• Ақпарат
  • 08 Қаңтар, 2026

«Qaitadan» фильмі қаржы тапты

2025 жылы мемлекеттік қолдау негізінде түсірілген «Qaitadan» фильмі қазақстандық киноиндустриядағы ең табысты картиналардың қатарына енді. Фильм прокаттан 1 миллиард теңгеден аса табыс жинады. Туынды мемлекет жұмсаған қаражатты толық қайтарып қана қоймай, оны бес есе арттырды. Бұл жетістік мемлекеттік қолдаудың нәтижелі болғанын айқындап, көрерменнің отандық киноға деген сенімін нығайта түсті. 


Мәдениет және ақпарат министрлігі «Кинематография туралы» заңға өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу жұмыстарын жүргізіп отыр. Бұл түзетулер фильмдерді прокатқа дейінгі сараптау рәсімін жетілдіруге және ұлттық фильмдердің сапасын арттыруға бағытталған.
Тағы бір айтулы жетістік – «Қазақфильм» киностудиясына мемлекеттік қолдаудың қайта жандануы. Студия қазақ киносының Алтын қорын қалпына келтіру шараларын жалғастыру үстінде. Сонымен қатар студия ғимараттарын жаңарту жұмыстары басталды. Соңғы 15 жылда алғаш рет жөндеу жұмыстары жекеменшік сектордың қатысуымен жүзеге асты. Жоба толықтай жеке қаражат есебінен жүргізілді.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жариялаған конкурс нәтижесінде 16 жаңа жоба жеңімпаз атанды. Олардың қатарында тарихи және патриоттық тақырыптарға арналған фильмдер бар.
2025 жылы прокатқа 10 отандық фильм шықты. Олардың қатарында «90+1», «Тарлан», «Игроманка», «Капитан Байтасов», «Qaitadan», «Алтын адам» анимациялық фильмі және басқа да туындылар бар. «Qaitadan» фильмінің режиссері Думан Еркімбек мемлекеттік қолдаудың маңызын атап өтті.
«Qaitadan» фильмі Ақтауда өткен «Қорқыт ата» фестивалін ашты. Сонымен қатар Римде өткен Қазақстан киносы апталығының бірінші күні көрсетілді. Бұдан бөлек, мен жас режиссерлер мен продюсерлерге арналған Шанхай ынтымақтастық ұйымы бағдарламасы аясында Қытайда тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болдым. Жас буынға көрсетілетін мемлекеттік қолдау жаңа мақсаттарға жол ашып, қазақстандық киноның жаңа деңгейде дамуына мүмкіндік береді», – деді ол.
Отандық «Бауырына салу», «Шатырдағы екеу», «Пряники для ее отца, моего прадеда, ее деда», «Победителей видно на старте» және басқа да фильмдер АҚШ, Ресей, Франция, Италия, Қытай және өзге елдерде өткен халықаралық кинофестивальдерге ұсынылып, 30-дан аса беделді марапатқа ие болды.
Актер Бақыт Қажыбаевтың жетістігін де ерекше атап өткен жөн. Ол ШЫҰ елдерінің кинофестивалінде «Үздік актер» номинациясын иеленді. Фестиваль Қытайдың Чунцин қаласында өтті, онда актер «Набат операциясы» фильміндегі рөлі үшін марапатталды.
Тамыз айында Қазақстан Циндао қаласында өткен ШЫҰ елдерінің кино апталығына қатысты. Бағдарламаға ­«Обучение Адемоки» және «Ағайындылар» ­фильмдері енді.
Қазақстан киносының күндері 15-тен аса елде өтті. Атап айтсақ, Грекия, Қырғызстан, Албания, Франция, Норвегия, Италия, Чехия, Жапония, Түркия, Сингапур, Әзербайжан, Ресей, Бельгия, Өзбекстан және басқа да мемлекеттерде отандық кино көрсетілді.

Еркін ҚАЛДАН

163 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №3

22 Қаңтар, 2026

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы