• Ақпарат
  • 19 Наурыз, 2009

Ұлт мұраты

Ұлтсыздану ұраны ұшпаққа шығармайды. Ұлттық құндылықсыз елдің басы құралмайды. Қазақ тағдыр тәлейінде талай қиындықты бастан өткерген. Жау жерімізді таптағанмен, жігерімізді жанши алмады. Отанымызды ойрандамақ болғандар да табылды. Бірақ отымыз өшкен жоқ еді. Арыстарымыз атылғанмен, ар-намысымыздан айырлмадық. Қысқасы, ғасырлар толқынында қазақ қазақтығын сақтап қала алды. 90-шы жылдардың басындағы тоқырау заманы да тіземізді дірілдетіп кетті. Онан да аман өттік. Өміріміз түйенің қомында, аттың жалында өтсе де ұлттық бірлігімізді, елдігімізді, құндылықтарымызды жоғалтып алмадық. Бүгінде даңғазасы басым дағдарыс деген келді. Жер жүзіне. Оның қазақ баласын айналып өтетін түрі жоқ. Әрине, бұл дағдарысты өткен күндердегі алапат айқастармен, жойқын ұрыстармен, ашаршылықпен салыстыра алмаймыз. Дегенмен тыныш жатқан жұртты біраз әбігерге салатын түрі бар. Осындай қиын қыстау заманда, қазақ атам айтпақшы «байтал түгіл бас қайғы» уақытта елдік мұратты, аталардан қалған аманатты аман сақтап, болашақ ұрпаққа сол күйінде жеткізу міндеті тұр. Мұны ел болып ұғынып, сол жолда жұмылып жұмыс істеуге тиіспіз. Бұл туралы кешегі Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қадап айтты: – Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемле¬кет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ бола-шағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады,– деді Президент. Бір күндік азық үшін өмір сүруге болмайды. Рухани әлсіз ұлтты жаһандану деген тажал жалмайды. Рухы биік, арманы асқақ жұртты ешқандай жау алмайды. Өсетін ел болашағын ойлайды. Сондықтан діңі берік, төрт құбыласы сай мемлекет құру жолын таңдайды. Иншалла, біз осы жолға түстік. Құдай жолымызды оңғарсын. Біржан БЕКТӨРЕ.

3051 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы