• Ақпарат
  • 15 Ақпан, 2012

Құқықтық журналистика мәселесі сөз болды

Бұқаралық ақпарат құралдарының халық арасында «төртінші билік» деген ресми емес атауы бар. Бұлайша аталу себебі БАҚ өкілдерінің қоғамдық пікірді қалыптастырушы, халық пен биліктің арасындағы қарым-қатынасты реттеуші қызметін атқаратындығынан болар, сірә! Осыдан келіп, баспасөз өкілдерінің кәсіби қызметінің айналасында түрлі әңгімелердің туындайтыны рас. Қоғамдық пікірталасқа ұласқан мәселе­лердің БАҚ беттерінен көрініс табуының кей ретте ақиқатқа жанаса бермейтін тұстары да кездесіп қалып жатады. Мұндай жайт көп жағдайда құқықтық мәселелерді қозғайтын журналистердің материалдарынан орын алады. Осы мәселеге орай, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаровтың қатысуымен алқалы басқосу болып өтті. Оны университет ректоры Ғ.Мұтанов ашты. Негізгі мәселе – «Құқықтық журналистиканың даму бағыт­тары» деген тақырып аясында өрбіді. Жиынға еліміздегі ірі БАҚ өкілдері, қоғам және мәдениет қайраткерлері, ұстаздар мен студенттер қауымы қатысты. Кездесу барысында Бектас Бекназаров құқықтық журналистиканың даму бағыттарына қатысты баяндама жасап, журналистер тарапынан қойылған бірқатар сұрақ­тар­ға жауап берді. Қойылған сұрақтардың дені БАҚ өкілдері мен сот жүйесінің қарым-қатынасы, журналистердің құқықтары, соттардың қызметі тәрізді мәселелерге арналды. Жиын барысында, журналистика факультетінің деканы Е.Алауханов, Ресей елінің Санкт-Петербор университеті журналистика факультетінің профессоры Г.Мельник, Санкт-Петербор криминологтар клубының президенті, «Криминология» журналының бас редакторы Д.Шестаков күн тәртібіндегі мәселеге қатысты баяндама жасады. Д.Төлебаев

4124 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы