• Ақпарат
  • 08 Қаңтар, 2026

Теміршыңның хан болуы

Бұл көш жай көш емес, андалардың ажырасыу көші болып шығады. Бұған дейін Жамұқаның бійлігінде болып келген жалайырлардың біразы енді Теміршыңға келіп қосыла бастайды. Деректер кімдер келіп қосылғанын атап-атап жазады. Мәселен, «Сокровенное сказание монголов» шығармасы: «Пришли три брата из пелемени Жалаир», –деп, Хачыйгун, Харахай және Харалдай – ток – ұрұндардың қосылғанын жазады (Москва, 2012, 54 – бет). «Токұрұн» дегені Тоқырауын болса керек.

Сондай-ақ Тарғұй Хадан тайпасынан, Барыулас (Барлас) тайпасынан, Манғұт, жалайырдың бір тармағы ұранхай ұрыуынан Желменің тұуған інісі Сүбетей келіп қосылады. Және ол халханың ішінен келмейді, Шұбардан, Аралтөбеден келеді; халха – қалмақтан емес, Жамұқа жалайырдан бөлініп келеді. Қысқасы, Жамұқадан іргесін аулақ салған жалайырлар Теміршыңның қосынына келіп қосылады. Әбден көбейген жалайырлар: «Енді сен бізге қаған бол!» –дейді Теміршыңға.
Осы арада бір секүнт ойланғанның артығы жоқ деп ойлаймын. Ол заманда қандай қазақ бөтен ұрыу-тайпаның адамына: «Бізге сен хан бол!», –деп қолқа салыуы мүмкін? Сондай жағдай тарыйхымызда бар ма? Тіпті, қоңыратқа, найманға, керейге, тағы басқа қазақ тайпаларының бір адамына қолқа салса да, халха-моңғолға қолқа сала қоймайтын шығар-ау? Бұрмалаудың бұрауы келіспей-ақ тұр емес пе? 
Сонымен сол жылы жалайырлар Теміршыңды хан сайлап, оған «Шыңғыс хан деген ат береді. («Моңғолдың құпыйа шежіресі», Өлгійй, 1979, 52 – бет).
Бұл жағдай «Сокровенное сказание монголовта» «Рассказы о возведении Тэмужина на ханский престол» деген тарауда байандалады. «Всю ночь они провели в пути, а утром, когда рассвело, увидели многих пришедших к ним людей других племен.Следуя за Тэмужином всю ночь, пришли три брата из племени Жалаир – Хачигун, тохурун, Харахай тохурун и Харалдай тохурун – поданными своими, –деп басталады да, келген ұрыулардың бәрі аталады. Содан соң Жамұқаның тұуысы Барин ұруынан Хорчи ұсұн деген кісі өзінің түс көргенін, түсінде Теміршыңның ел бійлеуші болғатынын айтып, «Егер сен хан болсаң, маған не сый көрсетесің?», –дейді. Оған Шыңғыс хан: «Онда мен сені түменбасы қойам», –деп уәде береді. Оған Хорчи: «Соған қоса маған отыз қатын бер!» –дейді. Тэмұжін келіседі.
Содан Теміршыңның көшіп барған жерін «Шыңғыс қағанның құузауыры» өте дәл етіп, қәзіргі орнына сай: «Бұрхан Халдұнның күнгей бетінен ағатын Сангұр бұлағының Хар Зұрх жеріндегі Хох нор деген жерді мекендеген», –деп, өз көзімен көріп-білген адамдай жазады (40 – бет). Жасыл көл қәзір де Бұрхан тауының күнгей бетінде, Сеңгір бұлақтың жоғарғы жағында.
«Сокровенное сказаниенің» жазыуынша, дәл осы жерде отырғанда, Алтен, Хучар және Сача бек деген үшеуі өзара келісіп алып: «Сені біз хан тағына отырғызамыз!», –деп ұзақ өлеңдетеді. «И молвив клятвенные эти речи, нарекли они Тэмужина Чингизханом и поставили ханом над совой», –деп жазады «Секретные сказание» (Москва, 2021, 62,63 – бет). Шыңғыс ханның жалайырға осылай хан сайланыуы Сеңгір бұлақтың өр жағындағы Көк-нор деген жерде өткенін бүкіл дерек жазады. Оның «шың» және «құз», йағный шыңдай бійік, құздай терең деген атқа ійе болыуы да осы арада. Қазақ тілінің ұлттық ерекшелігі болып табылатын үндестік заңына сәйкес, ол сөз «Шыңқұздан» «Шыңғыс» аталып кеткен. Ұйаң «ң» дыбысының әсерінен одан кейінгі «қ» дыбысы да ұйаңданып «ғ» боп айтылады. Мұны, фонетійканың заңы бойынша, «кейінді ықпал» дейді, сонда бұл сөз «Шыңғұз» болыуы да, «з» дыбысынң ықпалымен «ұ» «ы» – ға, «ы» дыбысының ықпалымен «з» «с» – ға өзгеріп, нәтійжесінде тұтас сөз «Шыңғыс» болып дыбасталып кеткен. 
«Көк нор» мен «Жасыл көл» сөздері қазақ тілінде бірмән сөздерге жатады, йағнй дыбысталыуы өзгеше болғанмен, мағынасы бір сөздер. Ал қазақ ұзын-ұзын сүңгі құзы мен шыңы көл тауды «Сеңгір тау» дейді.
Алматы обылысы Жамбыл ауданында Ақсеңгір деген жер әлі бар. «Сеңгір-сеңгір таулардан секіріп өтіп келеді» деп Тайбұрылдың шабысын бейнелейміз ғой. Сеңгір таудың түбі мен іргесінен ағып жатқан бұлақ та, сөз жоқ, Сеңгірбұлақ аталады. Қысқасы, сөз де, жер де қазақтікі екеніне бұл да дәлел.
Теміршыңның осылай алғаш хан болғаны негізгі деректердің бәрінде жазылған. Бірақ ғалымдар оның 1206 – жылы бүкіл татар-мұңғұлдармен қатар керей, найман, меркіт тайпаларын бағындырған соң, үлкен хан – қаған – болғанын айтады да, Теміршыңның оған дейін жалайырларға хан болғанын мүлдем ауызға алмайды. Біз соған сендік. Себебі біз бертінге дейін «Моңғолдың құпыйа шежіресін» де, «Сокровенное сказание монголовты» да, «Шыңғыс қағанның құузауырын» да оқый алмадық. Тіпті ондай кітәптар бар екенін де білмедік. «Шыңғыс хан деген байағыда бір жауыз болыпты», –дедік те жүре бердік.
1776 – жылы жазылған Қазыбек бектің «Түп-тұқыйаннан өзіме шейінін» оқый алмадық. Оның ұрпағы Ораз Жандосов «халық жауы» болып атылып кеткен соң, ол кітәпті оқысақ, сен де атылып кететін едің. Теміршыңның қазақ екенін шежірелеген Шәкәрім қажы Қарасартовтың қолынан қаза тапты. Сәкен Сейфүллін, Мағжан Жұмабаевтар да Шыңғыстың қазақ екенін білетін еді, жазып еді, бірақ олар да «халық жауы» болып кетті. Текелеріміз бен серкелеріміз атылып кеткен соң, тағы қайсымыз атылып кетер екеміз деп, өңкей ашықауыздар аңқайдық та қалдық қой.
Сол текелер мен серкелеріміздің өзі «Моңғолдың құпыйа шежіресін» де, «Шыңғыс қағанның құзауырын» да, «Сокровенное сказание монголовты» да, Рәшійт әд – Дінді де оқый алған жоқ болатын. Сондықтан Теміршыңның алғаш жалайырларға хан болғанын олар да білмейтін. Білсе, жазар еді деп ойлаймын.
Қәзір бұрынғы «халық жауларының» бәрі ақталды. Алайда бір ғасырға жұуық айтылмай, жазылмай қалған тарыйхты қайта қопарсақ, «Ойбай, олай болыуы мүмкін емес, ондайды біз естіген емеспіз!» –деушілер тағы бой берер емес. Істәліннің көздегені де осы болатын: өзді-өзімізді айтыстырып қойыу. Айтысармыз, таласармыз, тек өзді-өзіміз ырылдасып жүргенде, тәуелсіздігімізді сырттағылар шайқап жібермесе болды ғой. «Адамды адам түсініу – бір ақырет», – деген ғой Мұқағалый.
Түсінбеушілік деген бәле талай халықтың түбіне жеткенін кәрі тарыйх өте жақсы біледі. 
Оқымасаң, білмесең, бәрі күдікті, бәріне сенбейсің. Бәлкім, шынында да Теміршың жалайыр емес шығар? Бәлкім, қоңырат; бәлкім, халха шығар? Күдікпен, сезікпен «Құузауырды» қайта қарап көрейікші.
Ондағы «Шанышқұл» деген, меніңше, Шанышқылыға ұқсайды. Жамұқадан бөлініп кеткен Теміршыңға солардан да келіп қосылады. «Байұлы» дегені Кіші жүз құрамындағы Байұлына ұқсайды. «Бәсентіні» Арғын құрамындағы Бәсентініне ұқсайды. «Құлшығаш» әлі де Қоңыраттың құрамында дәл солай айтылып жүр. «Үйсін» дегені де Үйсін, Қораласы ол кезде Бөрте – Шайна мен Алан – Құуаның атасы болса, қәзір Дұулат тайпасының бір тармағы. «Маңғыт» та Қоңыраттың құрамында. Осылардың бәріне қарап, санап отырсақ, бәрі – қәзіргі қазақтың бабалары. Олардың ішінде бірде-бір халха – қалмақ жоқ. Сонда қалай, Теміршыңның өзі ғана халха болғаны ма? Тарыйхты осылай түсініп, осылай талдауға бола ма?
Теміршыңды олар сол Көк – норда (Жасыл көлде) хан сайлайды және содан Жамұқа екеуінің араздығы бұрынғыдан бетер өршійді, соның салдарынан көп ұзамай екеуі Зерен – Қапшағайда соғысады, Жамұқа үстем түседі.
Содан кейінгі жағдайға қазақы көзқараспен қарасақ, Жамұқаның қатыгез қылығы жалайырлардың өзін өте қатты шошытқан секілді. Теміршыңды қостаған Жаныс ұрыуының жетпіс адамын Жамұқа тірідей қазанға пісіріп өлтіргенін көрген соң олар: «Бүкіл қазақ Теміршыңның қосынан табылып жатқанда, жалайыр басымызбен бізге не жоқ, біз де өз бауырымызға барып қосылайық», –деген болыу керек, жалайырдың біраз қауымы Теміршыңға тағы келіп қосылады. Соларды бастап Шыңғысқа жалайыр Мұқалый және Мырза, Қәлпе, Қайшылы өз қауымдарымен келіп қосылады. Бұлар осы күні он екі ата жалайырдың бір-бір атасы болып отыр: Мырза, Қәлпе, Қайшылы. Қосылғандардың дені Жамұқадан қашқан жалайырлар екені осыдан-ақ ап-анық көрініп тұр. Оған қалай қыйанат жасауға болады? Тарыйх – оқыйғадан ой түйсең ғана тарыйх. «Қара қылды қақ жарып тұрсаң дағы, Кетеді біреу боқтап, біреу даттап» деген қазақылығымыз тарыйхқа жүрмейді. Әр нәрсенің обалы да бар, сауабы да бар.
Қазақтың ұрыулық мінез-құлқын аз білетін, мүлдем білмейтін тарыйхшылар үшін, әрійне, бұл жағдайды түсіне қойыуы қыйын, ал өз тарыйхшыларымызға, сайлау өткен жері де, хан сайлаған халқы да, ұрыулары да тегіс таныс.
Теміршыңды халықтың хан сайлағанын хабарлай келгенде Жамұқа: «Зачем вы... разлучаете нас побратимом Томучином... Что вы задумали теперь, когда назвали его хаганом?», – деп іренжійді ғой.
Бұл сөз барлық деректе бар. Өйткені ол – болған шындық. Осындай құнды дерекке қалайша тарыйхшылардың мән бермей келгеніне тек таңғаламын: Жамұқадан қашып барған жалайырлар Теміршыңды хан сайлаған соң жалайыр болмай, өзгеріп қала ма? Халха боп кете ме?
«Бауырлас Теміршың екеумізді сендер неге ажыратасыңдар?.. Оны хан атағандағы сендердің ойларың не?» – деп сұрайды ғой Жамұқа. «Сокровенное сказаниедегі» осы: «ойларың не?» –деген сөз бізді де ойландырыуы тійіс қой. Ол болашақ бақталастықты бұлдыр да болса біліп тұр емес пе? Халықтың бәрі жалайыр да, жалғыз Теміршың ғана халха емес қой, ағайындардың арасына от түсіп тұрғаны ап-анық көрініп тұрған жоқ па?
Оқыйғалардың жүзеге асыуына, Жамұқаның «Не ойларың бар?» – деуіне қарағанда, Теміршыңның хан болыуын ұйымдастырыушылар да бар. Солардың қолдауымен ол хан болып отыр. Бірақ бір күдік бар: сол ұйымдастырыушылар он алты жастағы (14+1,5= 15,5) бозбалаға сондай үлкен бійлікті қалайша сеніп беріп отыр? Мүмкін бе? «Ол әлі жас қой», – дегенді Жамұқа да айтпайды. Неге? Меніңше, осы арада үлкен құпыйа бар: Теміршың ол кезде он алтыда емес, одан үлкен. Кешегі хан Есіугейдің баласы екенін, хан тағы да оған тійісті екенін ескергеннің өзінде, он алты жасар бозбаланы халық хан сайлай қоймаса керек. Оны анықтау үшін, меркіттерден қайта алып келген Бөртенің қашан босанғанын, ол баланың қанша жаста екенін, Теміршың отбасымен бірге неге бір жарым жыл бойы Жамұқаның жанында жүргенін, тағы-тағыларға көз жеткізуіміз керек.

Бексұлтан Нұржекеұлы

Редакциядан: 
Ескерту: Қазақстанның халық жазушысы Бексұлтан Нұржекеұлының мақаласын авторлық стилін сақтай отырып, беріп отырмыз. 

 

179 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №3

22 Қаңтар, 2026

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы