• Тіл
  • 06 Наурыз, 2009

Қажеттілік болмай, қызығу болмайды

Қазақстанда Ресейдің бірқатар басылымдары таратылады. Олардың ішінде «Известия», «Аргументы и факты», «Комсомольская правда» газеттері бар. Бұл газеттер сонымен бірге Қазақстанға арнап арнайы қосымшалар да шығарады. Әрине, аталған газеттер бұл басылымдарды Қазақстанға сөз көмек қылайық, осы елдің дамуына біз де өз үлесімізді қосайық деген пиғылмен шығарып отыр десек қателесеміз. Мақсат белгілі. Ол – Ресейді насихаттау, адамдарды Ресейге тарта беру, бұл елден қол үздіріп алмау. Орыс газеттері, орыс идеологтары бұл ойларын ойдағыдай іске асырып жүр. Газеттер оқырмандарды тартудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланады. Ресей – кең байтақ. Бұл ел белгілі саясаткерлерден, ақын-жазушылардан, әншілер мен әртістерден, спортшылардан кенде емес. Оларды Қазақстан халқы да жақсы біледі. Танымал адамдар тіршілігі кім-кімді де қызықтырмай қоймайды. Тіпті, басқасын айтпағанда олардың ерсілеу күліп жібергені, байқамай құлап қалғаны, әлдкіммен шартпа-шұрт ренжісіп қалғаны... осылардың бәрі сырт көздің назарын аудартады, көңілін бөледі. Осыны жақсы білетін ресейлік әріптестеріміз атақтылар өмірінен көбірек материалдар беріп, оқырман көңілін аулай біледі. Газеттерінің тартымды, көпшілікті құмарттыра білуінің бір сыры осында. Енді негізгі мәселеге көшелік. «Ана тілінің» басты тақырыбы қоғамдағы қазақ тілінің бүгінгі жай-күйін көрсету болғандықтан «Қазақстанда таралатын ресейлік басылымдар қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәселесін қалай көтеріп жүр екен?» деген сауалға жауап іздегенді жөн санадық. Сөйтіп, жоғарыда тілге тиек еткен газеттердің биылғы екі айдағы Қазақстанға арналған қосымшаларын көзбен сүзіп шықтық. Осы үш газеттің ішінде «Комсомольская правда Казахстан» мемлекеттік тілге қатысты бір мақала, тіпті, бір хабар беруге де жарамапты. Аталған басылым 16 бет болып, аптасына бес рет оқырман қауыммен қауышатынын ескерсек бұл дегеніңіз қынжыларлық-ақ жағдай. «Известия Казахстанда» жарық көргені бір ғана мақала. Ол «Иностранный или государственный?» (22.01.2009) деп аталады. Біздің елдегі тілді оқытатын кейбір орындар қазақ тілін шет тілдерінің қатарына қосатын ауруға ұшырады. Бұл жөнінде «Ана тілі» газетінде де, оның алдында «Айқында» да мақала жарық көрді. «Ауру» дегеніміз сыпайылаған түріміз. Әйтпесе мұның шын бағасы – жауапсыздық, сауатсыздық. Осы «сырқат» Павлодарда да ұшырасқан екен. Мақала авторы осы жөнінде жазады. «Внимание коллеги – журналиста из казахскоязычной газеты привекло обоявление: «Центр языка и перевода «Лика» предлегает курсы иностранных языков: английский, французский, немецкий, казахский, итальянский, испанский и другие языки. Причисление государственного языка «иностранным явно по ошибке, тем не менее вызвало у журналиста и улыбку и сожаление» дейді журналист. Осылай дейді де ол қазақ тілін оқып-үйренуге байланысты бірқатар жергілікті тұрғындармен тілдесіп, солардың пікірін оқырмандар назарына ұсынады. Сауалға тартылғандардың сөздерінен аңғарылғандай, қазіргі таңда жұртшылық мемлекеттік тілдің елдегі маңызын түсінгендей. «Интерес к изучению государственного языка возрос, в нашем центре в рамках программы функционирования и развития языков «Ана тілі» организованы занятим не только для государственных служащих, но и для всех желающих» десе облыстық «Ана тілі» орталығы директорының орынбасары Маргисат Сүйіндікова, ал, заң қызметкері Сәуле Қазыбекова ойын былайша қорытады: «...в скором времени знание казахского языка станет востребованным». Пікірлердің ішінде 21 жастағы студент Юлия Чухломинаның сөзі көңіл бөлерліктей: «Казахский язык я изучала в школе и университете. Честно сказать, в основном мы занимались заучиванием текстов и их переводом, навыков разговорных казахского языка нам не прививали. Сейчас чувствую большую потребность в государственном языке, но разговорить себя не удается, потому что нет языковой среды, языкового погружения. Возникает странная ситуация. Чтобы изучить, к примеру, разговорный английский язык, мы общаемся с волонтерами из США или Великобритании, но не можем найти такой те казахской среды, потому что окружающие, мои однокурсники, среди которых есть и представители коренной национальности, говорят в основном на русском языке. Заставлять их говорить на родном языке неудобно, к тому же учимся мы на русском языке». Студент екі үлкен мәселені көтеріп отыр. Біріншісі, қазақтардың өзі қазақша сөйлемейді. Сонда басқаларда тіл үйренуге деген құлшыныс қайдан болсын? Екіншісі, мемлекеттік тілге байланысты қажеттілікті тудыра алмай отырғанымыз. Қажеттілік жоқ жерде ықылас, ниет, пейіл дегеннің де ауылы алыстай береді. Олай болса не істемек керек? Мемлекет ойлануы керек. Ойланғаның не, іске кірісу керек. Қоғамда, өзімізді айтпағанда басқа ұлт өкілдерінде де мемлекеттік тілді үйренбекке, білмекке деген ұмтылыс, ықылас бар. Енді осы ұшқынды ары қарай алаулатып, жалындатып жіберу сенің міндетің, мәртебелі мемлекет! «Аргументы и факты Казахстан» газеті ана екеуіне қарағанда сәл тәуірлеу екен. Тілге қатысты екі мақала жарияланған. Бірі «Жили у бабуси то ли утки, то ли гуси» (№8, 2009) деп аталса, екіншісінің тақырыбы – «Анатолий Чесноков: Учимся говорить по казахски» (№9, 2009). Алғашқысында қазақ мектебінің 11-і сыныбына арналып 2007 жылы шығарылған «Технология» оқу-әдістемелік кітабының сапасыздығы сын садағына ілігеді. Оқулықта кітап авторларының қазды үйрекпен шатыстырғаны, жылқы дегендері итке ұқсайтындығы, электр сөзі үш бетте 210 рет қайталанатындығы, сөйлемнің 33 жолында 45 кірме сөздің кездесетіндігі... тағы басқа да кемшіліктер айтылады. «Казахский народ после развала СССР получил в наследство засоренный и полуразрушенный родной язык, потерявший свою благозвучность и красоту. Поэтому первым делом официального отечественного языкознания, в том числе ученых, учителей, должна была стать целенаправленная работа по очищению родного языка от советских варваризмов, которые не только не гармонировали с нормами казахского языка, но и активно разрушали всю его богатейшую фонетическую систему» деген автордың жанашырлық лебізіне біздің де алып-қосарымыз жоқ. Екінші мақалада автор мемлекеттік тілді оқып-үйрену мәселесі қалай шешіліп жатқандығы туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Анатолий Чесноковтан сұхбат алады. Көңілге жылылық себетіні әйтеуір Чесноков мырза мемлекеттік тілді оқып-үйренуге қарсы емес. Қауымдастық бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтеді. Оның ойынша мемлекеттік тілді үйрену үшін мына жағдайлар жүзеге асуы керек екен. Бірінші, ұлттық-мәдени орталықтар компьютерлік және басқа да техникалық құралдармен жабдықталуы тиіс, екінші, мемлекеттік тілді жақсы меңгерген славян жастарын тауып, осы жұмысқа тарту керек, үшінші, елдің әр аймағындағы орталықтардың күшін үйлестіріп, әрдайым ақпараттар алмасып отыруға қол жеткізу қажет. Біздіңше бұл міндеттерді іске асыру аса қиын шаруа деп айта алмаймыз. Сұхбат жүргізуші журналист мынадай бір қызық сауалды ортаға тастайды: «Как общественный деятель, рискнули бы вы дать прогноз: когда же русские Казахстана свободно заговорят по казахский?». Қайтарылған жауап: «Люблю прогнозы – занятие неблагодарное. Но согласен, какие-то ориентиры следует наметить. Думаю, речь может идти о 5-7 годах. Если нам удается перестроить сознание братьев-славян и поменять ментальность, в которой знание второго языка, пусть и государственного, пока первоочередной задачей не является». Осы міндетті орындау үшін не істелу керектігін былайша жеткізеді. «Такая задача будет решаться быстрее, если государство начнет активнее стимулировать русскоязычных сограждан – надбавкой за знание государственного языка». А.Чесноков мырзаның бұл ұсынысымен толықтай келісу қиын. Біздіңше мемлекеттік тілді үйренуде адамдарды қызықтыру аздық етеді. Сірә, ең басты мәселе қазақ тілін білмесе Қазақстанда қызмет ету, нан тауып жеу мүмкін еместігін санаға ұялату болса керек. Яғни, қоғамда тілге деген қажеттілікті тудыру. Бәр гәп осында. Нұрперзент Домбай

4062 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы