• Мәдениет
  • 22 Наурыз, 2009

Көңілділер мен тапқырлардың фестивалі өтті

Жақында Н. Сац атындағы мемлекеттік жасөспірімдер театрында Әуезов ауданы әкімшілігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен он жыл бұрын құрылған көңілділер мен тапқырлар клубының мерейтойына байланысты фестиваль өтті. Оған 2000 жылдары құрылған «Қыран», «Ақ көңілділер», «Шалақазақтар» және бір жыл бұрын ашылған мұғалімдердің «Қыздар-ай» тобы қатысты. Негізінде бұл клуб аудандағы орыс мектептерінде және орыс сыныптарында оқитын өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйрету үшін ашылған. 2003 жылы Әуезов ауданындағы №132 мектептің оқушыларынан жиналған «Қыран» тобы Қазақ Лига КВН- мен бірге Түркістан қаласында өнер көрсетіп, «Тайқазан» бас жүлдесін жеңіп алды. Осы жөнінде Әуезов ауданы әкімшілігі білім бөлімінің бас маманы Гүлсара Ермұханова былай дейді: «1999 жылы Әуезов ауданындағы орыс мектептері мен сыныптарындағы қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында ұстаздардың әдістемелік бірлестігін аштық . Ал 2000 жылы өзге ұлт балаларының қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында көңілділер мен тапқырлар клубын аштық. Олар қазақ тілін үйренгісі келеді. Қазақша өлең, ән, әзіл-қалжың айтуға деген талпыныстары бар. Тіпті мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына түскен түлектер қазақша КВН ойнап жүр. Қазір жасөспірімдер қазақтың салт-дәстүрі, тілі арқылы рухани –адамгершілік тәрбиесін бойларына сіңіруде. Біздің мақсатымыз да сол». Фестивалға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы, білім бөлімінің бастығы Айгүл Ләззәтқызы қазақ тілін дамытуда атқарған еңбектері үшін Білім бөлімінің бас маманы Гүлсара Ермұханованы, «Қазақ тілі» бірлестігінің жетекшісі Бейбітгүл Мұқанованы, т.б ұстаздар қауымын арнайы дипломдармен марапаттады.

2971 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы