- Ақпарат
- 04 Желтоқсан, 2025
«Ana tili»-нің Азаматы жүлде алды
«Ana tili» газетінің фототілшісі Азамат Құсайынов «Ауыл» партиясы ұйымдастырған республикалық «Ауыл нақыштары» фотобайқауында топ жарып, «Фоторепортаж» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Байқау Қазақстан халқының дәстүрін сақтау мен насихаттауға, сондай-ақ фотожурналистика, мәдени алмасу және ауыл өмірінің оң имиджін қалыптастыруға маңызды үлес қосқан мәдени жоба болды.
«Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаевтың айтуынша: «Ауыл нақыштары» байқауы тек қана Қазақстанда тұратын халықтың дәстүрін сақтау мен насихаттау үшін маңызды шара ғана емес, сонымен қатар фотосурет өнерін ілгерілету үшін қуатты құрал. Жыл сайын байқауға қатысушылар саны артып, бізге ауыл өмірінің сұлулығы мен ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл біздің еліміздің табиғатын, мәдениетін ғана емес, ауылдың тереңінен еңбек етіп жүрген адамдардың лайық жұмыстарын да әлемге көрсетуіміздің мүмкіндігі».
Биылғы байқауға Қазақстанның 20 өңірінен 678 қатысушы қатысқан. Жалпы 3 366 фотосурет ұсынылып, оның ішінде туған өлкенің көпқырлы және жарқын өмірі, табиғаты, жергілікті тұрғыны мен мәдениеті көрсетілген.
Байқау жеңімпаздарының қатарында «Қазақ газеттері» сайтының фототілшісі Досжан Балабекұлы да бар. Ол «Ауыл пейзажы» номинациясы бойынша І орын алды.
Әріптестеріміздің жүлдесі құтты болсын!
225 рет
көрсетілді0
пікір