• Ақпарат
  • 09 Қазан, 2025

Үздіктер марапатталды

Ақтау қаласында Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) қолдауымен ұйымдастырылған «Қорқыт ата» халықаралық кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.

«Үздік көркем фильм» номи­нациясын Қырғызстанның «Қара. Қызыл. Сары» көркем фильмі жеңіп алды. «Үздік режиссер» атағы отандық «Жоқтау» фильмін түсірген Аруан Анартай иемденді. «Деректі фильм» аталымында қазақстандық «Пряники» туындысы топ жарды. Екі фильм де Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген. «Үздік сценарий» әзербайжандық «May be» фильмін жазған Талех Юзбековке бұйырды. «Үздік актриса» номинациясына «Shamskamar» кино­сында ойнаған өзбекстандық Юлдуз Раджабова мен «Beyond the Rails» киносындағы түркиялық актриса Минэ Доган лайық деп танылды. «Үздік актер» ретінде «Oil» фильмімен әзербайжандық Парвиз Мамедрзаев жеңіске жетті.
ТҮРКСОЙ-дың «Түркі мәдениетіне қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығы Самал Еслямоваға табыс етілді. 


Еркін ҚАЛДАН

362 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №46

13 Қараша, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы