• Ақпарат
  • 02 Наурыз, 2012

Атырау: өркенді өзгерістер

d180d18bd181d0bad0b0d0bbd0b8d0b5d0b2Атырау облысының әкімі Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев қалыптасқан дәстүр бойынша өткен жылдың қорытындылары және Елбасы Жолдауынан туындайтын алдағы міндеттер бойынша халық алдында есеп берді. Жиынға депутаттар, қалалық құрылымдар жетекшілері, ардагерлер, қала, аудан әкімдері, тұрғындар және БАҚ өкілдері қатысты. Бүгінде қасиетті Атырау өлкесі экономикасы қарқынды дамып, ха­лықтың әлеуметтік жағдайы жақсар­ған, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген аймақтың бірі болып табылады. Әрине, мұн­дай жетістікті атыраулықтар Елба­сының салиқалы саясатымен, тәуел­сіздігіміздің жемісімен тығыз байланыстырады. Елбасының тапсырмасын жоғары жауапкершілікпен жүзеге асырып, халықтың құрметіне бөленіп жүрген облыс әкімі Бергей Рысқалиев­тың есе­бін сараптап қарасақ, осы сөзі­міз­дің дәлелі болады. Мәселен, өткен жылы облыста инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жаңа кә­сіпорындарды іске қосу, мұнай және газ өндіру көлемін арттыру, құры­лыс индустрия­сы мен өңдеу өнеркәсібін дамыту, транспорт, әлеуметтік салалар бо­йынша қыруар жұмыс атқарылыпты. Бір ғана мысал. Облыстың жалпы өңірлік өнімі өткен жылы 3 трлн. 110 млрд. теңгені құраған. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артық. Өнер­кәсіп өнімінің көлемі бес жылда үш есеге өсіп, 4 трлн. астам теңгені құраған. «Үдемелі индустриялық-инно­вация­лық даму бағдарламасын жүзеге асыруды Елбасы өз Жолда­уында он негізгі басымдықтың бірі ретінде айқын­дап берді», – деді облыс басшысы өз баяндамасында. Расында, бағдарлама аясында облыста соңғы екі жылда жалпы құны 43 млрд. теңгеге 20 инвестициялық жоба іске асырылып, 1640 адам жұмыспен қамтылды. Құрылыс индустриясы саласында да 6 жаңа өндіріс ашылып, 300 жұмыс орны құрылды. Атырауда бұрын-соңды болмаған гипсокартон, гипсоблогтар, құрғақ қоспалар, металпластикалық құбырлар, шприцтер шығару сияқты тың өндірістер іске қосылды. Биыл да құны 10 млрд. теңге болатын 6 жаңа өндірісті іске қосып, 1100 адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланған. Өңір үшін келесі өзекті міндет – шағын бизнесті дамытып, орта буын қауымдастығын қалыптастыру болып отыр. Қазір бұл сектор нығайып, әлеуетті экономикалық күшке айналды. Осы ретте облыс әкімі Бергей Сәулебайұлы ауыл шаруашылығын дамытуды одан әрі жалғастыру керектігін де атап көрсетті. «Кезінде үлкен қиындықтарды басынан кешірген ауыл шаруа­шылығы саласы бүгінде өңір экономикасының маңызды секторларының біріне ай­налды. Әсіресе соңғы жылдары тұрақты өсім бар. Облыста басты-басты, жылдап шешімін күткен, күрмеуі қиын мәселелер іске қосылып, толықтай аяқталды. Енді алдымызда екпін қояр басты міндет – ауыл шаруашылығын дамыту. Осы бағытта үлкен қаражат қарастыратын боламыз», – деді Б.Рысқалиев. Өткен жылы он үлкен жылыжай, сондай-ақ сыйымдылығы 16800 тоннаны құрайтын бес үлкен көкөніс сақтау қоймасы салынып, «Жайық-Балық» кәсіпорнына кемелер, құрал-жабдықтар алынған. Ал ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 31,8 млрд. теңгені құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғайған. Тағы бір атап өтерлік жайт, асылтұқымды мал шаруашылығы мәртебесін алған шаруашылық саны 20-ға жетті. Соңғы жылдары асыл­тұқымды мал шаруашылығының дамуына, мал өнімдерінің сапасы мен өнімділігін арттыруға бюджеттен мол қаражат бөлініп, қолдау көрсетілуде. «Бүгінгі күні егін шаруашы­лығы бойынша басқа өңірлерге деген тәуелділіктен құтылып, біз облыстың тұтыну нарығын жергілікті көкөніс, бақша өнім­дерімен 80-85 пайызға қамтамасыз етіп отырмыз. Күш-жігеріміздің көзге көрінер басты нәтижесі, міне, осындай!» – деді облыс басшысы. Облыс әкімінің айтуынша, ауыл шаруашылығына озық әдістер­ді енгізу жүзеге аса бастаған. Өткен жылы тамшылатып суару технологиясымен 255 гектар егіс қамтылған болса, қазір оның көлемі 451 гектарды құрайды екен. Ендігі кезекте оны тағы да 1000-1500 гектарға ұлғайтып, сол арқылы облысты бау-бақша өнімдерімен толықтай қам­тамасыз ету жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта басым мін­деттер­дің бірі – облысты газбен қамтама­сыз ету екені белгілі. Б.Рысқалиевтің баяндамасынан белгілі болғандай, өт­кен жылы Жамансор, Кенбай, Жантерек, Мұқыр, Сағыз елді мекендерінде кентішілік газ құбырлары салынып, Қызыл­қоға ауданына көгілдір отын тарту толықтай аяқталған. Енді 80-жыл­дары салынған, тозығы жеткен газ құбырларын жөндеу, жаңарту жұмыс­тарын жүргізуге назарға алынып отыр. Осы бағытта биыл апатты жағдайдағы Индер-Махамбет маги­ст­ралдық газ құбырын ауыс­тыру, Редут-АГРС «Финская» магистрал­дық газ құбырының 2-кезеңінің құры­лыс жұмыстары басталатыны көңіл тоғайтады. Өңірдегі ең үлкен жобаның бірі – халықты таза ауызсумен қамтуда көлемді жұмыс атқарылуда. Елбасының тапсырмасында 2020 жылы республика халқының ауыз­суға қолжетімдігі 95 пайыз болуы керек деп айтылса, облыста соңғы төрт жылда бұл деңгей бұрынғы 44 пайыздан 96 пайызға жеткен. Атап өтсек, Мақат кентінде, Исатай ауданының Тұщықұдық және Жанбай ауылдарында ауылішілік су құбыры желісінің құрылысы аяқталған. Ал Атырау қаласының су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жүргізілген. Облыс әкімі халыққа жол құ­ры­лысы өңір экономикасының дамуы­на тың серпін беретін жүйе екенін айта келіп, бұл салаға қомақты қаражат бөлініп отырғандығын жеткізді. Мәселен, 2011 жылы 350 шақырым облыстық және ауылішілік жолдар жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткен. Кейбіріне тоқталып өтсек. Бү­гінде Исатай ауданының Х.Ерғалиев, Жанбай және Исатай ауылдарына, Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылына және Мақат кентіне дейінгі кірме, Құлсары қаласы, Ганюшкин, Аққыстау ауылдарының ішкі жолдары қалпына келтірілген. Ал республикалық маңы­зы бар «Ақтөбе-Астрахан» автомобиль жолының 50 шақырымына орташа жөңдеу жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта «Сағыз-Миялы» автомобиль жолын жаңғырту жұмыстарын аяқтап, ары қарай Қарабауға дейінгі жолды жөндеу басталмақ. Сонымен қатар, Жылыойдағы Тұрғызба ауылына, Махамбеттегі Бейбарыс, Береке ауылына дейінгі кірме жолы және Құрманғазының бес елді мекенін жалғайтын жолдар күрделі жөндеуден өтеді екен. Қазіргі уақытта баспана мәселесі елімізде өзекті мәселе екені даусыз. Осы орайда өткен жылы облыста 595 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бюджет есебінен 23 үйдің құрылысы аяқталып, тапсырылған. Облыс­та бүгінде «Тозығы жеткен, апатты үйлерді бұзу» бағдарламасы толық аяқталып, құлағалы тұрған үйлердің тұрғындары кең де жарық, су жаңа үйлерге көшірілген. Бұл да болса, жергілікті тұрғындарды қолдаудағы әлеуметтік мәні зор шаралардың бірі. Елбасы өткен жылғы Жолдау­ын­да елімізде бұқаралық спортты дамыту керектігін баса айтқан еді. Осы ретте облыста спорттық инфрақұры­лымды дамытуда айтулы жетістіктер бар десек болады. Мәселен, өткен жылы облыс орталығында ескек есу базасының, Геолог, Балықшы кенттерінде спорттық кешендер құрылысы аяқталған. Әр ауданның 5 орта мектебінде 35 спорт алаңдары, Құрманғазы ауданының екі елді мекенінде спорттық ангарлар салынуда. Биыл Индер, Ганюшкин және Сағыз кенттерінде спорттық кешендер құрылысы аяқталмақ. Ендігі кезекте, қаладағы Нұрсая ықшамауданында спорт сарайын, қазіргі заманға сай жабық теннис корттарын, Жылыой, Ма­хамбет, Индер аудандары мен Атырау қа­ласында ангарлық типтегі сауық­тыру-спорт кешендерін салу жос­парлануда. Зер салып қарасақ, өткен жылы Атырау облысында мәдени-әлеуметтік негізде ауқымды жұмыстар атқарылған. Жиын соңында жер­гілікті тұрғындар облыс әкімі Бергей Рысқалиевтің 2011 жылғы атқарған жұмыстарына жоғары бағасын беріп, Елбасына, атқарушы би­лікке деген ризашылықтарын біл­дірді. Өтеген Нәукиев Атырау

3107 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы