
Қазақстан социалистік республикалар құрамында болған кезде атын атауға тыйым салынған нағыз патриоттардың бірі менің бабам – Мұхамеджан Шолтырұлы Бекмохаммедов. Ол қолына қару алып, соғысқа қатыспаса да өзінің халқы үшін өшпес ерлік іс жасады.
Социализм кезінде осындай кісілер туралы халық есіне алғысы келмегендігі жайындағы ойдан аулақпын, бірақ ол кезде олар туралы сөз қозғауға, жазуға қатаң тыйым салынып еді.
Бекмохаммедов Мұхамеджан Батыс Қазақстан өңірінде Мақаш деген есіммен танымал. Оны – «Мақаш әкім» деген, өйткені ол сол кезде патша әкімшілігінде қызмет атқарған, 40 жылдай елді әділдікпен басқарған.
Мен және менің замандастарым осы ерекше тұлға туралы өткен ғасырдың жетпісінші жылдары біле бастады. Ол кісі туралы Мұстафа Ысмағұлов «Білім және еңбек» журналында (1968 ж.) мақала жазды. Мақала «Мақаш Бекмұхамбетов» деп аталды.
Автор кейіпкері туралы көптен жазғысы келген, бірақ мәліметтерді жинауда қиыншылықтар туған. Өйткені ол жылдары жай адамдар мұражай материалдарымен таныса алмаған. Жазылатын мақалалар қатаң бақылаудан өткен.
Тарихшы-жазушы М.Ысмағұлов Алматы қаласы маңындағы «Алғабас» ауылында Мұхамеджанның немересі тұратыны жайлы естіп, онымен жолығып, атасы жайлы біраз сұрамақшы болады. Сөйтіп, жазушы менің әкем – Лутфулла Фазылұлы Бекмұхамедовпен кездеседі. Ұзақ әңгімеден кейін осы мақаланы жазу ойы туындайды.
Бұл жерде Лутфулла Фазылұлы туралы айта кеткен жөн болар. Ол кісі 1902 жылы Бөкей Ордасы маңында, бүгінгі Атырау облысы, Теңіз ауданында (қазір Құрманғазы) дүниеге келген. Алғашқы білімді әкесі Фазыл (1907 ж.), атасы Мұхамеджан (1904 ж.) дүние салғаннан кейін, атасының қаржысына салынған 2 жылдық орысша-қазақша мектептен алады. Төңкерістен кейін Лутфулла анасымен туған жерде өмір сүрді. 1928 жылы ол атақты Мансұр Гатаулиннің бөле қарындасы Рабиға Гатаулинаға (Бекмұхамедоваға) үйленеді.
Колхоздар ұйымдастырылған кезеңде Лутфулланың отбасы «байдың тұқымы» деп, дүние-мүлкі кәмпескеленіп, қудалана бастайды. Әкем Ақтөбе облысына, одан кейін Жамбыл облысына көшеді. Бірақ бұл жерде де «ұзын құлақ» Лутфулла «байдың баласы» екенін жеткізеді, содан ол үш баласымен Өзбекстанға көшуге мәжбүр болады – Самарқан облысы Зирабұлақ (Акташ) станциясы деген жерге қоныстап, жергілікті өзбек халқымен тіл табысады. Олардың көбісінің арғы аталары қазақ болып шығады. «Заготживсырье», «Уполминзаг», «Откормочная база» атты мекемелерді басқарады. Қай жерде жұмыс істесе де беделді болады. Қызметкерлер, достары оны атымен емес, «Бекбаба» деп атап кетеді. Қызмет бабымен ол бірнеше мәртебелі ордендермен, медальдармен, грамоталармен және «Үздік» деген белгімен марапатталған. Ол – жақсы маман болғандықтан онымен жұрттың бәрі санасатын болады.
Лутфулланың Зирабұлақ станциясындағы өмірінің бір үзік сырлары. Бірде облысқа оның атына арыз түседі, ол жұмысқа теқ қана өз туыстарын – қазақтарды алады деп. Осы мәселе бойынша шақырылған кезде оның берген жауабы: «Иә, туыстарымды ғана емес, жай қазақтарды жұмысқа аламын, өйткені қазір түйелер мен жылқыларды өсіріп жатырмыз, себебі бұл жайында тек қазақтар ғана жақсы білсе, ал орыстар мен өзбектер бұл жануарлардан бейхабар. Ал шошқа өсірген кезде орыстар мен украиндықтарды жұмысқа аламын». Осыдан кейін оның бастықтар алдында беделі жоғарылайды. Соғыс кезінде оны үш рет әскер қатарына шақырады, үш ретте де облыстан броньмен – Самарқан қаласынан қайтарылған.
М.Ысмағұлов оны іздей бастайды, одан кейін аталған мақала жарық көреді. М.Ысмағұлов Мақаш атаның аты-жөнін алғаш рет өзгертеді. Кейіннен мұны оның шығармашылық мұрасын жалғастырған зерттеушілер – О. Әлімгереев, М.Кенғанов, Б.Қорқытов, К.Иренов, Р.Отарбаев, М.Жолжанов, Есқуатов және т.б. энциклопедия авторлары да жалғастырады. Оның шын тегі – Бекмохаммедов, яғни атасының есімі Бекмохаммед. Ал біз – оның тұқымдары Бекмұхамедов болып жазыламыз. Біздің ата-бабамыз өздерінің тегін жасырып, «бай» тұқымынан шыққандарын көрсетпеген, туыстары «Алаш» қозғалысына қатысқанын жасырған. Кейбір мұрағаттық құжаттарда жоғарыда көрсетілген тегі кездеседі. Мұнымен барлық зерттеушілер Мұхаметжан Шолтырұлы туралы мақалаларда оның аты-жөнін Бекмохаммедов деп дұрыс жазу керектігін атап өткім келеді.
Көп жылдар өткен соң мен әкемнің бұл ойын түсіндім. Ол туып-өскен жерін артқа қалдыра отырып, бала-шағасын және әйелін ойлаған, өйткені «халық жауы» деп аталған Мансұр Гатаулиннің қарындасы Рабиға Гатаулина болғандықтан оның да уақыттың «тозағына» түсетіні кәміл еді.
Алматы қаласында, 1960 жылы алғаш рет біз – балалары өз және арғы атамыз туралы әкеміздің бізге тастап кеткен «шежіресі» арқылы білдік. Менің ағам Даяр соны көк қағазбен көбейткеннен кейін мағлұмат алдық. Әкем Өзбекстанда көп жылдар бойы тұрса да туыстарымен хат алысып тұрды, ал соғыс кезінде және соғыстан кейінгі қиын жылдары оларға көмектесіп, қарайласты. Бізге Өзбекстанға Қазақстаннан туған-туыстар жиі демалуға, қонаққа келетін, ал біз кейін, мектеп бітірген соң жоғары білім алу үшін Алматыға тарттық.
Шежіре арқылы жақын және алыс тумаларды іздеп таптық. Осы шежірені 1990 жылы және 2007 жылдан кейінгі туған балаларды қосып, көптеген деректемелерді қолдана отырып қайта өңдедім. Мақаш атаның арғы аталары атақты би болған.
Мақаш атаның ұлдары – Хамза, Шапқат, Ғаббас, Муһмин, Әміржан, Жалел, Фазыл және Мирфайыз, қыздары Зинет және Зульфия болған. Мына беріліп отырған суретте орыс және ағылшын тілінде «Бай қырғыздар отбасы» деп жазылған. Кейбір зерттеушілер бұл суретті Романовтар әулетінің 300 жылдығына арналған альбомынан табуға болады дейді. Суретте Әміржан мен Жәлел бейнеленбеген. Олар оқуда болған, ал Муһмин әлі туылмаған.
1991 жылы жазушы Әлімгереевпен кездестім. Атырау қаласында болған кезде теледидардан Мақаш ата туралы хабарды тамашаладым. Біраз нәрселерді жазып алдым. Содан кейін біз жиі кездесіп тұрдық. Мен оған өзімдегі Мақаш ата туралы бар мағлұматтарды, суреттерді, шежірелерді, туыстардың мекенжайын бердім. 1992 жылы «Мақаш әкім» деген кітабын шығарды, кейіннен үш рет қайтадан өңделіп (2001, 2004, 2010 жж.) және көптеген басылымдарда қосымша деректермен жарық көрді.
Сол кезеңде мен де және көптеген туысқандар Мақаш атаның өмірі мен шығармашылығы жөнінде қосымша деректерді іздестіруге атсалыстық. Менің қолыма Мақаш ата мен Фазыл атаның өмірбаяндары туралы жаңа мұрағаттық деректер түсті және көптеген құжаттарға ие болдым. Енді осыған тоқталайық:
«Формулярный список Ордынского советника Временного Совета по управлению Внутренней Киргизскою Ордою, есаула Мухаммеджана Чултуровича Бекмохаммедова от 25 июня 1897 года №925.
Настоящая копия выдана из Временного Совета по управлению Внутреннею Киргизскою Ордою ордынскому советнику ОНАГО совета есаулу Мухамеджану Бекмохаммедову согласно его просьбе на предмет ходатайства о причислении его к потомственному дворянству Астраханской губернии», причитающийся гербовый сбор взыскан в 1897 г июля 30 дня. Ханская ставка».
Осындай құжатты Мақаш атаның ұлы – менің атам Фазыл да алған:
«Формулярный список о службе депутата по г. Астрахани и ЕЯ уезду Фазыла Бекмохаммедова от 20 марта 1900 года №596 .
Настоящая копия с формулярнАго списка о службе депутата по г.Астрахани и ЕЯ уезду Фазыла Бекмохаммедова выдана на предмет представления в Астраханское дворянское депутатское собрание. Гербовый сбор уплачен. Что подписью и приложением казенной печати удостоверяется, 27 мая 1900 г.».
М.Ш.Бекмохаммедовтің дворяндық атақ алғанын дәлелдейтін тағы бір мұрағат құжат:
«Указ Его Императорского Величества, Самодержавца Всероссийскаго.
Из Правительствуящаго Сената Астраханскому Дворянскому Депутатскому Собранию. По указу Его Императорского Величества, Правительствующий Сенат слушали: дело о дворянстве Есаула Мухаммеджана Чултурова Бекмохаммедова (Бек-Мохамедова), предоставленное при рапорте Астраханского Дворянскаго Депутатского Собрания, от 29 октября 1897 г. за 325.
Приказали: Признавая правильным постановления Астраханскаго Дворянскаго Депутатскаго Собрания, от 10 октября1897 г. о внесении Есаула Мухаммеджана Чултурова Бекмохаммедова (Бек-Мохамедова) в третью часть родословной книги, Правительствующий Сенат, на основании Св. Зак. Т. IX Зак. Сост. Изд. I X Зак. 1896г. ст. 37, 263,1111 и Т. 1Упр. орд.Изд.1892 года с.143, определяет означенное постановление утвердить, о чем помятому Дворянскому Депутатскому Собранию дать знать указом, с возвращением прошения и грамоты на орден. Прошение и грамота при сем прилагаются.
Марта 7 дня 1898 г.
Обер-Секретарь.
Помощник Обер-Секретаря
К исполнению
По Департаменту Герольдии».
Ары қарай Астрахан дворяндық жиналысының кітабынан 1886-1888 жж. Мақаштың ұлдары Фазыл мен Жәлелге дворян атағы берілген деректерді таптық.
«От 21 сентября 1900 г №14 – Свидетельство на потомственное дворянство, сыну Есаула Мохамед-Джана Чултурова Бекмохаммедова, Фазылу Мохаммед-Джановичу Бекмохаммедову. Свидетельство за н 14 получил Ф.М.Бекмохаммедов.
От 12 октября 1901 г. №15 – Таковое же свидетельтво сыну Есаула Мохамед-Джана Чултурова Бекмохаммедова, Джалилу Мохаммед-Джановичу Бекмохаммедову. Свидетельство за №15 получил 16 ноября 1901 г. Д. Бекмохаммедов».
М.Бекмохаммедовтің дворяндық атақ алуына себеп болған құжатқа назар аударалық:
«Пресветлейший, Державнейший,
Великий Государь Император
Николай Александрович
Самодержавец Всероссийский, Государь Всемилостивейший!
Просит ордынский советник Временнаго Совета по управлению Внутреннею Киргизскою Ордою, есаул Мухаммеджан Чултуров Бекмохаммедов, а о чем, тому следуют пункты:
1. В 26 день июля 1881 года я Всемилостивейше пожалован за усердие по службе орденом Св.Владимира 4 степени, с пожалованием этим, на основании существующих законов, приобрел право на потомственное дворянство, а потому, желая быть записанным в дворянскую родовую книгу Астраханской губернии, с предоставлением при этом подлинной грамоты на орден Св.Владимира 4 степени, двух копий с формулярного о службе моей списка, всеподданейшие прошу. К сему.
2. Дабы повелено было сие прошение мое принять и сделать по нему надлежащее распоряжение. Поданию подлежит в Астраханское депутатское Собрание (Прошение это) на бело переписывал (личный почетный гражданин) А.И.Добронравов. 1897 года 25 сентября. Подпись есаул Мухаммед-Джан Бекмохаммедов».
Ары қарай қосымша құжатта М.Бекмохаммедовтің қызмет бабымен жоғарылағаны, әскери шені туралы, ордендермен, медальдармен марапатталуы және Ішкі Орда қазақтары атынан Императордың қабылдауында болғаны туралы айтылған.
«Есаул Мухаммеджан Чултурович Бекмохаммедов, 66 лет от роду, Магометанского вероисповедания, содержания получает в год 500 р. получил воспитание в бывшем Оренбургском Неплюевском кадетском корпусе, где и окончил полный курс науки.
В службу вступил 1 января 1852 г в чине зауряд сотника переводчиком Временного Совета по управлению Внутреннею Киргизскою Ордою..
В 1854 г. произведен в хорунжии. В декабре 1854 г. определен управляющим Ногаевским родом, в августе 1855 г. определен правителем 2-го Приморского округа.
В августе 1864 г. переведен правителем 1-го приморского округа. В 1859 г 28 сентября произведен в сотники, а 2 марта 1864 г произведен в есаулы.
(Кейбір авторлар, Мақаш – ата есауыл әскери атағын зейнетке шыққанда (1897ж.) алды деп мәлімдейді, бірақ бұл әскери атақты ол ертерек, зейнетке шықпай тұрып алған (Е. Б.).
По службе он переведен обратно правителем 2 округа (дата не указана и далее назначен правителем 1 и 2 приморских округов – август 1868 года.
12 июля 1885 г. перемещен правителем 2 округа.
Согласно ходатайству, предложением Астраханского губернатора от 15 июня 1890г. за №1875 уволен от должности в связи с «растроенным здоровьем» и далее, по предложению Губернатора г. Астрахани от 23 апреля 1894 г. за №1342 назначен на должность Ордынского Советника. И последняя запись по службе – постановлением Временного Совета исполнял обязанности ответственного чиновника при председателе Совета с 31 марта по 28 апреля 1897 г.».
Ары қарай осы құжатта М.Бекмохаммедовтің марапаттаулары туралы былай делінген:
«– всемилостивейше награжден орденом Святого Станислава 3-й степени, 1866 г. 20 мая;
– всемилостивейше награжден орденом Святой Анны 3-й степени, август 1868 г;
– всемилостивейше пожалован за усердную службу орденом Святого Станислава 2-й степени, 3 июня1870 г;
– всемилостивейше пожалован за отличие по службе орденом Святого Станислава 2-й степени с Императорскою короною, 27 июля 1873 г.;
– всемилостивейше пожалован орденом Святого Владимира 4-й степени, 26 июля 1881 г.;
– бронзовая медаль «За защиту Севастополя 1854-1855г.г.»
– темнобронзовая медаль «За труды по первой Всеобщей переписи населения 1897 года».
Мақаш атаның марапатталуы туралы айта келе мұрағаттан алынған аса қызықты құжатты келтірейік:
«Божею Милостию, Мы Александр Третий, Император и Самодержавец Всероссийский, Царь Польский, Великий князь Финляндский, и прочая, прочая, и прочая.
Нашему Есаулу, Управляющему Прикаспийскими Округами киргиз Мохамеджан Бек-Мохамедову
Во внимание к отлично усердной и полезной службы Вашей, Всемилостивейше пожаловали Мы вас Указом в 26 день июля 1881 г. Кавалером Императорского Ордена Равноапостольного князя Владимира четвертой степени. Грамоту сию во свидетельство подписать, Орденскою печатью укрепить и знаки орденские препроводить к вам Повелели Мы Капителю Российских Императорских и Царских Орденов
Дана в Санкт-Петербурге 12 день августа 1881 г. Подлинное подписали за члена Тайный Советник Теорбский, члены Давыдов и гр. Ожаровский»
Тағы бір құжат:
«Штамп: М.В.Д. (Министерство внутренних дел )
Начальник Астраханской губернии, канцелярия, 9 августа 1881 г.
№3992. Астрахань
Господину Председателю Временнаго Совета по Управлению Внутреннею Киргизскою Ордою.
Государь Император, по всеподданнейшему докладу г. Министра внутренних дел, Всемилостивейше соизволил в 26 день июля сего года пожаловать депутатам от киргизов Внутренней Букееевской Орды следующие награды,
Ордена: Св.Владимира 4 степени, для нехристиан установленный, – управляющему приморскими округами киргизов, есаулу Мохамеджану Бек-Мохамедову и св. Станислава 3 ст. для нехристиан установленный.
Подпись: губернатор свиты Его Величества.
генерал майор ( подпись неразборчива)
правитель канцелярии Н.Петров».
Әдебиеттер көздерінен Мақаш атаның патшаның қабылдауында бірнеше рет болғанын, сондай-ақ «Атқарған қызмет тізбесіндегі» жазбалардан да білуге болады.
«...В 1881 г. во главе депутации от Орды представлялся Императору Александр III и императрице Марие Федоровне с верноподданическими поздравлениями по случаю вошествия на престол...
...Находился во главе депутации от киргизов Внутренней Орды для принесения верноподданических поздравлений Их Императорским Величествам Государю Императору и Государыне Императрице по случаю бракосочетания их Императорского Величества с 2 января по 1 февраля 1894 г.».
Мақаш атаның патшаның қабылдауында болғаны Р.Отарбаевтың «Екі киіз үйдің тарихы», Т.Боранғалиұлының «Петерборға барған қазақтар», Ы.Құсайынұлының «Мақаш пен Әубәкір» деген мақалаларында анық дәлелденеді.
Бөкей Ордасынан сайланған қазақ депутаттары атынан Петерборға барғаны туралы 7 қараша 1895 жылы «Торғай газетінде» жарияланған сурет анық дәлелдейді. 22 наурыз 2001 жылы «Егеменді Қазақстан» газетінде жарияланған «Петерборға барған қазақтар» деген мақалада осы сурет берілген. Т.Боранғалиұлының сол мақаласын құжаттағы мына сөздермен толықтыруды жөн көрдік. Бұл әлгі сапарға байланысты жазылған.
«Есаул Мухамеджан Шолтырулы Бекмохаммедов потомственный бий Малой Внутренней Киргизской Орды кавалер орденов Св. Станислава и Анны 3-й степени, Св.Станислава 2-й степени с короною и Св.Владимира 4-й степени, бронзовой медали в память Севастопольской войны, 64 лет. Окончил курс в Оренб. Неп. Кад. Корпусе в 1851 г. состоял 3-годичным перерывом по болезни на службе и теперь Советник от Орды во Вр.Сов. по управлению В.Орд.
Мурат Баджаков, почетный султан, прямой потомок Чингисхана, на службе небыл, 38лет.
Мохаммедали Зулқаров – почетный киргиз Ногаевского рода, 38 лет, на службе не был».
Әрі қарай мақалада Хлебников шеберханасының есеп-шоттары, Бөкей Ордасы мен шеберхананың хат алмасулары, тіпті ыдыстың үстіңгі жағына «1894 жыл 14 қараша» және астына – «Ішкі Орда қазақтарынан» деген жазуға шейін бары келтірілген.
Осы сапарға байланысты тағы екі құжатты келтіруді орынды деп есептедік.
«Астрахань, Губернатору.
По примеру 1883 года члены депутации почетные ордынцы Мухамеджан Бекмохаммедов второго округа, Мухамедгали Зулкаров Торғунской части, полагаю третьего Мурада Баджакова Қалмыцкой части. По обычаю предположено поднести на серебряном подносе серебряную чашу или кубок. Краткости срока сумма не ассигнована, но положительно могу сказать, что скоро будет предоставлено 800 рублей.
Подпись. Председатель Лазаревский
Отправлено 15 декабря 1894г».
Екінші құжат: Ішкі Орда басқарма төрағасы, желтоқсан 1894 ж. №1210
«Г.Правителю Нарынской части
В дополнении к предложению от 14-го декабря за №1182 сообщаю Вам, что на обсуждении с местными почетными ордынцами об отправлении депутации для принесения поздравлений Их Императорским Величествам по случаю бракосочетания предложено преподнести серебряное блюдо и серебряную чашу с таковыми и ковшом и двумя стаканами. На приобретение означенных вещей части Торгунская и Калмыцкая выразили согласие ассигновать каждая по 400 руб. В предложении, что сумма 800 руб. быть может оказаться для сего недостаточною ибудучи вполне уверен, что киргизы в веренной Вам части готовы принять участие в расходах на приобретение вещей для сказанной цели, предлагаю Вам на обсуждение вопрос об ассигновании на сей предмет от Нарынской части по примеру Торғунской и Калмыкской примерно 400 руб.
Возможно остатки от суммы, которые будут собраны с упомянутых трех частей на сказанные надобности, будут зачислены в поступлении на образование капитала стипендии при Императорском Казанском Университете, почему вообще считаю необходимым сообщить, что относительно учреждения стипендии, надобности пока не предстоит.
Суммы на приобретение подносимых Их Императорским Величества вещей, должны быть собраны в кратчайший срок и немедленно по сбору их внесены в депозит Совета.
Подпись председателя».
Сол заманғы мемлекеттік проблемалар осылай шұғыл және білікті шешіліп жатты, тіпті қалған қаржыны шәкіртақыға жұмсау қажеттігі де ескертіледі.
Сонымен Мақаш ата 1894 ж. Петерборға императордың неке қию рәсіміне қатысып, қазақтардың атынан сыйлық ұсыну үшін барғанын анықтадық.
Енді Мақаш атаның екінші рет Петерборға сапары туралы Р.Отарбаевтың «Екі киіз үйдің тарихы» (1988 ж.) мақаласы растайды. Автор суреттегіні Мұхамеджан Шолтырұлы Бекмохаммедов пен Өтешқали Атаниязұлы (1896 ж.) деп санаған, ал қазіргі екі суретті салыстырсақ, онда екінші суретте (1896 ж.) Мақаш ата жас болып көрінеді, сақалы, шашы қара, кеудесінде орден мен медальдар тағылған, ал 1894 жылы Императордың неке қию салтанатына барған кезде Мақаш ата егделеу көрінеді, сақалы, шашы ағарған, есаул погондары, кеудесінде 4 орден, 64 жаста. Осыған байланысты айтарымыз Т.Боранғалиұлы және Р.Отарбаевтың мақаларында аталған жылдар дұрыс көрсетілмеген сияқты.
Мақаш ата – Өтешқали суреті 1881 жылы Император Александр таққа отырған кезде түсірілуі ықтимал. Мен тарихшы емеспін, сондықтан менікі дұрыс па, бұрыс па білмеймін, бірақ тарихшы-ізденушілерге ой салар деп ойлаймын. Бірақ патшаға алтыннан киіз үйдің макеті сыйға ұсынылғаны – хақ! Мақаш ата өз қолымен киіз үйдің макеті туралы былай жазған:
«...В землянке 17 кумыков (люди этой национальности проживают в Дагестане) из чистого золота отлили макет юрты, и их работа пришлась мне по душе. Они выполнили эту работу за месяц. И мы Отешкали Атаниязулы двинулись в путь в Петербург через Оренбург. Нашему подарку царь и его окружение – чиновники, министры остались довольными. После церемонии вручения подарка я передал наше пожелание и просил не крестить наш народ, не лишать нас казахов мусульманского вероисповедания. Он сказал, что ответ получите через несколько дней. В среду второй недели к нам явились два представителя от царя и сообщили, что царь выделяет нам деньги (10 тыс.руб.) для строительства резиденции. С этим мы распрощались и с Отешкали благополучно возвратились».
М.Жолжановтың 1997 жылы «Атамекен» газетіне берген мақаласын толық келтіруді жөн көрдік. Мақала «Ескі суретке жаңа бір түсінік» деп аталады.
«Бұл суретте Қазақ Ішкі Ордасының (бұрынғы Бөкей Ордасы М.Ж.) кеңесшісі Мақаш Бекмұханбетов пен Нарын қисымының әкімі Өтешқали Атаниязов 1886 жылы 14 мамырда осы кеңес бастығы В.М.Лазаревскийге саф алтыннан соғылып, ақ мақпалмен қапталған киіз үй макетін тапсыру рәсімі бейнеленген. Ел ішіндегі әңгімеге қарағанда, 50 жыл (1846-1896) өздері үстемдік жасаған Ресей патшасы бөкейліктерді христиан дініне көндіру жолында түрлі айла-шарғыларын үдете түседі. Мұндай сұмдықты болдырмау мақсатында, патшаның көңілін аулау үшін Мақаш жертөледе аса құпиялықпен 17 кавказдық зергерге осы макетті соқтырады. Бұл туралы мен бала кезімде сол шеберлердің бірі – Әбдіқадырдың аузынан естігенмін. Ол кейінірек біздің ауылға келіп, өмірінің соңғы 40 жылын өткізген-ді. Оны біздің ауыл қариялары құмық дегенмен, ол лак еді. Қазір ел арасында мұның екінші нұсқасы пайда болып, бұл макетті 1836-1837 жылдардағы бөкейлік кедейлердің көтерілісінен кейін Жәңгірдің Тұрлығұлов Шәкір дегенге жасатып, І Николай патшаға сыйға тартқан макет деп түсінушілер бар. Бұл қате пікір, бірақ макеттің екеу болуы да ғажап емес. Кім не десе де, осы суретті тұңғыш тапқан осы жолдардың авторының (М.Ж.) түсініктемесі алғашқы рет беріліп тұр. Сөйтіп, Мақаш халқымызды бір сұмдықтан осылай құтқарған.
Ең маңыздысы, Мақаш ата мен Өтешқали Атаниязов қазақтарды шоқындырудан сақтап қалды, өйткені шоқындыруды Батыс аймақтан бастайтын болған. Мұның өзі атамыздың батырлығы емес пе?».
Қызмет бабымен және өз елінің патриоты ретінде Мохамеджан Шолтырұлы патшаға 8 хат жолдаған. Осы хаттар М.Кенганов пен О.Әлімгереевтердің айтуы бойынша, Мәскеудегі Мемлекеттік кітапханада сақталуда. Сол хаттарда туған халқының мұң-мұқтажы туралы, ең бастысы, Волганың оң жағалауында кейбір жер қазақтарға тиесілі екендігі айтылды.
Бір хаттарда Астрахан облысының Красный Яр (Қызыл Жар), Володарский аудандары, Астрахан (Хажитархан) қаласының өзі де кезінде қазақтарға қарағандығы айтылды. XV-XVII ғ.ғ. осы жерлерде – Асан қайғы, Доспамбет, Жиембет, Сыпыра жыраулар туып-өскен. Кейінде калмақтар жерді иемденіп, содан орыстардың жаулап алуы нәтижесінде Ресей патшалығының қол астына өткен.
М.Ш.Бекмохаммедов патша алқасына осы жерлердің қазақтардың мекені екеніне айқын дәлелдермен көздерін жеткізіп, қайтадан атажұртына бергіздіреді, бірақ 1917 жылдан кейін бұл аумақтар қайтадан Ресейге еніп кетті.
Осы мақалада бабамның қазақ халқы үшін сіңірген басқа да еңбектері туралы жазбадым. Оларды О.Әлімгереевтің «Мақаш әкім» (2004-2010 ж.), К.Иреновтің «Мақаш Бекмохамедов» (2010ж.) атты кітаптардан және газет-журналдарда жарық көрген материалдардан білуге болады.
Мұхаметжан Шолтырұлы – қазақ халқы үшін игі істер тындырған ұлтының адал перзенті. Өкініштісі, бұл кісінің есімі ұмыт қалып барады. Сол себепті осы жайт зиялы қауымның қаперінде болса екен деймін. Басқасын айтпағанда, Алматыдағы бір көшеге халқының текті ұлының атын беруге әбден болар еді.