- Ақпарат
- 27 Қараша, 2025
Тіл мен әдебиет – ұлт болмысының тірегі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде сабақты қызықты өткізу – оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырудың ең тиімді жолы. Бұл орайда сабақты жандандыруға болатын нақты, тәжірибеде қолдануға болатын әдіс-тәсілдерді пайдалануға тырысамын. Мәселен, ойын элементтерін қолдану, қазіргі заманауи цифрлық құралдарды пайдалану. Ал мұны тиімді етіп сабақта қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Оқушылардың өз ойын жеткізумен шектеліп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету, өз жұмысына, топтағы немесе жұптасқан оқушының жұмысына, жауабына сыни тұрғыдан ойлап талдау жасай алу, ойын қорытындылай білу және интерактивті жұмыс жүргізгені тиімді. Жаңартылған білім берудің маңызы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сыни тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс істей білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдануы керек.
Қазақтың ағартушы ақыны, ғалым, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп айтып кеткендей, тіл – халықтың жаны, ұлтымыздың құжаты. Тіл құрыса, халық та жойылады.
Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын толық жеткізе алатын, терең жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу.
ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау – педагогика тәжірибесінің көкейтесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің басты мақсаты – оқушыларды қазақша сауатты сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге, тыңдаған мен оқығанды түсіне білуге үйрету. ХХІ ғасырдың еркін ойлы ұрпағын тәрбиелеу – қазіргі педагогика тәжірибесінің өзекті міндеті. Ал тіл мен әдебиетті сүю – ұлтты қадірлеу екені сөзсіз.
Динара БАЛТАБАЙҚЫЗЫ,
Жоғары қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық
колледжі кітапхана бөлімінің басшысы
295 рет
көрсетілді0
пікір