• Тіл
  • 19 Наурыз, 2009

Орыс тілі – аз ұлттар тілі

Армян тілі – армян халықтары мәдениетінің бөлінбес бір бөлшегі. Ол мемлекетте Кеңес одағы кезінде екі мемлекеттік тіл болды: армян тілі және орыс тілі. Армян тілі көбіне мемлекет ішіндегі өзара іскерлік қарым-қатынас кезінде, мәдениет пен өнерде қолданылса, орыс тілі басқару ісінің, ғылым-білімнің тілі болды. Білім беру саласында орыс тілімен қатар армян тілі де оқытылып отырды. Ата-аналар өз балаларын қай тілдегі мектепке бергілері келсе де, жоғары оқу орнында қай тілде оқытқысы келсе де өз еріктері еді. Бірақ көптеген отбасылар балаларының орыс тілінде білім алғанын қалады, себебі олардың сапалы білім алуына, КСРО-ның белді оқу орындарында оқуына мүмкіндігі әлдеқайда мол болды. Ең алғаш рет 1991 жылы билік басына Армяндық ұлттық қозғалыс партиясы келісімен орыс тіліне шектеу қойылды. АҰҚ-тың алғашқы көсемі бас идеолог Вазген Манукян «Тіл туралы» заңның қабылданбағанына қарамастан орыс тілінде ісқағаздарын жүргізуге тыйым салды. Осы арқылы ол орыс тілді қызметкерлердің өз орындарын босатып, армян тілін білетін жұмыскерлердің қызмет атқаруына мүмкіндік жасады. Орыс тіліндегі мектептерді жауып, армян тіліндегі мектеп етіп жариялады. Республиканың барлық жоғары оқу орындарында орыс тілінде дәріс беру тоқтатылды. Ал 1992 жылы республикадағы барлық салалары түгелдей армян тіліне көшірілсін деген «Тіл туралы» қатаң заң қабылданды. Бүгінде Арменияның мемлекеттік тілі – армян тілі, ал орыс тілі бар-жоғы аз ұлттар тілі болып саналады. Интернеттен дайындаған Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

3408 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы