• Ақпарат
  • 08 Қаңтар, 2026

Ұлтына ұран болған батыр

«Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана мен Бауыржан Момышұлы атындағы 5 571 әскери бөлімі бірлесе отырып, Халық қаһарманы, аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұлтына ұран болған батыр Бауыржан» атты тағылымды тарихи реквием өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа Бауыржан Момышұлының ерлік жолын насихаттау, отансүйгіштік рухты қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, патриот­тық тәрбие беру және тарихи сананы дамыту. Тарихи реквиемге құрметті қонақ ретінде: Мұхамбетжан Әбдібеков– педагогика ғылымының магистрі, доцент, заңгер, идеолог, тарихшы, Қарулы Күштерінің ардагері, отставкадағы полковник; Болат Әнуарбекұлы – ауған соғысының ардагері, отставкадағы полковник; Ғалия ­Ғабдұлхаққызы – Қарулы Күштерінің ардагері, ­отставкадағы медицина қызметінің подполковнигі; Нұрлан Таиназарұлы – Б.Момышұлы атындағы 5 571 әскери бөлім командирінің бірінші орынбасары, полковник қатысты. Қонақтар батыр Бауыржан ­Момышұлының өмірі мен ерлік жолы, әскери тәртіптің маңызы және отансүйгіштік тәрбиенің рөлі туралы тағылымды ой-пікірін бөлісті.
Іс-шара аясында «Аты аңызға айналған батыр Бауыржан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге батырдың өмірі, әскери қызметі, шығармашылығы мен ерлік жолына арналған әдебиеттер қойылды. Көрмені кітапхана қызметкері ­Нұрдәулет Әйгерім таныс­тырып, оқырмандарға мазмұнды шолу ­жасады.
Сонымен қатар 5 571 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Амантай Мейірім күй тартып, іс-шараның рухани мазмұнын байытты. Тарихи реквием жоғары деңгейде ұйым­дастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды. Іс-шара жас буынның бойында елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, батыр бабаларымыздың ерлігін ұлықтауға зор үлес қосты. Іс-шара соңында тарихи реквиемнің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан құрметті қонақтарға алғыс хат табысталды.

279 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №3

22 Қаңтар, 2026

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы