- Ақпарат
- 13 Қараша, 2025
Шоқантануға қосқан үлес
Белгілі жазушы, журналист, зерттеуші Жарылқап Бейсенбайұлы – көп жылдар бойы қазақтың ұлы ғалымы Шоқан өмірін зерделеп, оның 1856 жылы жасаған Ыстықкөл сапарының ізін қайталап жүріп өткен, атақты жиһангез-шығыстанушы еңбек етіп, ғұмыр кешкен мекендерде арнайы болып, сол ізденістер нәтижесінде жарық көрген «Шоқан ізімен» (1977), «Жасын-тағдыр жарқылы» (1987), «Шоқан» (2009) атты ғұмырнамалық кітаптардың авторы.
Соңғы көлемді шығарма Ресейдегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен орыс тіліне аударылып, «Чокан Валиханов» атты ол кітаптың арнайы таныстырылымы 2015 жылдың соңында Мәскеудегі Орыс географиялық қоғамының штаб-пәтерінде өтті.
Жарылқап Бейсенбайұлының кейінгі жылдар жүзінде жарияланып жатқан жаңа тарихи, мұрағаттық құжаттармен, анықтамалық мағлұматтармен байытылып, қазақ ғылымындағы қол жетпес шырқау шыңдардың бірі, ерек туған феномен – Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай қайтадан өңделіп, толықтырылған бұл ғұмырнамалық роман-эссе кітабында, қазақтың заңғар ғалымының өмірі мен оның заманына қатысты бұрын беймәлім боп келген көптеген тұстарға жаңаша барлау жасалынды, тиянақты байыптаулар түйінделеді.
Бағдат СҰЛТАНҚЫЗЫ
335 рет
көрсетілді0
пікір