• Мәдениет
  • 02 Наурыз, 2012

«Жауратқан – жапырақтың көлеңкесі»

d182d0b0d188d0b5d0bdd0bed0b2Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде ақын, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, республикалық «Айқын» газетінің бөлім редакторы Төреғали Тәшеновтің 50 жасқа толуына орай «Жауратқан – жапырақтың көлеңкесі» атты шығармашылық кеші өтті. Жиынға ақынның әріптестері мен өнер шеберлері, сондай-ақ жырсүйер қауым қатысты. Алғашқы сөз кезегі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төр­ағасының орынбасары, жазушы Берік Шаханұлына берілді. Т.Тәшеновтің шығармашы­лығы мен азаматтық тұлғасы­на тоқталған ол өз сөзін «қаламың халқың­ның ынтымағы мен бе­рекесіне қызмет етсін» деген лебізбен аяқтады. Содан соң мінбеге көтерілген Қазақ қыздар педаго­гикалық университетінің ректоры Динар Нүкетаева өз сөзінде ақынның университет ұжымымен және студенттерімен жиі жүздесетіндігін, осыдан сәл ғана бұрын ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай біраз уақыт­тан бері шығармашылық байланыста жүрген белгілі сазгер Шәміл Әбілтаев екеуінің әдеби-шығармашылық кеші өткендігін де баса айтты. Сол жүздесуге бара жатқанда ақын көңілі тебіреніп, «Арулардың ақ үйі» атты өлең туындап, оған сазгер досы ән шығарған екен. Кеш барысында аталған әнді кең де биік тынысты, тұнық үнді Нұргүл Әлқожа орындап берді. Сазға да, назға да, мазмұнға да бай ән тыңдаушылар көңілінен шықты. Жазушы Сәбит Досанов пен ақын Темірхан Медетбек өз лебіздерін білдірді. Осыдан кейін сөз тізгіні ақынға тиіп, ол бірнеше өлеңін оқыды. Бұдан кейінгі кезекте ақын­ды мерейтойымен құттықтау үшін сахнаға ауылдастары шақырылды. Олар Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданынан аудан әкімінің құттық­тауы мен тойға тартуын ала келген екен. Ақын оқыған мектеп­тің директоры Нұрғали Жұмаш, Қазақ радиосындағы сазды да мәнді тарихи хабарларымен тыңдарманға жақсы танымал әріптес ағасы Ғалым Есенсариев ақынға деген ақжарма тілекте­рін айтты. Кеш барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педаго­гикалық университетінің атынан келген ақын Болат Шарахымбай мен Сүлеймен Демирел атындағы қазақ-түрік университетінен келген Дандай Ысқақ аталған оқу ордалары­ның арнайы құттықтаулары мен сый-сияпаттарын табыс етті. Ал ұстаздарына ере келген студенттер ақын өлеңдерінен сахналық қойылым көрсетіп, өлеңдерін жатқа оқып, өз шығармаларын да жұрт назарына ұсынды. Уағында күллі түркітілдес ақындар додасында бас бәйгені қанжығасына байлаған ақынды түрік ағайындар да ұмытпаған екен. «Диалог Еуразия платформа» бірлестігінің басшысы Сма­йыл Тас мырзаның атынан Марат Отарбаев Түркиядағы махаббат символының белгісі болған ғимарат бейнеленген картинаны ұсынса, «Айқын» газеті ақынның өзі де күтпеген сыйлықты – майлы бояумен салынған портретін сыйға тартты. Бейбіт ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

5611 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №10

10 Наурыз, 2022

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы