• Қоғам
  • 13 Наурыз, 2012

АНАЛАР МЕН АРУЛАР мерекесі құтты болсын!

8-martaАқордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық мерекеге орай әйелдер қоғамдастығы өкілдерімен кездесті. Мемлекет басшысы Қазақстанның барша әйелдерін мерекемен құттықтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әйелдер күніне орай өткен кездесуде көпбалалы аналарға «Алтын алқа» белгілерін табыс етті. Одан бөлек, Елбасы әйелдердің жауапкершілігі ер-азаматқа қарағанда мол екендігін тілге тиек етті. Тіл мәселесіне айрықша көңіл бөлді. Орыс тілі қажеттігін, алайда қазақ тілі одан да жоғары тұру керектігін атады. Мемлекет басшысы Қазақстанның кино саласын бұдан әрі қарай дамытылуы қажеттігін айтты. Елбасы осы кездесуде қазақстандық «Аналар күнін» енгізуді ұсынды. Сегізінші наурыз жақсы мереке екеніне тоқталған Президент осы атаулы күнде ана мен әжелерді міндетті түрде құт¬тықтау керектігін жеткізді. «Адамзаттың жартысын әйелдер құрайды. Қазақстанда нәзік жан¬дылардың үлесі 51 пайызға жетіп отыр. Менің өмір тәжірибем бойынша басшы, министр болған әйел¬дердің әрқашан жауапкершілігі мол әрі әділ болып келеді. Нәзік жандыларды әрқашан сыйлау керек. Ерлердің мәдениетін әйелге көрсет¬кен құрметіне қарай өлшеуге болады. Әйелдер көбінесе теңдік үшін күреседі. Өмірде әйелдердің өз рөлі, ал ерлердің өз рөлі бар», – деп атап өтті Президент. Сондай-ақ Елбасы Астанадағы «Конгресс-Холл» сарайында 8 наурыз – Халықаралық әйел¬дер күні мерекесіне арналған «Көктем құшағын¬да» атты мерекелік кешті тамашалады. ...Иә, бүгін мерейлі күн. Төңірегіне тек қана тыныштық пен мейірім, махаббат тілейтін асыл жандардың мейрамы. Мереке құтты болсын, қымбатты Аналар мен Арулар!

5805 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №49

12 Желтоқсан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы