• Тұлға
  • 29 Наурыз, 2012

Аусылды асқындыруға болмайды

Бұл күндері Қазақстанның кейбір облыстарында оқта-текте малдың жұқпалы ауруларға шалдыққаны туралы хабарларды естіп жүрміз. Сондай індеттің бірі мүйізді ірі қара малдың аусыл дерті биыл Алматы, Жамбыл облыстарында пайда болды. Малдың жұқпалы ауруларына қарсы күрес жүргізетін тиісті орындар қауырт қимылдап, бұл індетті жою шараларын шұғыл жүзеге асырды. Малдың жұқпалы ауруы адамға да қауіпті болмақ. Сондықтан оны тез жою қажет екені түсінікті. Ал аусыл ауруының қаупі қандай? Оны қалай жоя аламыз? Қазақ Ұлттық Агроуниверситетінің профессоры, ветеринария ғылымының докторы Нығымет Ғатауұлы Асановқа жолығып, осы мәселе жөнінде сұрастырдық. – Аусыл ауруы деген бұрын қазақ жерінде кездеспегені тарихтан белгілі. Бұл індет қайдан, қалай пайда болған? – Иә, қазақ елінде мұндай індет ертеде ұшырасқан емес. Ертеректе XIV-XV ғасырда Еуропада ұшырасқаны жөнінде ғылыми әдебиеттерде жазылған. Аусыл ауруын 1546 жылы итальян ғалымы Фрокастро анықтаған соң, оған қарсы емдік шаралар жасала бастаған. Аусылмен мүйізді ірі қара мал батпақты, сызды, дымқыл жерлерде, әсіресе, көктемде ауырады. Сиырлардан адамға еті, сүті, терісі арқылы жұғады. Алайда адам үшін өте қауіпті болмағанымен, бұл дерт те денсаулыққа зиянды деуге болады. Бұл күндері аусыл Моңғолияда, Тәжікстанда, Қытайда ұшырасып қалады. Қазір әсіресе, Қырғызстанда жиі кездесетін болып жүр. Бұл елдерден Қазақстанға ет, сүт өнімдері әкелінетіні баршаға белгілі. Тіпті, ауру мал арқылы емес, мәшиненің дөңгелегі, өзге жабдықтар, киім-кешек арқылы да тарала береді. Биыл наурыз айының басында Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Дегерес, Қара Қастек ауылдарында аусыл қайдан жұққанын зерттей келгенде Қырғызстаннан әкелінген малдан, мал өнімдерінен болғаны анықталды. Жалпы, шет жұрттардан мал өнімдері әкелінгенде ветеринарлық мамандар оларды мұқият тексерсе, шекарадан бері өткізбеуі әбден мүмкін. – Аусылмен ауырған сиырларды жаппай өртеп жерге көметінін көріп, естіп жүрміз. Неге бұлай? Аусылмен ауырған малды емдеуге болмай ма? – Аусылмен ауырған мал жазылған соң да оның ағзасында вирусы сақталып қалады. Сондықтан малды қалайда өртеген жөн болмақ. Кеңес заманында ауыл адамдары аусылмен ауырған малдың етін асып жеп, сүтін пісіріп ішкен жағдайлар болған. Себебі – аусыл вирусы қайнатқан кезде 2 минутта өліп, жойылып кететіні ғылыми түрде дәлелденген. Солай болса да аусылды таратпаудың ең тиімді жолы малды өртеп, қора-қопсыны залалсыздандыру болмақ. Мұнан 10 жыл бұрын Англияда осылай жасаған. Себебі, «мал жазылды» дегеннің өзінде оның ағзасында вирус сақталып қала береді. – Аусыл ауруының бастапқы белгілері қандай? Басқаша айтқанда, аурудың малға, адамға жұққанын қалай білуге болады? Аусылды қалай емдейді? Қора-қопсыны, киім-кешекті қалай, немен залалсыздандырады? – Аусылдың негізгі белгісі мал жем-шөпті жемейді, қимылы баяулайды, ауыздың кілегей қабықтарында қызғылт дақтар пайда болады. Қызуы көтеріледі. Кейін қызғылт дақтар күлдіреуікке айналып, ауыздан сілекей аға бастайды. Ал адамдарда, әсіресе, балалардың саусақ арасында қызғылт дақтар пайда болады. Жалпы, ересек адамға жұғатыны кездескен емес. Бірақ сақтану керек, тазалықты сақтау, қолды сабындап жуу, малды емдегенде резина қолғап кию керек. Ал залалсыздандырғанда формалинмен, күйдіргіш натриймен, яғни сілтімен мал тұрған жерді күн сайын залалсыздандыру қажет. Малдың қиын, тезегін, басқа қалдықтарды өртеп жібереді. Ауру малды оқшау ұстау да басты талапқа жатады. – Егер ауру малдың етін, сүтін қайнатқанда вирус тез жойылып кететін болса оны пайдаға жарату жолдары неге қарастырылмайды? Қазір елде ет тапшы, әрі бағасы шарықтап кетті. Жуықта Жамбыл облысының Қордай ауданында 217 мал, Алматы облысында 243 мал өртеліпті. – Дүние жүзілік қауымдастықтың мүшесі болған­дықтан, әрі арнайы конвен­цияға қол қойған соң барша елдер қол­дан­ған шараны біз де жүзеге асыруға мін­деттіміз. Сондықтан, ауру малды дереу өртеген жөн. Сонымен қатар шекарада, кеденде, әсіресе, базарлар мен дүкендерде сатылатын тауарларға бақылауды күшейткен жөн. Бұл үшін санитарлық-ветеринар маман­дардың штатын көбейту қажет екені түсінікті. Қазір көп жерлерде, әсіресе қара базарларда, тіпті, көшелер мен үйлерде сатылып жатқан азық-түлікті бақылауға, тексеруге мамандар үлгіре алмайтынын көріп жүрміз. – Жуықта Алматы облысындағы ауылда бір отбасының 20 сиыры түгел өртеліп қорасы қаңырап бос қалды. Мұндай оқиға ауыл адамдары үшін қандай зор шығын, тіпті, қасірет деуге болады. Өртелген малдың құны төленеді екен. Алайда «мұндай төлем малдың құнынан мүлде аз» деген реніштер де естіліп жүр. – Бұрын өртелген әр ірі қараға 70 айлық есептік көрсеткіш, яғни мөлшері 75 мың теңге төленетін, қазір малдың нарықтық құнымен есептеліп төленетін болды. Баспасөзден Алматы облысында әр мал үшін 200 мың теңге төленетінін білдік. – Әңгімеңізге рахмет! Сұхбаттасқан Қ.Боқаев

13061 рет

көрсетілді

123

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №21

30 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 13459

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 7797

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 7427

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 6805

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты: Әділетті қоғам құру – парызымыз

  • 11 Сәуір, 2024
  • 6754

Еділхан ӘМІРҒАЛИЕВ, техника ғылымының докторы, профессор: Технологиялық өркениет заманы басталды

  • 18 Сәуір, 2024
  • 6541

Алишер Сатвалдиев, Парламент Сенатының депутаты: Алпыс күн тасыған дария, алты күннен кейін қайтады

  • 02 Мамыр, 2024
  • 5316

Назипа Шанаи: Ана мектебі арқылы ұл да, қыз да дұрыс тәлім алады

  • 02 Мамыр, 2024
  • 5308

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы