• Ақпарат
  • 23 Наурыз, 2009

«Жас патриоттар» форумы өтуде

Наурыздың 17-сінде Республикалық «Жас патриоттар» форумы басталды.  Төрт күнге созылады деп жоспарып отырған форумға республиканың түкпір-түкпірінен жүзден аса адам жиналды. Жиналғандардың басым көпшілігі облыстардағы жергілікті ақпарат құралдарының журналистері. Форумның алғашқы күндері жастар үшін игі істерден басталды. Аймақтардан жиналған жастар қаладағы Қарттар үйінде кездесу жасады. Тал отырғызып, «Көктөбе» мешітінде «Иманым-жүрегімде» атты имандылық сабағын өткізді. Ал 18 наурыз күні Ұлттық кітапханада фототілші Азамат Құсайыновтың «Жатталып қалар жадыңда» атты фотокөрмесін тамашалады. Сол күні форумға қатысушы жастар Оқушылар сарайының алдында Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлауды бастады. Ұлтық сән-салтанаты келіскен жастар Достық даңғылымен Желтоқстан көшесіне дейін «Туған жерге тағзым» шеруін өткізді. Жұмаға дейін созылатын шара аясында жас ақындардың поэзия кешін ұйымдастыру, дөңгелек үстел өткізу, жас тілшілерді «Қазақстан» ҰТРК-на апару жоспарланған. Сонымен қатар қонақтар Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында «Жасасын махаббат» қойылымын көріп, М.Әуезов, Д.Қонаев, С.Мұқановтар тұрған үйлерге бармақшы.

2628 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы