• Білім және ғылым
  • 22 Наурыз, 2009

«Қазақ сөздіктері»

Жақында «Дайк-Пресс» баспасынан «Қазақ сөздіктері» сериясымен «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақша-орысша сөздік», «Экономикалық орысша-қазақша сөздік» жарық көрді.   «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» қоғамдық өмірдің барлық салаларында жиі пайдаланылатын дағдылы сөздермен қатар көпшілікке арналған ғылыми әдебиетте, мерзімді баспасөз тілінде қолданылатын 50 мыңға жуық терминдер мен атаулар, сөз бен сөз тіркестері қамтылса, «Қазақша-орысша сөздікке» де қазіргі қазақ әдеби тілінің 50 мыңға жуық сөзі енгізілген. Ал «Экономикалық орысша-қазақша сөздікте» экономиканың өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, сауда, көлік, халықаралық экономикалық қатынастар, қаржы, банктер, сақтандыру ісі, салықтар, жарнама, сауда, патенттер, лицензиялар, кеден тәртіптемесі, аукциондар секілді салаларының 100 мыңға жуық терминдері мен терминологиялық сөз тіркестері қамтылған.

3469 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы