• Білім және ғылым
  • 07 Наурыз, 2009

Қамаш

«Байдың дүниесін тәркілеу» науқанында абыройы асып, дәулеті тасып тұрған Қамаш апаның әкесі Ысқақ Сейітжанұлының да малы тәркіленіпті. Қолына тастаған бір жылқы, бір сиырының да ұрылар тамтығын ұшырыпты. Қостанай облысының Амангелді ауданында тұрған олар аштан өлмес үшін, өгіз арбаға бес-алты кемпір-шалды салып алып, Жезқазғанға бет бұрған екен. Онда Ысқақ Сейітжанұлының бөлесі қойма меңгерушісі болып істеген көрінеді. Сол бөлесі келген оншақты адамды үйіне апарып киіндіріп, тойындырған соң, «аш-арық» деп құжат жасатып темір-терсек тиейтін вагонға салып, Оңтүстік Қазақстанға жібереді. Бір өкініштісі онда барғаннан кейін жас жұбайлар Ысқақ пен Зибагүлдің бауырына бала тоқтамапты. 1939 жылы дүниеге келген қыздарының атын сол жердегі бір ер адам Қамаш деп қойыпты. Кіндігін балтамен кестіріп, 40 вагон, 40 кемпірдің астынан өткізіп, қырқынан шығармай отбасымен Қостанайға қайта көшіпті. Сол Қамаш апамыз бұл күнде 20 баланың анасы. Қамаш деген сөздің мағынасы төңірегінде сұрастырып көргенімізде арабтанушы Мұхит Салқынбай Қамаш деген сөз Қамар дегеннен шыққан болса, ол ай деген мағынаны білдіреді дейді. Ал ақын Мырзан Кенжебай Қаман деген гүлдің атауы бар екенін айтады. Кейбіреулер терісі бағалы Қама деген аң бар екендігін, Кама деген өзеннің атауы сол аңға байланысты аталған дейі. Жалпы Қамаш деген сөздің мәнісі осы үш факторға байланысты қойылған болуы мүмкін.

3669 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы