• Тарих
  • 09 Ақпан, 2012

Мәңгілік жыр-ғұмыр

d0bcd183d0bad0b0d0b3d0b0d0bbd0b82

«Қазақ поэзиясының Хантәңірісі» атанған Мұқағали ақынның туған күні қарсаңында білікті баспагер Қонысбек Ботбай басқаратын «ҚАЗақпарат» баспа корпорациясы қалың қауымға ерекше тарту-таралғы жасады. Баспа 1032 беттен тұратын «Мұқағали» атты көлемді жыр кітабын оқырман назарына ұсынды. «Ел өсті, әдебиет тізгінін босатты, қоғам шынжырын сындырды. Қай дәуірде өмір сүрсе де, тыныштықты ұйқыдағы сәбидің келбетіне ұқсатқан ақынның ғаламға тыныштық пен сұлулық тілеген жыр сөзі, міне, сіздердің қолдарыңызда! «35 күз, 35 қыс, 35 жаз. Осал өмір емес-ау отыз бес жас» деп өткен Мұқағалидың ғұмырлық жырларымен беттесіп отырсыз, қадірлі оқырман!» делінген кітаптың беташар сөзінде. Рас, Мұқағали жыры – мәңгілік жыр. «Жиырмасыншы ғасыр алыстаған са­йын, туған халқының ұлы қуаныш­тары мен ұлы қасіреттерін терең сезініп, тебірене жырлаған Мұқағали Мақатаев­тың жыр-тауы да зора­йып, асқақтай түспек» деп ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалин кітаптағы «Құдіретті жырдың құндағы» атты ой-толғамында ағынан жарылған. ...Түп-түзу жыртылған аңыздайын, Аңызыма неге нәр тамызбайын? Қара өлеңі қазақтың қаза болса, Қара көзден неге қан ағызбайын?! – деп қазақ өлеңінің әлем алдындағы мерейін өсірген Мұқағали ақынның өз есімі де өлмес, өшпес жаһұт жырларымен бірге мәңгі жасай берері хақ. Нұркен Жандәулетұлы

7155 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы