді0
пікір