• Қоғам
  • 07 Наурыз, 2009

Әзіл

Рая Сағиданқызы, хат бөлімі: Отырғанда тексермей біз онша анық, Хаттардың халын білер сұрау салып. Жүзінде жүреді ылғи күлкі үйріліп, Бар-ау, сірә, біз білмес шынар шабыт. Бағдагүл Мұратқызы, терімші: 15 жыл «Ана тілден» бағы жанған, Саусағында әріптің табы қалған. Коридорда жүреді мақала іздеп, Тілтақтасын қолына алып алған. Ләйлә Темірбекқызы, корректор: Мақаламыз жүйріктей жұтынады, Кейбір қате сын көзден сытылады. Қайтейік, қашқанымен сол қателер, Бәрібір Ләйлә апайға тұтылады. Анар Дүйсенбайқызы, тілші: «Тыным таппай тілім деп» күн-түнімен, Дейді бізге «мың өліп, мың тірілем». Қаламызда қаптаған талай қате, Осы Анардың түзелді «шыр-пырымен». Динара Серікқызы, тілші(ақпарат) : Ақпараттың мініп ап арғымағын, Селт еткеннің газетке салды бәрін. Қасқайып қарағанда шошытады, Ішкені-ғой Батыстың бал бұлағын. Жанар Елдосқызы, тілші: Бір сұлу қыз газетке келді күзде. Құдіретін арудың көрдіңіз бе... Талай жігіт газетке хабарласып, Талай жігіт оқырман болды бізге. Айсұлу Дүйсебайқызы, «Ана тілі» қабылдау бөлімі хатшы: Кезігетін адам көп Айсұлуға Бақ боларын білмейміз қайсы қуға? Сұрауы сол кісіден болады әйтеу, Хат, қағаз, қалам менен қайшының да. Лунара Қасымханқызы, «Қазақ газеттері» ЖШС, қабылдау бөлімі хатшы: Бұл қыздың да көп әйтеу «қарсыласы», Дегенмен таңғалтады «жан шыдасы». «Ілгізбеймін, ілемін» дейді бізге, «Қазақ газеттерінің» қаршығасы. Әзілдескен: Біләл ҚУАНЫШ

3077 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №14

11 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы