• Білім және ғылым
  • 19 Наурыз, 2009

Уәлихан Танашев және Танашевтар әулеті

Елтай Қалиев Заңгер филолог Елтай Хакимжанұлы Танашевтың (Қалиевтың), қазақ жерінің батыс өлкесі мен Ресей Федерациясының Еділ бойы мен Каспий теңізінің солтүстік жағалауын мекендеген, қалың Шеркеш елінің шығу-таралу жолдары мен олардан тараған қазіргі ұрпақтарының өмірбаянынан да толығырақ сыр шертетін – «Уәлитхан Танашев және Танашевтар әулеті» атты тұңғыш еңбегі жарық көрді.  Кітапта Каспий теңізінің солтүстік жағалауын Хазар қағанаты заманынан бері Баркөк, Қалауын, Жайқы мамлюк-батырлар және Дербіс әулие-билер мен ұлы қолбасшылар шығып, Бөкей Ордасын ХХ ғасырдың 20-шы жылдарына дейін билеп келген Қойыс-Шеркеш – Танашевтар әулетінің шежіресі мен одан тараған қазақ зиялыларының бірі, Қазақстанның тәуелсіздігі жолында күрескен демократ, алашордашы, Алаш партиясының өкілі, заң ғылымдарының кандидаты – Уәлитхан Шарафиддинұлы Танашевтың бұрын-соңды ешбір жерде жарияланбаған ғұмырнамалық деректері, 180-нен астам негізгі құжаттары мен қолжазбалары және хаттары мен фотосуреттері ұсынылған. Сонымен қатар Қазақ республикасының тәуелсіздігі жолында күрескен Алашорда хатшысы, ХХ ғасырдың басында Әділет халкомы мен Қырғыз әскери ревкомының уәкілетті өкілі болған У.Ш.Танашев мұрасын зерттеу мәселесіне толығырақ тоқтап молырақ мәліметтер берген. Алаш партиясы, Алаш-Орда өкіметінің 90 жылдығы мен Алаш заңгері Уәлитхан Шарафиддинұлы Танашевтың 125 жылдық мерейтой құрметіне арналған бұл кітаптың өлкетанушы мамандарға, елі мен жерінің тарихы мен шежіресіне қызығушылар мен көпшілік оқырман қауымға арналған.

6175 рет

көрсетілді

67

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы