- Ақпарат
- 03 Желтоқсан, 2025
UNICEF Youth Forum 2025: Жастар елдің әлеуметтік картасын қайта жазып жатыр
Алматыда өткен UNICEF Youth Forum 2025 биылғы жастар кеңістігіндегі ең ірі оқиғалардың біріне айналды. Форумға 200-ден аса жас көшбасшы, сарапшы, мемлекеттік құрылым өкілдері мен бизнес серіктестері қатысты. Бұл жолғы жиынның ерекшелігі – тек талқылау емес, жастар ұсынған нақты шешімдер таныстырылды. Оның кейбірі бүкіл елге таралуға әлеуеті бар әлеуметтік бастамалар ретінде бағаланды.
Форум барысында ЮНИСЕФ пен Documentologкомпаниясы арасында стратегиялық цифрлықмеморандумға қол қойылды. Компания волонтерлікинфрақұрылымды жаңа деңгейге көтеретін жаңаплатформаны pro bono негізінде әзірлейтінінмәлімдеді. Ұйымдастырушылар серіктестіктіжастар бастамаларына жүйелі қолдау көрсетудіңұзақмерзімді моделі ретінде бағалады.
Алғашқы сәт – әлеуметтік идеялар көрмесі болды. Мұнда жасөспірімдерден құралған 13 команда өзжобасын ұсынды. Солардың арасынан 6 жоба short-list-ке өтті. Финалда олар қысқа питчингформатында таныстырылып, әділқазы үш үздікжобаны таңдады. Финалға шыққан жобаларэкология, қаржы сауаттылығы, инклюзия, цифрлыққауіпсіздік пен урбанистика тақырыптарынқамтыды.
Финалистердің бірі – «Eco Qaharman». Жобабалалардың экологиялық сауатын ойын арқылыарттыруға бағытталған. Команда келтірген дерекбойынша, балалар «жаһандық жылыну», «көміртекізі» сияқты терминдерді біледі, бірақ өз әрекетініңтабиғатқа әсерін түсінбейді. Осы олқылықтыңорнын толтыру үшін әзірлеушілер 10+ жастағыбалаларға арналған үстелде ойнайтын ойын жасады– онда салют ату, қоқыс сұрыптау, артық жарықжағу секілді күнделікті әрекеттер смарт-карточкалар арқылы модельденген. Ойын баланыңәр қадамы экожүйеге қалай әсер ететінін көрсетеді. Тәсіл абстракт ұғымды өмірмен байланысты етеді. Жоба дизайны, нұсқаулығы және әдістемесі толықдайын. Карта бетінде өңірлік масштабқа бейімдеумүмкіндігі де көрсетілген – дизайнерлер, әдіскерлер және волонтерлармен кеңейтубағыттары анық жазылған. Бұл – Қазақстандаэкологияны түсіндіретін ең қолжетімдіқұралдардың бірі.
Екінші ұсынылған бастама – «Finedu». Команда келтірген деректерге сүйенсек, Қазақстанмектептеріндегі 85% оқушы бюджет, депозит, несие, инвестиция ұғымдарын түсінбейді. Ал мемлекеттік мектептерде қаржы сауаттылығына арналған пән жоқ. Қала мен ауыл арасындағы«access gap» – жасөспірімдердің мүмкіндігіншектеп отырған теңсіздік. Finedu осы мәселенішешу үшін тегін офлайн-клубтар моделін әзірледі: мектептермен ресми серіктестік орнату, ұзақмерзімді сабақтар, геймификация жәнепрактикалық тапсырмалар, онлайн кітапхана мен оқу материалдары. Жоба алғашқы жылы 10 облысты қамтып, 1000-нан аса оқушыны оқытудыжоспарлап отыр. Бұл – шағын тренинг емес, тұрақты білім беру жүйесіне жақын модель. Сондықтан ол аймақтық теңсіздікті қысқартуғабағытталған нақты шешім ретінде бағаланды.
Форумда инклюзивті білім саласына арналған«QazDysFont» жобасы да ерекше аталды. Бұл – қазақ тіліндегі дислексиясы бар адамға арнайыәзірленген алғашқы шрифт. ПрезентациядаҚазақстанда 3,8 млн адам дислексия белгілерінсезінетіні көрсетілген. Бұған дейін қазақ тіліндеоқу қиындығын азайтатын арнайы типографикалықшешім болмаған. Команда олқылықтың орнынтолтырып, әріптердің құрылымын дислексиясы бар оқушыға визуалды түрде жеңіл қабылданатындайетіп жасады. Жоба инклюзияны цифрлықкеңістікте дамытуға арналған маңызды қадамретінде аталды.
Цифрлық қауіпсіздік мәселесін көтерген «DigitalShield» жобасы да көпшілік назарын аударды. Команда келтірген ресми дерекке сәйкес, балалардың 46%-ы интернетті 5–8 жасында, тағы30%-ы 9–12 жасында пайдалана бастайды. Яғнибалалар әріп жаза алмай тұрып цифрлық кеңістіккетүседі, ал фишинг, жалған сайттар, «сыйлық-взор» стиліндегі алаяқтық – нақты қауіп. Осы жағдайғажауап ретінде команда визуалды комикс форматындағы қауіпсіздік нұсқаулығын әзірледі. Комиксте «Аян», «Лия» және «Байт» есімдікейіпкерлер үш негізгі ережені түсіндіреді: белгісізсілтемеге кірмеу, жеке ақпарат бермеу, шынайылықпен жалған ұсынысты ажырату. Бұл тәсіл – балаларға ең түсінікті әрі есте сақталатын жол.
Бесінші жоба – «SaqRoute». Команда урбанистикалық қауіпсіздік мәселесін көтеріп, түнгі уақытта не адам аз жүретін көшелердегітәуекел деңгейін модельдеу жүйесін ұсынды. Олардың шешімі екі бөліктен тұрады: қауіптіаймақтарды автоматты анықтау (жарықтандыру, камера жұмысы, статистика, шағымдар); нақтықауіп кезінде көмек шақыру (SOS батырмасы, жазбаға түсіру, бұлтқа автоматты жүктеу, қауіпсізбағытты көрсету). Ұраны да мәнді: «Бір инцидент. Бір маршрут. Бір шешім». Бұл – қала қауіпсіздігінтехнология арқылы шешудің жаңа бағыты.
Форум қорытындысында үш жоба жеңімпаз дептанылды: Eco Qaharman, Finedu және Digital Shield. Үшеуі де менторлық қолдау алып, ұлттық деңгейгекеңейту мүмкіндігіне ие болады. SaqRoute пен QazDysFont та үздік алтылыққа еніп, технологиялық және инклюзивтікжаңашылдығымен ерекшеленді.
Жалпы алғанда, UNICEF Youth Forum 2025 жастардың тек мәселені көрсетіп қана қоймай, нақты шешім әзірлей алатынын дәлелдеді. Бастамалар – экология, білім теңсіздігі, инклюзия, цифрлық қауіпсіздік пен урбанистикалық даму сияқты күрделі салаларға жасалған ұтымды жауап. ЮНИСЕФ өкілдерінің сөзінше, Қазақстан өңірлікжастар хабына айналып келеді – ал бұл форум солөзгерістің жаңа кезеңін көрсетеді.
Бағдат СҰЛТАНҚЫЗЫ
135 рет
көрсетілді0
пікір