• Ақпарат
  • 30 Қазан, 2025

Оқушының ойлау қабілетін дамытатын құрал

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойын­ды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Ал қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейін­гі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуге тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.

Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау. Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Дидактикалық ойындар – балалардың білімін арттырудың құралы. Сабақта ойынды қолданудың түрлі жолы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетке жол табады.
Ойын сабақтың басында өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында көңіл күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында  тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныбында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрі бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшелігіне және өтілетін сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуға тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында түрлі ойынды ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді.
 Ойын – баланың дүниетанымының бастауы, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудың ең тиімді жолы. Ол – ермек қана емес, сонымен қатар оқу үдерісіндегі маңызды дидактикалық құрал. Бастауыш сынып оқушылары сабақ барысында ойын арқылы жаңа ұғымды жеңіл қабылдап, күрделі ережелерді тәжірибе жүзінде меңгереді. Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындар – оқушылардың қызығушылығын арттырудың және белсенділігін дамытудың тиімді әдісі. Мысалы, «Синонимін табайық», «Кім тез?», «Полиглот» сияқты ойын түрлері оқушының ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорын байытады. Интерактивті тақтаны қолдану арқылы бұл ойындарды заманауи, көрнекі және қызықты етуге болады. Ойын – оқу мен өмірдің арасындағы көпір. Ол баланың бойында байқампаздықты, тапқырлықты, өз ойын еркін жеткізу мен ұжымда әрекет ету қабілеттерін қалыптастырады. Сол себепті ойын элементтерін жүйелі түрде пайдалану – мұғалімнің шеберлігінің көрсеткіші. Бастауышта қолданылған әрбір ойын баланың болашақ тұлғалық дамуының іргетасын қалайды.
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынасын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.
Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әртүрлі жағдайға байланысты. Қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, сауатты жазуға үйрету, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тілін құрметттеуге, Отанды сүюге баулу. Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстың жиынтығынан құралады. Олар:
Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімін практикада қолдануға үйретеді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамыз. Біріншісі – сабаққа қызығушылығын арттыру, тілін дамыту. 
Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Сондықтан  қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Қорыта айтқанда, ойын – баланың негізгі іс-әрекетінің бір түрі әрі оқытудың пәрменді құралы. Сабақтағы ойын сәттері оқушының көңіл күйін көтеріп, білімге ынтасын арттырады. Демек, ойын – оқу үдерісі ажырамас бөлігі, ал оны тиімді қолдану – әр ұстаздың кәсіби парызы.

Гауһар ӘЛІҚОЖА,
№137 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі
ШЫМКЕНТ

345 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №46

13 Қараша, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы