• Ақпарат
  • 23 Наурыз, 2009

Алматы ерекше мәртебе алсын!

АлматыАпта басында Үкімет басшысының қатысуымен өткен жиында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Алматыға ерекше мәртебе беру керектігін айтты. Оған қоса қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты талқылаған бұл отырыста әкім Алматыдағы 64 кешеннің магистралды инженерлік жүйелерін іске қосу үшін 59 млрд теңге қажет болса, бюджеттен тек 6 млрд теңге бөлініп отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, еліміздің негізгі қаржы орталығы саналатын Алматының қордаланған мәселелерін шешу үшін қалаға ерекше өкілетті мәртебе берілуі керек екен. Оңтүстік астанаға ерекше мәртебе беру мәселесі алғаш рет көтеріліп отырған жок. Бұл жолғы жиында да Алматыға мәртебе беру туралы заң жобасын қабылдауды сұраған әкімге К.Мәсімов тіс жарып ештеңе айта қоймады.

5227 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы