• Қоғам
  • 15 Ақпан, 2012

«Әй» дер әже табылар ма екен...

Қала көшелеріндегі қоғамдық көліктердің де адамның жүйкесін тоздырар әрекеттері бар. Айталық, жұмысқа барамыз, қонаққа барамыз, әлдебір жүздесуге асығасың дегендей... Оларды не күтіп зарығасың да, болмаған соң қалтаң көтеріп тұрса, такси тоқтатасың. Не болмаса, өзіңе керегін күтіп тұрсаң, өткен жолы керек болған автобусың, яки троллейбусың тап осы қажет емес кезде бірінен соң бірі зымырайды-ай!Осындайда менің есіме мынадай жұмбақ сап ете қалып еді: «Керек кезінде тастай салады, керек емес кезде көтеріп алады. Ол не?». Не дейсіз бе? Тауып алыңыз, керек болса. Жарар, жарар, үздіктірмей айта салайын. Кәдімгі кеменің зәкірі. Расында да, қарап тұрсаңыз, қаламыздағы қоғамдық көліктерге қатысты ахуалға зер салсаңыз, тап солай. Бұған кереметтей дәлел, фото немесе бейнеайғақтар іздеудің қажеті жоқ. Бір жаққа асығып, айталық, №66, яки №45, не №27 автобусты, ол да ойыңыздан шықпаса, №5 немесе №9 троллейбус баратын бағытты бетке ала қойыңызшы. «Өлдім» десеңіз де, солар 15-20 минуттан 1 сағатқа дейін көзіңізді бозартып, оның үстіне мына күшейген аязды күнде мұрныңыздан сораңызды сорғалатады. Жә, бұл көліктердің қозға­лысы, жүріп-тұруы ғой. Ал енді бұлардың ішіндегі жағдайға келейік. Мен, әрине, барлық жағ­дай­ды білемін демеймін. Менікі, әншейін, жалпы ахуалға қарны ашқандық қана ғой. Сонымен... Автобусқа отырдыңыз, содан басталады. Кондукторы құлағыңның құрыш етін жеп болады: «Наурызбай-Дзержинский бар ма?, Желтоқсан-Мира? Жоқ, жүре бер! Келесі Абылай хан даңғылы-Абылай хана». Астапыралла, Алматыда жүргеніме де 20 жылға таяп қалыпты, бірақ әлгінің хабарлағанындай, кө­шелердің қиылыстарын көр­мек былай тұрсын, естімеппін де. Әрине, айта берсек, басқа да өкпе-назымыз баршылық. Алайда, біздің түсінгеніміз, оларды өйтіп айғайлатып қойған маза­сыз­дық, «Бақсам, бақа екен» дегендей, негізінен, қаракөз бауыр­ларымыз еңбек етіп жүр­ген қоғамдық көліктердегі кондук­торларымызға ешкім бұй­рық-жарлықпен шегелемесе де, «өзге ұлттар түсінбей қалады, сөйтіп, аялдамаларын өткізіп алады» деген «қонақжайлылық» пиғылдан туады екен. Ал біз білмейтін қыр­лары мен сырлары болса, тиіс­ті құзыреттері бар мекемелер, біздің одан әрі аттандауымызды күтпей-ақ, газетімізге жауап­тарын жолдай жатар деп үміттенеміз. Бейбіт ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

3090 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы