• Білім және ғылым
  • 19 Наурыз, 2009

Жомарт Игіман «Ғұмыршырақ»

Таза поэзия жанрында ғана «Жүздесу» (1993 ж.), «Шарайна» (2003 ж.), «Көкжиек» (2005 ж.) атты кiтаптары жарық көрген белгiлi ақын, сөз зергерi, бүгiндерi «Сарқан» газетiнiң бас редакторы қызметiн атқарып жүрген Жомарт Игiманның Алматы облысының әкiмi Серiк Үмбетовтiң қолдауымен «Ғұмыршырақ» кiтабы жарық көрді.  Кiтаптың поэзиялық бөлiмiнде Абай өлеңдерiне бүгiнгi заман биiгiнен баға беру, қазiргi қоғамымызды толғандырып отырған өзектi мәселелер жайлы жырлар, әкесiне, анасына және қаламдас әрiптестерi хақында жазған арнау өлеңдерi топтастырылған. «Жадымдағы жазбалар» деп аталатын прозалық бөлiмде әңгiме, естелiк, ой-толғамдары жинақталған. Сондай-ақ, «Сағыныш», «Қоштаспай болмайды», «Намыс», «Ана жүрегi» әңгiмелерi Жомарттың ақын және журналист қана емес, сонымен бiрге шебер прозашы екенiн де аңғартады. «Iлияс және Пушкин», «Тәуелсiздiк және поэзия», «Ел ертеңi – жыраулар поэзиясы», «Толқыннан толқын туады», «Бiздiң буын мiнбеге шық, сөзiңдi айт» деген еңбектерiнде ол әдебиет жайлы ой-толғамдарымен бөлiссе, одан кейiнгi бiртоп дүниесi Еркеғали Рахмадиев, Сәкен Иманасовтан бастап, өлкемiзде өкшемiздi басып келе жатқан кейiнгi толқын ақындардың шығармашылығы сөз болады.

4560 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы