• Ақпарат
  • 15 Ақпан, 2012

«Үркер» жаққан он шырақ

d183d180d0baЖас қаламгерлердің тырнақалды шығармаларын әрі қарай насихаттау жолында «Үркер» журналы және «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Елтаным» баспасынан «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры – Редак­торлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кен­жалиннің алғысөзімен «Үркер» жақ­­қан он шырақ» атты жинақ шыққан еді. Жинақ­та бәйгеге қатысып, жеңімпаз атанған жас­тар­дың туындылары жарияланған. «Ел болашағын жастарсыз елестету мүмкін емес. Олардың қандай болмағы өздері туып-өскен мемлекеттің, одан қала берді алдыңғы буын ағалардың көзқарасына байланысты. Тәуелсіз еліміздің туы астында желкілдеп өсіп келе жатқан біздің қазақ жастарының бұл орайда еңсесі биік. Әйтсе де, оларды қол­дау үнемі назарда болуы тиіс» делінген кітаптың алғысөзінде. Жинақтың тұсаукесер рәсімі Алматы қаласындағы Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатта өтті. Кеш қонақтары оқушылармен емен-жарқын сырласып, ой бөлісті. «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары Уәли Қыдыр «Үркер» журналының жас қаламгерлерге арналған сайысы дәстүрлі түрде өткізіліп тұратындығын айтты. «Үркер» журналының бас редакторы, жазушы Қуандық Түменбай жастар әдебиеті туралы келелі ойын ортаға салып, мектеп оқушыларын биылғы жарияланып отырған «Үркер-Үміт» бәйгесіне қатысуға шақырды. «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің төрайымы Гүлбағда Көбеева мен «Жас Отан» жастар қанаты атынан келіп отырған Айдар Қырықбайұлы «Үркер» журналымен бірлесе атқарған жобаның мән-маңызына тоқталды. «Ана тілі» газетінің бас редакторы Самат Ибраим «Үркер» жаққан он шырақ» келешекте «Үркер» жаққан мың шыраққа» айналсын» дей келе, бүгінгі жеңімпаз атанған жас қауымның арасынан қаламдары қарымды ақын-жазушылар шығатынына сенім білдірді. Мектеп директоры Мұхтар Ботабайұлы «Қазақ газеттері» ЖШС-мен бұдан ары қарай да әріптестік байланыстарды нығайта беруге мүдделі екенін жеткізді. Кеш барысында «Үркер» бәйгесінің үшінші орын жүлдегері Ерғали Бақаш пен ынталандыру сыйлығының иегері Қайырбек Шағыр өз өлеңдерін оқып, көрермендерді жақсы әсер­ге бөледі. Оқушылардың қолымен әзірлен­ген концерттік бағдарлама да жүздесудің шырайын ашып, әрін кіргізді. Дәуіржан Төлебаев

2966 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы