• Мәдениет
  • 22 Ақпан, 2012

«Астана арландарының» кезекті жеңісі

d0b0d180d0bbd0b0d0bdd181Алматыдағы Балуан Шолақ атын­дағы спорт кешенінде «Астана арландары» мен «Мумбай Файтерс» кә­сіпқой бокс командаларының арасында кезекті жекпе-жек болып өтті. «Астана арландары» «А» тобында үз­дік үш­тікті қорытындылайтындығы белгілі болғандықтан, бұл кездесуді аса маңызды өтті деп айтуға келмейді. Ал­ғаш болып шаршы алаңға шыққан қазақстандық Миржан Рақымжанов (54 келі) украиналық Иван Ильницкиймен күш сынасты. Бір-бірінің айла-тәсілін аңдыған боксшылар қандай да бір тамсанатындай әрекет көрсете алмады. Төрешілер 5 раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысында Миржанның ұпай саны бойынша басым түскендігін хабарлады. Ал 61 келі салмақта команда сапына енді қосылған қазақстандық Самат Башенов филиппиндік Чарли Суарезбен кездесті. Филиппиндік бокс­шы таразы басын теңестіруді көздеді. Ол Башеновтің әрбір соққысынан оңай сытылып кетумен болды. Алайда қоры­тын­ды есепте төрешілер Самат­тың соққыларының дәлірек болғанын ескеріп, жеңісті жерлесіміздің пайдасына шешті. Орта салмақ болып саналатын 73 келіде қазақстандық Рустам Сваевтың қарсыласы израильдік Конс­тантин Снигур болды. Қарсыласының азулы екендігін біле тұра жасымаған Рус­там лайықты қарсыласа білді. Бірақ бұл жолы «Мумбай Файтерс» коман­дасының боксшысы 2:1 есебімен арадағы айырманы қысқартты. Осылайша, жеңілістің ащы дәмін татқан Рус­там алдағы уақытта қарсыластарымен өте сақ жұдырықтасу керектігін ұқты. Ауыр салмақта, яғни 85 келіде алжирлік Абдельхафид Беншабла үнділік Раул Кумармен қолғап түйістірді. Тәжірибесіз Раулды еш аяусыз ұрған Беншабла ойына келгенін жүзеге асыра бастады. Үнді боксшысының әлсіздігін мойындаған бапкер үшінші раундта жарысты тоқта­ту­ды сұрады. Сөйтіп, жеңіске жеткен Абдельхафид жалпы есепті 3:1-ге жеткіз­ді. Соңғы кездесуде шаршы алаңға 91 келіден жоғары алжирлік Шуаиб Болодинатс пен молдовалық Михаил Мунтян шықты. Бұл жекпе-жекте Шуаиб жеңілсе де, «Астана арландары» командасы бәрібір де жалпы есепте алға шығатыны белгілі болды. Десек те, намысты қолдан бермеу­ге тырысқан Болодинатс молдовалық бокс­шыны аямай сабады. Алайда Мунтян оңай шағылатын боксшы еместігін дәлелдеді. Ол қарсы шабуылдың бірінде Шуаибтың қасын жарып жіберді. Ауыр жарақат алғанына жасымаған боксшымыз қорытынды есепте ұпай санымен жеңді. Осылайша, жалпы есепте 4:1 есебімен жеңген «Астана арландары» командасы «А» тобында 10 кездесудің қорытындысында 22 ұпай еншілеп, үздік үштіктің қатарына енді. Бір қызығы, мумбайлықтар бұған дейін өз алаңында «астаналықтарға» 0:5 есебімен есе жіберген еді. Бейбіт Есжанов баптайтын «Астана арландары» боксшыларының тыңғылықты дайындалғаны байқалып тұрды. Енді өз тобында 3-орын алған «Астана арландары» 2 наурызда жартылай финалдық сындағы алғашқы кездесуін өз алаңында, яғни Астана қаласында «В» тобында өнер көрсеткен «Мехико жауынгерлері» командасымен өткізеді. Ал қарымта кездесу 9 наурызда Мехикода болады. «А» тобында 4-орын алған «Мумбай Файтерстің» қарсыласы жартылай финалдағы «А» тобының көшбасшысы болған әзірбайжандық «Баку оттары» болмақ. Нұрлан ҚҰМАР

3700 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы