• Ақпарат
  • 13 Қараша, 2025

Аида Жантөреқызы,  А.Құсайынов атындағы Еуразия  гуманитарлық институтының  оқытушысы:  ЖИ арқылы тілді дамыту ­керек

Өзімнің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенттеріне арнайы пәндерден, соның ішінде «мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту» арқылы ЖИ көмегімен ана тілімізде жаңа аудио оқулықтар, жаңа мульт топтамалар, одан қалса аудио энциклопедия дайындап балабақшаларға сынақтан өткізуге ұсынып жатырмыз. Яғни мемлекеттік тіл арқылы балаға патриоттық тәрбие, ұлттық көзқарас, тілге деген кіршіксіз тазалық, бастысы, ана тілінің айбынды ұланы болуға насихаттайды. 
Тіл генерациясы – компьютердің өздігінен мәтін, әңгіме немесе өлең жазуы заман талабы. Жаңа заманға жаңаша көзқарас, жаңа ой тудырады. Бұл жерде бастысы, ана тіліміздегі сөздік қорын көбейту, күнделікті есту, көру арқылы бала бойына таза, көркем, бай тіліміз сіңіп отырады. Осылайша, руханияты мол, ана тіліне қанып өскен өскелең ұрпақ үшін тіл қалыптастырудың тағы бір мүмкіндігі екені анық.  
ЖИ негізіндегі ойын да балалардың тілін дамытуға, санау мен әріптерді үйренуге көмектеседі. Мысалы, баланың деңгейіне қарай тапсырмаларды автоматты түрде бейімдейтін оқу бағдарламалары бар. Кейбір қосымшалар баланың сөйлеу мәнерін тыңдап, дыбыстарды дұрыс айтуына көмектеседі. Бұл логопедиялық жұмысқа жақсы көмекші құрал. 
ЖИ педагогтің  жұмысын жеңілдетіп, әр баланың оқу жетістігін бақылауға, жеке даму картасын жасауға мүмкіндік береді. ЖИ негізінде бейнебақылау жүйелері балалардың ­қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Жасанды интеллектіні тиімді қолдану – ана тіліміздің болашағын нығайту, оны балаларға заманауи әрі қызықты тәсілмен үйретудің бір жолы.
ЖИ бағдарламалары баланың жас ерекшелігіне сай сөздерді, сөйлем құрылымын үйретеді. Бұл сөйлеу ­мәдениеті мен тіл байлығын арттыруға ықпал етеді. Дауысты танитын және дыбысты түзететін жүйелер арқылы бала сөйлеу дағдысын жетілдіріп, ана тілінің фонетикалық ерекшелігін дұрыс меңгереді. ЖИ негізіндегі чат-боттар мен тіл үйрету қосымшалары арқылы балалар диалог құру, сұрақ қою және жауап беру қабілеттерін жетілдіреді. ЖИ баланың тілдік даму деңгейін бақылай алады. Бұл тәрбиеші мен ата-аналарға балаға қай кезде көмек қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді. 

 

352 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

04 Желтоқсан, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы