• Әдебиет
  • 29 Қаңтар, 2009

«Алматым жүрегімде»

Алматы қаласының мемлекет астанасы атын алғанына 80 жыл толған айтулы күн қарсаңында «Өлке» баспасы «Алматым жүрегімде» атты бес жүз беттік қалың кітап шығарды. Екі бөлімнен тұратын осы антологиялық жинақтың алғашқы бөлімде ару қала – Алматы туралы сексен екі өлең топтастырылса, келесі бөлімде осы қалаға арналған әндер жинақталыпты. Жинақ ақын Асқар Тоқмағанбетовтың «Алматы» атты өлеңімен ашылған.

Жинақта тұп-тура біреуі кем жүз ән нотасымен жарияланған. Олардың ішінде Әсет Бейсеуовтың «Алматым жүрегімде», Мансұр Сағатовтың «Алматым менің», Шәмші Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында», Ескендір Хасанғалиевтің «Алматының алмасы», Алтынбек Қоразбаевтің «Сағындым Алматымды», Кеңес Дүйсекеевтің «Алматым – әнім» сияқты күні бүгінге дейін үлкен сахналарда, халық арасында шырқалыр жүргендері де бар.

Аға ұрпақтың бас қалаға деген махаббаты, сағынышы жинақталған бұл кітапты Алматының жырмен жазылған тарихы деуге болатындай.

Нұрлыбек Саматұлы

4307 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №10

10 Наурыз, 2022

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы