• Cұхбаттар
  • 12 Маусым, 2025

Ғылым – құлшылықтың ең биік сатысы

Сайлыбай БЕКБОЛАТОВ,  ғалым, халық­аралық Платон сыйлығының иегері, КСРО-ның екі мәрте өнертапқышы

Ұлы Қытай қорғаны – адамзат тарихындағы ең ауқымды архитектуралық құрылымның бірі. Көпшілік оны көшпелілер шабуылынан қорғану үшін салынған әскери нысан ретінде қарастырады. Алайда зерттеуші Сайлыбай Бекболатов бұл құрылымның тек тактикалық маңызымен шектелмей, терең рухани және ғылыми кодқа негізделгенін де алға тартады. Сайлыбай Бекболатов – 2014 жылы Кембриджде өткен халықаралық конгресте «Мәңгі тұрақты күнтізбе» жобасымен танылған, Еуропа ғылым академиясында вице-президент болып сайланған ғалым. 
Соңғы жылдары ол ғылыми бағытын жаңа арнаға бұрған – Құран аяттарындағы сандық кодтар мен атом құрылымының, тарихи архитектура мен тілдік жүйелердің арасындағы сәйкестікті зерттеу. Оның айтуынша, Құрандағы «Әліф, Лам, Мим» сынды «Хұрұф мұқаттағат» деп аталатын бөлшек әріптер мен араб әліпбиінің абжад сандық жүйе­сі арқылы Ұлы Қытай қорғанының құрылысы мен ұзындығына дейін математикалық дәлдікпен үндесетін нүктелер табылған. Ғалымның пайымынша, бұл – Құран мен табиғат, мәтін мен материялық әлем арасындағы терең, әмбебап кодтың бар екенін көрсететін ғылыми дәйек. Сайлыбай Бекболатовтың зерттеу еңбегі Құранды діни мәтін ретінде ғана емес, әлемнің құрылымын сипаттайтын жоғары деңгейдегі логикалық жүйе ретінде тануға жол ашады. 

 

– Сіз «Алпыс жыл ғибадат қылғаннан бір сағат ғылыммен айналысқан әлдеқайда артық» деген мағынадағы хадистің астарында терең мән бар екенін айтасыз. Алайда бүгінгі қоғамда дін мен ғылымның арасы алшақтап кеткендей. Осындай жағдайда ғылымды ғибадаттың жоғары сатысы деп қарастыруға қандай негіз бар? Бұл пікіріңізді қандай дәлелдермен түсіндіресіз?
– Құлшылық – жеке адамның рухани биігі болса, ғылым – адамзаттың өркендеуінің тірегі. Алла Тағала Құранда «Оқы!» деп бастап, адамға білім мен парасатты парыз еткен. Демек, ғылым – құлшылықтың жоғары бір сатысы. Ғылымсыз иман – әлсіз, ал имансыз ғылым – соқыр. Адамның бәрі бірдей ғалым бола алмайтыны рас. Кейде керемет мүмкіндіктерге ие бола тұра, кейбірінің жолы ашылмай жатады. Бұл жерде бірден ойға келетіні – тектілік. Ғылым да, өнер де, шеберлік те кейде қанмен беріледі. Генетика дегеніміз – көзге көрінбейтін, бірақ болмысты айқындайтын қуатты код. Ақынның баласы – ақындыққа, ұстаздың ұрпағы көбіне білімге бейім келеді. Бұл – табиғи заңдылық. Алайда дарын тұқыммен келсе де, еңбек пен бағыт болмаса, сол дарының өз жолын таппай сөніп кетуі мүмкін.
Біріншіден, Құранның алғашқы аятында «Оқы!» («Ғалақ» сүресі, 96: 1) деп үндеу берілген. Яғни ислам ілімінің бастауының өзі ғылымға негізделген. Екіншіден, «жаратылыстың барлығы – аспандағы құстар, құрлықтағы жәндіктер, тіпті судағы балықтар ілім үйретушіге (ғалымға) жарылқау тілейді (Тирмизи, 2985). Үшіншіден, ғылыммен шұғылдану да құлшылықтың бір түрі. Өйткені Жаратқанды тану – жаратылысты танудан басталады. Жаратылыстың кереметін көре білген адам ғана «Раббым, Сен бәрін хикметпен жаратқансың!» деп мойындайды. 
– Тарихи деректерде Ұлы Қытай қорғаны әскери мақсаттағы құрылыс ретінде сипатталады. Ал сіз бұл нысанның Құранға байланысы барын, құдайлық бағдармен салынғанын айтып отырсыз. Бұл тың тұжырымға қалай және қандай негізбен келдіңіз? 
– Бұл – ғылым мен Құранға сүйенген 25 жылдық зерттеуімнің нәтижесі. Иә, сырт көзге ол әскери нысан секілді көрінуі мүмкін. Бірақ бізге жеткен аңыз-деректер мен Құран аяттарының сандық мағынасы – абжад (арабша әріптердің цифрлық мәні) жүйесі арқылы есептегенде – Ұлы Қытай қорғанының тек тарихи мәнмен ғана емес, Құдайдың білдіруімен салынғанын көрсетеді. Зерттеу еңбегімде «абжад саны» деген ұғым бар. Бұл – Құранның әрбір әрпіне бекітілген тұрақты сан. Араб әліпбиінде 28 әріп бар және осы 28 әріптің әрқайсысына бір нақты сан бекітілген. Бұл сандар өзгермейді, әр әріпке тән нақты мәні бар. Абжад – араб әліпбиіндегі әр әріпке белгілі бір сан мағынасы жүктелетін, ертеден келе жатқан есеп-қисап жүйесі. 
Осы жүйе ислам философиясы мен ғылымында Құран мәтінінің ішкі құрылымын түсіндіру үшін кеңінен қолданылады. Мысалы: араб әрпі «ا» (әліф) = 1, «ب» (ба) = 2, «ج» (жим) = 3, «د» (дал) = 4 т.б. Абжад жүйесі арқылы кейбір аяттағы «мұқаттағат» – жеке әріптер (мысалы: Әліф, Лам, Мим) арнайы код ретінде түсіндіріледі. Зерттеушілер осы сандар арқылы Құран мәтінінің ішкі симметриясы, саны, ритмі, қайталану үлгілері туралы терең құрылымын тануға тырысады. Құран Алланың сөзі болғандықтан, ол еш уақытта өзгермейді. Құранды зерттеу үшін біз оның өзгермейтін мәтінімен жұмыс істеуіміз керек. Құран – тарихи, тілдік және мәтіндік тұрғыдан өзгермеген, ең көп көшіріліп, жатталып, сақталған кітап. Әр әріпке сан қойылған. Бұл дегеніміз әрбір Құран аятынан код алуға болатынын білдіріп тұр. 
– Жаратылыстың негізін «нұр», «энергия», «атом» ұғымдары арқылы түсіндіресіз және Құрандағы «Хұрұф мұқаттағат» пен абжад жүйесін ғылыми код ретінде қарастырасыз. Құран аяттарын цифрлық құрылым ретінде оқуға итермелеуге не түрткі болды?
– Құран аяттарын цифрлық құрылым ретінде түсінуге түрткі болған – Құранның 10-Юнус сүресінің 64-аятындағы мына сөздер болды: «Алланың сөздерінде өзгеріс жоқ. Міне, ірі қолжетушілік – осы» («Құран». Халифа Алтай түсініктемесі). «Оған қалай жетуге болады?» деген оймен Құранды әрі қарай оқысам, онда 23 – Мүминүн сүресінің 68-аятында былай делінген: «Олар сөзді (Құранды) зерттемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме?» Ал 20 – «Таһа» сүресінің 114-аятында: «Шынайы меңгеруші Алла әр нәрседен жоғары. (Мұхаммед Ғ.С.) Саған уахи толық жеткізілмей тұрып, Құранды оқуға асықпа да: «Раббым, білімімді арттыр!» – де» деп жазылған.
Сондықтан мен сөзді (Құранды) зерттеуді «Раббым, білімімді арттыр!» («Таһа» сүресі, 20: 114) деген аятқа сүйеніп бастадым. Құранды терең түсіну үшін оның басқа тілдегі аудармасын оқыдым. Сонда байқағаным – бұл аят орыс тілінде «увеличь», яғни «көбейт» (умножай) деп аударылыпты. Демек, «арттыр» деген сөздің терең мағынасы – жай ғана қосуды емес, «көбейту» дегенді білдіреді деген ойға келдім. Ал енді нені көбейту керек деген сұрақ туындағанда, Құрандағы 28 әріптің әрқайсысына тән, өзгермейтін тұрақты цифрлық мәндер бекітілгенін байқадым. Оны «абжад» сандары деп атайды екен. Міне, шешімі табылды деген осы емес пе? Құрандағы әріптердің орнына олардың сандық мәнін қойсаңыз, солардың көбейтіндісі арқылы сөздердің, сөйлемдердің, аяттардың мағынасы арнайы код сандары арқылы берілгені анық көрініп тұрады.
Құранның «Бақара» сүресінің басында келетін «Әліф, Лам, Мим» – ақыл иелері үшін түсінікті түрде, код тәрізді берілген. Бұл осы Кітапта еш күмәнның жоқ екенін білдіреді. Бірнеше сүренің басында кездесетін осындай жеке әріптер «Хұрұф мұқаттағат» – бөлшек әріптер деп аталады. Олардың нақты мағынасын Алла ғана біледі. «Міне, осы Кітапта күдік жоқ, ол тақуалар үшін тура жол көрсетуші» («Бақара» сүресі, 2: 1–2). 
Құранның орташа есебімен 6 236 аятында берілген код сандары адамның ұялы телефонындағы сандар сияқты бір-біріне ұқсамайтын, бірақ тұрақты жүйеге ие. Тиісінше, бұл Құран аяттарының құлшылық тілінде жазылған ерекше құрылым екенін көрсетеді. Жаратылыстың бастауы ядроның ішіндегі нұр шашып, бір-бірімен тепе-теңдікте тұрған бөлшектерден басталады. Осыған байланысты Құранда жаратылыстың кім үшін және не үшін жаратылғаны былай деп көрсетіледі: «Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» («Зәрият» сүресі, 51: 56). «Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты» («Бақара» сүресі, 2: 29). Сондықтан Алла Адам атамен құлшылық тілінде ғана сөйлескен. Бұл тілдің өзі атом ядросынан шыққан 2–3 нейтронға тікелей байланысты. Ал енді «2–3 нейтрон қайдан пайда болады?» деген сұраққа жауапты бүгінгі физика ғылымының зерттеуінен табуға болады. Бұл туралы ірі ғалымдардың бірі академик Пономарев өз еңбегінде («Под знаком кванта») былай деп жазады: «Қызығы, уран ядросы ешқашан дерлік екі тең бөлікке бөлінбейді. Әдетте, бөлшек массалары 3: 2 арақатынасында таралады. Бұл бөлшектердің құрамында жүзден астам әртүрлі радиоактивті изотоптар болады, олардың химиялық қасиеті мен жартылай ыдырау мерзімі де әртүрлі. Уран ядросы бөлінген кезде, бөлшектерден бөлек, қосымша 2 немесе 3 нейтрон ұшып шығады. Бұл нейтрон саны бөліну тәсіліне байланысты болады». Құранмен үндестігі: «Ұғымын Алла біледі. Бұл – Құранның аяттары. (Мұхаммед Ғ.С.) Саған Раббың тарапынан түсірілген хақиқат. Бірақ адамдардың көбі сенбейді» («Рағд» сүресі, 13: 1). Осы тұста біз 2–3 әріптен тұратын Құран тіліне тән «құлшылық тіліндегі» түбір сөздерге назар аударамыз. Мысалы: ал – бер, іш – же, кел – кет, тұр – жат, сен – мен, аш – жап, әке – ана, ән – нан, ар, ру, тек, аз – үз, із – кір т.с.с. Аңызға сүйенсек, ата-бабаларымыз мұндай қысқа әрі қуатты сөздерді – сөздің түп тамырын түбір сөздер деп атаған. Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа қанмен берілетін киелі тектілікті жалғастыратын тіл. Сол себепті олар бұл тілді – «ата тілі» деп атаған (ежелгі ұғымда – «отче наш»). Ал түбір сөзге қосымша әріптер қосылып, мағына кеңейгенде, ол «ана тіліне» айналады. Орыс тілінде мұндай сөздерде «приставка, суффикс, окончание» сияқты қосымшалар болады. Қазақ тілінде бұлар жұрнақ пен жалғау. Міне, осы арқылы сөз байып, ана тілінің толық құрылымы қалыптасады. Ана тілі бойға ана сүтімен бітеді. Өйткені ананың сүті – оның ішіп-жеген тағамының құрамына тікелей байланыс­ты. Мұны табиғаттан анық байқауға болады: жайылымнан келген сиыр шөп жеп келсе, сол шөптің иісі сүтінде сақталып тұрады. Яғни шөптің дәмі мен иісі сүтке өтеді. Сол сияқты, ананың бойына сіңген тіл, таным, рухани мазмұн сүт арқылы балаға дариды. Ана тілі – тек сөзден емес, тектен, тағамнан, тәлімнен тұратын терең құбылыс.
– Сіз араб әліпбиінің 28 әрпі, уран ядросындағы 28 нуклон және Ай фазасының 29 күндік циклі арасынан мәндік сәйкестік табасыз. 29-элементті (лам-әліф) генетикалық кодтағы 29 молекуламен немесе ауа массасымен байланыстырасыз. Осы ұқсастықтар кездейсоқ па, әлде мұны Құран мәтіні, физика мен биология арасындағы жүйе­лі байланыс деп қарайсыз ба? 
– Тіл – мәтіндік код, ол білім мен мәнге апаратын кілт. Әр тілдің әліпбиі – белгілі бір символдық жүйе. Араб әліпбиінде 28 әріп бар және олардың әрқайсысы белгілі бір сандық мәнге ие. Дәл сол сияқты, табиғаттағы нуклондар мен атомдар жүйесі де өзінше бір «физика тілі». Атомның ядросы мен электрондары – энергияның, яғни нұрдың физикалық бейнесі. Мысалы, уран ядросы әр секунд сайын орта есеппен жеті альфа ядроға бөлінеді. Альфа бөлшек дегеніміз – 2 нейтрон мен 2 протоннан тұратын құрылым. Протон дегеніміз – заряды бар, нұр шашатын бөлшек. Ал нейтронның заряды жоқ, сондықтан нұр шашпайды. «...Сосын, күнді көлеңкеге бір дәлел қылдық (Көлеңке; күннің барлығының дәлелі. Әр нәрсе өзінің терісімен анықталады)» («Фүрқан» сүресі, 25: 45). Бұл кезде бөлінетін нейтрондар саны 28 нуклонға тең. Мысалы, араб әліпбиіндегі 28 әріп – Айдың 28 күндік фазасыға сәйкес. Әр секунд сайын Айдың нұры Жер шарымен байланыста болады. Ал Күннен келетін нұр – Жерге сегіз минутта жетеді. Сондықтан Жердегі жаратылыстар тікелей Айдың қамқорлығында деуге болады. Құранда: «Күнді тек жарық ретінде ғана жараттым», ал «Нұрды Айға бердім» деген аяттар бар. «Әліф, Лам» деген екі әріптен құралған дыбыс – Айдың көзге мүлде көрінбейтін кезеңімен үндеседі. Оны қалай білеміз? Нөл дегеннің кодтық мәні – 372 492. Дәл осы сан Құранның «Мәриям» сүресінің 62-аятында келтірілген мына мағынаға сәйкес келеді: «...Және оларға жаннатта ертелі-кеш несібе бар».
– Адам ағзасының 29 органикалық молекуласын, араб әліпбиінің 28+1 таңбасын, Ай фазасының циклін, тіпті Құранның графикалық құрылымын – осының бәрін бір ортақ заңдылыққа байланыстырып отырсыз. Осы үйлесімділік – діни мәтіннің ғылыми дәлдігін дәлелдей ме, әлде бұл табиғат пен Тәңір сөзі арасындағы универсалды кодты ұғынудың жаңа тәсілі ме? Сіздіңше, бұл жүйені ғылым мен технология қандай деңгейде қабылдауға дайын?
– Мен көп жылғы ғылыми ізденіс­терім барысында бір тұжырымға келдім: жаратылыстың құрылымы да, Құранның мазмұны да бір ғана жүйеге – кодталған, үйлесімді заңдылыққа бағынады. Біз өмір сүріп отырған Жер шарын айналып жүрген Ай, Күн, жұлдыздар – бәрі де сфералық қозғалыста. Жаратылыстың тілдік моделі қарапайым атомнан бастап, алып галактикаларға дейін – барлығы тепе-теңдікпен сипат­талады. Қазіргі биохимия ғылымы бойынша, бар болғаны 29 органикалық молекула арқылы адам өмірін сипаттауға болады. Бұған аминқышқылдар, ДНҚ-ны құрайтын азотты негіздер, энергия көзі ретіндегі глюкоза мен майлар кіреді. Бұл – тіршіліктің ішкі «алфавиті», биологиялық кодтың негізі. Белгілі геолог Уоллес Пратт былай дейді: «Егер мен қарапайым халыққа Жердің пайда болуын түсіндіруім керек болса, Библияның бірінші тарауынан артық айтып бере алмас едім». Сонда, бұл мағлұмат ғалымға кімнен келген? Жаратқаннан ғана келуі мүмкін. Физика заңдарының жүйелілігін мойындаған Альберт Эйнштейн былай деген: «Ғылым – дінсіз соқыр, дін – ғылымсыз мүгедек». Яғни ғылым – бізге құбылыстың заңдылығын үйретеді, ал дін – сол заңның мәнін түсіндіреді. Екеуі бірге ақиқатты береді. Ұлы ойшыл Гете айтқандай: «Сандар әлемді басқармайды, бірақ олар әлемнің қалай басқарылатынын көрсетеді». Құрандағы абжад жүйесі – әр әріптің нақты сандық мәні бар екенін білдіреді. 
– Сіз айтып отырған «Құран – кодталған мәтін» деген ұғым көпшілікке жаңалық болып отырғаны айдан анық. Зерттеуіңізде әрбір аят, тіпті әр сөз белгілі бір сандық жүйеге, нақты математикалық құрылымға бағынады. Бұл жүйенің қазақ тілімен үндесуін түсіндіріп беріңізші. 
– Адам баласына берілген ең үлкен нығмет – тіл. Ал тілдің негізі – әріп пен сан. Қасиетті Құран Кәрім – Алла тарапынан түсірілген хақ кітап. Ол кітаптағы әрбір сөз – мәнге, әр әріп – санаға, ал әрбір сана санға негізделген. Яғни Құран – кодталған мәтін. Бұл кодтың кілті – абжад жүйесінде жатыр. Мысалы, 38-сүренің 88-аятында: «Әлбетте, оның хабарын бір заманнан кейін түсінесіңдер», – деп жазылған. Осы аяттың Абжад жүйесімен есептелген кодтық саны – 634 894 848. Бұл – Құрандағы таңғаларлық сандық құрылымдардың бір ғана мысалы. Ал «GUANT» сөзі, дәлірек айтсақ, «ҚУАНТ» сөзі – қазақ тіліндегі «қуаныш» ұғымымен түбірлес. Осы сөздің де кодтық саны – 634 894 848. Қызығы, бұл сан Құран аяттарының қазақша мағынасына есептелген кодпен дәл сәйкес келеді. Бұл сәйкестік кездейсоқ емес. Мәселе тек сөз мағынасында емес. Құранда жазылған аяттар мен олардың кодтық сандары қазақ тіліндегі балама мағыналарымен дәлме-дәл шығып отыр. Бұл – құлшылық тілі (қазақ тілі) Құранды толық жеткізе алатын рухани кодқа ие тіл екенінің бір дәлелі. Эйнштейн – «квантум» терминін алғаш қолданғандардың бірі. Ол нұрдың таралу құпиясын ашты. Ал Макс Планк энергияның үзіліссіз, толассыз ағын емес, су тамшыларындай – жеке-жеке бөлшектер түрінде берілетінін алғаш айтқан. Ол бұл энергия бөлшектерін «квант» деп атап, кейін Нобель сыйлығын алды.
Бұл жерден тіліміздің тек тектілігі ғана емес, оның ғылыми кодтарға сай келетін құрылымы көрініс табады. Абжад әдісімен есептелген тағы бір мысал: «К.В.А.Н.Т.» – осы бес әріптің абжадпен есептелген саны – 470 292 48. Дәл осы сан Құранның 39-сүресінің 3-аятындағы «Көңіл бөліңдер! Дін нағыз Аллаға тән...» деген мағынамен және 96-сүре, 8-аяттағы «Шын мәнінде, қайту – Раббың жақ» деген тұжырыммен мәндік сәйкестікте. Бұл – мән мен санның үндестігі. Құран аяттары сөзбен айтылып қана қоймай, санмен де дәл түсіндіріліп отыр. Сан – сөздің ішкі логикасы, санадағы сәуле. Сөз – жарық, сан – сәуле. «Толқын» деген ұғым – физикада энергия тасымалдайтын толқын. Сол сияқты Құрандағы әр сөз – мәнді тасымалдайтын рухани толқын. Қасиетті Құранның «Ұлы хабардың ақиқатын уақыт өте білерсіңдер» деген аятында терең шындық жатыр. Уақыт – ақиқаттың өлшемі.
– Сіз Құран аяттары мен физикалық үдерістердің арасында үндестік барын айтып отырсыз.
– Иә, ядро – материяның негізі. Ол өзінің энергиясының 99,9%-ын ішкі бөлшектерінде сақтап, айналасына сәуле түрінде таратады. Бұл сәуле – электрмагниттік толқын, яғни «нұр». Құранның 26-сүресінің 2-аятында былай делінген: «Бұл – айқын Құранның аяттары». Мұндағы «айқын» сөзі – аяттың толқындық қасиеті мен құрылымына тікелей байланысты. Зерттеу барысында бір ерекше сәйкестік анықталды: «Я.Д.Р.О.» және «Қ.Ұ.Р.А.Н.» сөздерін абжад әдісімен есептегенде, 612 220 032 саны шығады. Бұл – Құран мен жаратылыстың ең кішкентай бөлшегі – ядро арасындағы үндестіктің белгісі. Қ.Ұ.Р.А.Н. немесе «Әліф, Лам, Мим» секілді жеке әріптерден құралған сөздердің мағынасын түсіну үшін, 612 220 032 кодына назар аударуға болады. Бұл код – Алла тарапынан түскен аяттармен сандық жағынан дәл сәйкес келеді. Құранның адамзатқа не үшін түскені және бұл аяттардың атом ядросына байланысы келесі аяттардан көрініс табады: «Жоқ, қиямет күніне ант етемін!» (75-сүре 1-аят). «Шын мәнінде, қайту – Раббың жақ» («Ғалақ» сүресі, 96: 8). Бұл аяттардың да кодтық мәні – 612 220 032. Ал адам баласы Раббысына қайтқанда не күтіп тұр? Бұл сұраққа Құран тағы да нақты жауап береді: «Әр нәрсені жаратушы – Алла» («Рағд» сүресі, 13: 16); «Оның қасында Мәуа жәннаты бар» («Нәжм» сүресі, 53: 15). Тағы да код саны: 612 220 032. XIX ғасырда швейцариялық физик Иоганн Якоб Бальмер атом спектрлерін зерттей отырып, сандар арасынан алғаш рет жүйе тапты. Ол хаос сияқты көрінген сандардың ішінен бүтін сандар арқылы заңдылық шығарды. Бальмердің осы жаңалығы мені абжад жүйесіне қайта үңілуге себеп болды. Себебі Құрандағы әр әріптің орны бекітілген, ал әр әріп – бір мән, бір цифр, бір ұғым. Бұл – жаратылыстың тілі.
Физик Нильс Бор 1913 жылы атомның ішкі құрылымын ашты. Ол спектрлік сызықтарды зерттей отырып, энергия­ның ішкі жүйесін, тіпті атом ішіндегі «мәтінді» көрді. Алайда Нильс Бор бұл «мәтіннің» – құлшылық тіліндегі Құран аяттары екенін білмеді. 1989 жылы жарық көрген «Под знаком кванта» атты еңбегінде Л.И. Пономарев былай деп жазады: «Истинный смысл терминов квантовой физики становится понятным только при знании культуры и языка, в которых они возникли» («Кванттық физика терминдерінің шынайы мәні ол шыққан мәдениет пен тілді білмейінше толыққанды ашылмайды»). 
– Ұлы Қытай қорғаны туралы тек тарихи емес, құдайлық мақсатпен салынғанын алға тартасыз. Сол заманда оның императоры болған Цинь Шихуандидің ойына қорған салу идеясы қалай келді екен? Осы есептік сәйкестіктер мен аңыз арасындағы байланысты ғылыми түрде қалай негіздейсіз?
– Иә, менің басты тұжырымым – осы. Оны аңызды жақсылап түсініп алып абжад есебі арқылы код санын шығарып әрі қарай сондай код санымен мазмұны мен түсініктері сәйкес келетін Құранның аяттарынан табасыз. Ал енді аңызда жазылған мына бірінші бөлімінің код санын тексеріп көрейік.
Қытайды біріктіріп, оның импера­торы болған Цинь Шихуанди көшпелі­лердің шабуылына төтеп беретін алып қорған салуға бұйрық берген – 130394703625361832089877479424. Абжад есебі бойынша жүргізілген сандық талдау көрсетіп отырғандай, бұл деректің Құран аяттарымен сәйкестігі жай кездейсоқтық емес. Код сандарының нақты үйлесімі арқылы оның Раббысының білдіруімен Ұлы Қытай қорғанын салуға бұйрық алғаны айқындалып отыр. Сіз де осы код сандарын өзіңіз есептеп, олардың Құран аяттарымен сандық сәйкестігін тексере аласыз. Бұл – иләһи хабар мен тарихи оқиғаның математикалық дәлдікпен байланыс табуының нақты мысалы. Раббыңның оған білдіруімен (99: 5) Ол күні жер, уақиғасын түсіндіреді. (99: 4) Енді шығыстардың, батыс­тардың Раббына серт (71: 40) Қабырдан тұратын күні мені мұңайтпа! (26: 87) – 130394703625361832089877479424. 
Аңыздың екінші бөлімін осы тәсілмен анықтап көрейік. Аңыз бойынша, Қабырға салынардан бір күн бұрын Цинь Шихуанди өзінің қанатты тұлпарымен жүріп өткен. Қорған сол жолдың бойымен салынған – 112312625583563609280539000832.
Цинь Шихуанди туралы аңыздарда оның қанатты тұлпармен сапар шеккені және ерекше даналық иесі болғаны айтылады. Бұл деректер оны Құдаймен байланыста болған рухани билеуші ретінде тануға негіз береді. Құран аяттарындағы белгілі кодтық жүйелермен салыстырғанда, бұл сипаттамалар кейбір сүрелер мен аяттардағы терең ұғымдармен үйлесіп тұр. Цинь Шихуанди – патша ретінде ғана емес, үлкен ілім иесі, тақуа адам ретінде сипатталады. Демек, Құран аяттары тарихтағы шынайы тақуалар мен олардың құдайлық миссияларын меңзеп, мұндай сәйкестіктер арқылы терең сырларды ашып отыр. «Расында Алла, тақуалармен бірге екенін біліңдер» (9: 123). «Біртұтас барлығы алдымызға жиналады» (36: 32) «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» (51: 56) – 112312625583563609280539000832. 
Аңыздың үшінші бөлімі. Арғымақ шамамен он мың ли (шамамен бес шақырымнан сәл ұзын) ұшып отырған. Оның тұяғы тиген жерге қарауыл мұнаралары тұрғызылған. Қарауыл мұраларының арасындағы қашықтық екі жебе атылым жер – 386338985845069363538619994975110168576.
Осы бөлімде император болған Цинь Шихуанди Аллаға құлшылық ету жолын тек өз дәуірінде ғана емес, кейінгі ұрпақтарға да үлгі болсын деген ниетпен, адамдарға ескерту жасағаны байқалады. Бұл ниеті мен ескертуі Құран аяттарындағы айқын және нақты кодтар арқылы көрініс тапқан. Осы кодтар арқылы оның Құдаймен байланысы және тақуалығы Құранда бейнеленгендей көрінеді. «Ағарған таңға» (89: 1) – 2304. «Мені кейінгі нәсілдердің тілінде де шынайы үлгі қыла көр» (26: 84) – 483729408. «Адамдар үшін ескерту» (74: 36) – 1492992. «Бұлар ап- айқын Құранның аяттары» (12: 1) – 17496. «Күдіксіз Алла тез есе көруші» (3: 19) – 11851370496. «Қиямет; адамдардың жиналатын күні» (11: 103) 1119744 – 386338985845069363538619994975110168576. 
Аңыздың төртінші бөлімі.
Ал әрбір жиырма шақырым сайын үнемі сарбаздар қосыны күзететін үлкен горнизондық мұнаралар салынған. Қабырғалардың орташа биіктігі жеті-тоғыз метрге жетсе, қалыңдығы бес метр болады. Соның арқасында қабырға үстімен тұтас сарбаздар қосыны өте алатын-ды – 361672216814863273011729018520266951154802010303358061959446528.
Өздеріңіз көріп, оқып отырғандай, бұл бөлімде қорған құрылысының сипат­тамасы табиғат заңдылығына толық сай келетін өлшемдер мен есептерге негізделгені байқалады. Бұл құрылым кодтық дәлдікпен Құран аяттарында көрініс тауып, Раббының тарапынан оған уахи арқылы білдірілгенін айғақтайды. Осыны растайтын басты дәлел – «Әліф, Лам, Мим» секілді әріптік кодтардың есебі арқылы бұл сырдың ашылуы. Бұл кодтар арқылы қорғанның салынуы, оның құрылымы мен мақсаты белгілі бір иләһи жоспармен үйлескенін көрсетеді. Осылайша, Құран аяттары Цинь Шихуанди салған қорғанның жай ғана инженерлік жетістік емес, рухани мәні бар, алдын ала белгіленген қисынға құрылған нысан екенін меңзейді.
«Әліф, Лам, Мим» (2: 1). Бөлшек әріптер деп аталады (2: 2) – 13436928. «Раб­бысына қарайды» (75: 23). «Егер сезетін болсаңдар, олардың есебі Раббыма тән» (26: 113). Негізінен, Құран – бір билік сөз. (86: 13) – 127008 «Тауларды Қазық» (78: 7). «Адамдардың Раббысына» (114: 1). «Адамдардың иесіне» (114: 2). Қадір түні мың айдан хайырлы (97: 3) – 361672216814863273011729018520266951154802010303358061959446528. 
Аңыздың бесінші бөлімі.
Рас, негізінде, Қытайдың Мин әулеті бірігіп, үш ғасырға созылған ұзын құрылысы адамдардың бәріне бірдей айқын-анық қорған еді. Оны Аллаға жақын періштелер бақылайды. Зұлпықар (арабша Зулфиқар – жасын деген сөз), аты аңызға айналған қасиетті екі басты семсердің атауы – 348994607821443138214550891910281176628986468368384. 
Мұнда да код арқылы Қытайдың Мин әулетінің келесі кезеңде бірігіп, бірнеше жыл бойы қорған құрылысының жалғасатыны алдын ала білдірілгені көрініс табады. Бұл – әрбір істің белгілі бір мерзімі мен уақытының Кітапта (Лаух әл-Махфузда) жазулы екені туралы Құранның ескертуімен үндеседі. Код сандары мен мағыналық сәйкестік арқылы бұл оқиғалар Құран аяттарымен үйлесіп, тарихи шындықпен қабысқан түрде көрініс береді. Осы сәйкестіктер Құранның тек діни ғана емес, тарихи және иләһи жоспарды да қамтитынын айқындай түседі. «Күдіксіз ол қасымыздағы негізгі Кітапта өте жоғары, терең сырлы» (43: 4). «Әр нәрсенің мезгілі жазулы. (13: 38). Әрине, олар осыған қайта оралар» (43: 28). «Әрі бір тіл, екі ерін?» (90: 9). «Ақыл иелеріне тура жол әрі үгіт» (40: 54). «Бірақ адамдардың көбі сенбейді» (13: 1). «Сосын сөз жоқ. Олардың есебі Бізге тән»(88: 26) – 348994607821443138214550891910281176628986468368384.
Аңыздың алтыншы бөлімі.
Қазіргі кезде қорғанның сақталған бөлігінің ұзындығы екі мың бес жүз шақырым. Ал бұтақталудың қапталдық бөліктерін есептер болса, бүкіл нысанның ұзындығы алты мың шақырымға жетеді – 2385256898607458250487439848976330180788224. 
Қазір Ұлы Қытай қорғанының көптеген бөлігі табиғи апаттар мен уақыт әсерінен бүлінген. Көпшілікке белгілі, соңғы бір-екі жыл ішінде болған жер сілкінісі нәтижесінде қорғанның кейбір бөлігі қирап, бүлінгені туралы деректер бар. Қорғанды қалпына келтіру жұмысына барған құрылысшылар күтпеген рухани-тарихи дерекке тап болған: қорғанның астында Ислам дінін ұстанған Зулкәфіл пайғамбардың жерленгені, тіпті араб тілінде «Сабырлы пайғамбар еді» деген жазуының сақталғаны анықталған. Бұл оқиға Қияметтің болатыны анық екенін және оның алдын ала ескертілгенін меңзейді. Осы сияқты мәліметтер Құран аяттарында кездесетін кодтық жүйелер арқылы бірнеше рет астарлы түрде баяндалған. Бұл Құранның тек діни кітап қана емес, сонымен бірге тарихтың көлеңкесіндегі ақиқаттарды да ашып беретін иләһи хабар көзі екенін дәлелдей түседі.
Заманға серт (103: 1). Күн мен ай есеппен жүреді. (55: 5). Жер сілкіндіріліп қозғалған сәтте. (99: 1) Жер ішіндегі жүгін шығарған сәтте (Қазыналар, өліктер) (99: 2). Қараңғылық пен жарық тең емес (35: 20). Раббысына қарайды (75: 23). Киіміңді тазала! (74: 4). Шайтанның ізіне ермеңдер. (2: 208) – 2385256898607458250487439848976330180788224.
Осы аңызда айтылған сөздің барлық қорытынды саны 253 цифрдан тұратын мынадай сан мәні шықты: 
1703437064458383418734522201302557973751348837821604616538259266681298579513603746569331363205006365278388024552743050867114574805794955452230825787589965950253610565139490964901505795555244808834038187456622524239215131931120959809564935889140909604864 - 253 - 10 = 1.
Құран аяттарында берілген код сандары мен тарихи оқиғалар арасындағы сәйкестік таңғаларлық дәлдікпен орындалады. Сандар ешбір өзгеріске ұшырамай, тура Құрандағы орындарына сәйкес келіп отырады. Бұл – Алланың сөздері өзгермейтініне бірегей дәлел. Бүгінде біз ұялы телефонға орнатылған код пен жүйелердің тұрақты түрде тек белгілі бір сандарға бағынатынын жақсы білеміз. Сол сияқты Құрандағы әрбір сан мен әріп өз орны мен мәнін ешқашан жоғалтпайды. Бұл – Құранның иләһи сипатынан туындайтын өзгермейтін шындық екенін көрсетеді. Сонымен қатар Қытай қорғанының құрылысына байланысты кодтық сәйкестіктер, қияметтің болатыны жөнінде де ескерту береді. Онда қиямет күні аптаның жетінші күні болатыны жайында ишара бар. Бұл – жаратылған табиғат заңдылығына, уақыт өлшеміне және адамзаттың күнтізбелік санағына ерекше мән беру қажетін білдіреді. Құранда Күн мен Айдың есеппен жүретіні бірнеше жерде айтылады. Сол секілді, адам баласы да табиғаттың заңдылығына бағынатын жаратылыс иесі екенін ұмытпауға тиіс. Табиғат – Алланың мәңгілік құлшылықпен үндескен тірі кітабы, ал адам – сол заңмен өмір сүруге тиіс саналы жаратылыс. Демек, осы ескертулер – адамзатқа қияметке дайын болу, табиғатпен үйлесімде өмір сүру және иләһи заңдылықты ұмытпау туралы берілген маңызды рухани бағдар.
– Құран сүрелерінің басында кездесетін «Хұрұф мұқаттағат» (бөлшек әріптер) қандай лингвистикалық, тарихи немесе мәтінтанулық мағынаға ие болуы мүмкін және олардың Құран құрылымындағы рөлі қандай?
– «Хұрұф мұқаттағат» – Құранның ішкі коды. Бұл әріптер мен олардың реті, қайталануы, орналасуы – жаратылыстың құрылымымен, атоммен, уақытпен, тілмен және тарихпен үндесіп жатқан рухани-ғылыми код. «Әліф, Лам, Мим» («Бақара» сүресі, 2: 1). «Бірнеше сүренің басындағы осы тәрізді жеке әріптер: «Хұрұф мұқаттағат» бөлшек әріптер деп аталады. Ұғымын Алла біледі. Міне, осы кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші» (2: 2). «...Ұғымын Алла біледі. Міне, бұлар терең сырлы Құранның аяттары» (10: 1). «Ұғымын Алла біледі» (31: 1). «Міне, бұл – хикметті Кітаптың аяттары» (31: 2). «Ұғымын Алла біледі. Бұлар ап-айқын Құранның аяттары» (12: 1). «Ұғымын Алла біледі. Бұл – Құранның аяттары. (Мұхаммед Ғ.С.) саған Раббың тарапынан түсірілген хақиқат. Бірақ адамдардың көбі сенбейді» (13: 1). 
«Күдіксіз бұл Құран, әлбетте, әлемдердің Раббысының түсіргені» (26: 192). «Оны сенімді Рұх (Жәбірейіл) келтірді» (26: 193). «Ескертушілерден болуың үшін жүрегіңе қондырды» (26: 194). «Ап-ашық бір арап тілінде» (26: 195). «Рас, ол бұрынғылардың кітаптарында да бар еді» (26: 196). «Егер ол Құранды араптан басқа бір бөгдеге түсірсек те» (26: 198). «Ол мұны оларға оқыса да, олар оған және сенбес еді» (26: 199). 
«Оған оны өте күшті (Жәбірейіл Ғ.С.) үйретті» (53: 5). «Ардақты, игі (Періштелер; Лаухы Махфұздан көшірген. Б.Ж.Х.)» (80: 16). «Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп; елінің тілінде ғана жібердік. Арап тілінде түскен Құранның әр тілдегі аудармасы уәкілдік етеді» (14: 4). «Израил ұрпақтарының, ғалымдарының мұны білуі, олар үшін бір дәлел болмай ма?» (26: 197). «Расында, осы Құранда адам баласы үшін әр нәрсені ашық-ашық баян еттік. Адам баласы көп нәрселерде жанжалшыл» (18: 54). «(Мұса Ғ.С.); «Раббым! Көңілімді кеңейткейсің!» (20: 25). «Тілімнің тұтықпасын шеше көр» (20: 27). «Рауаят бойынша, Мұса еліне: «Перғауыннан құтылсақ, Алла тарапынан бір Кітап келтіремін», – дейді. Сондықтан құтылғаннан кейін Алланың әмірі бойынша, Тұр Тауында қырық күн ораза ұстағаннан кейін Алламен сөйлесіп, Тәурат түседі. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т. Ж-Қ. Мұса (Ғ.С.) белгілі уәдемізде келіп, Раббы оған сөйлегенде, Мұса (Ғ.С.): «Раббым, маған өзіңді көрсет, Сені көрейін», – деді. (Алла): «Мені, әсте көре алмайсың; бірақ тауға қара, сонда егер ол орнында тұра алса, сен де Мені көресің», – деді. Сонда Раббы тауға елестеген сәтте, оны быт-шыт қылды. Мұса (Ғ.С.) да талып түсті. Есі кіре сала: Сен пәксің, Саған тәубе еттім, әрі мен сенушілердің алғашқысымын» (7: 143). Мұсаға (Ғ.С.) (Тәурат) тақтайларында әр нәрсені үгіт түрінде ашалап жазған едік. Сонда, оны мықты ұста және еліңе әмір ет. Оның көркем нұсқауларын алсын. Саған бұзақылардың жұртын көрсетемін» (7: 145). «Жер жүзінде орынсыз түрде дандайсығандарды ұзақтастырамын. Егер олар барлық белгіні көрсе де, оған сенбейді. Сондай-ақ тура жолды көрсе; оны жол қып ұстамайды. Ал қисық жолды көрсе, оны жол қып алады. Бұл олардың аяттарымызды өтірік деп одан ғапыл болғандықтары» (7: 146). 
Аяттардың ішкі құрылымы мен атомның ішкі құрылымы – екеуі де бір негізге, бір жүйеге құрылған. Біз соны тани алсақ, Құранның тек рухани ғана емес, ғылыми тұрғыда да мәңгілік бағдар екенін ұғамыз. Ал бұл адам баласының ақиқатты іздеу жолындағы ең үлкен жаңалығы болуы мүмкін. 
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұқбаттасқан 
Бағдат СҰЛТАНҚЫЗЫ

1410 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №21

22 Мамыр, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы