• Ақпарат
  • 23 Наурыз, 2009

«БАӘ - Қазақстанның ең жақын әріптесі»

Назарбаев.НӨткен сенбіде Елбасы Біріккен Араб Әмірлігіне ресми сапармен барды. Елбасының қатысуымен Әбу-Дабиде шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер, іскерлік кеңестің отырысы өтті. Сонымен қатар екіжақты құжаттарға қол қойылады. Олардың қатарында ҚР мен БАӘ арасындағы өзара құқықтық көмек және азаматтық және коммерциялық істердегі құқықтық қатынастар туралы келісім, Қылмыс жасаған адамдарды беру туралы келісім және Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісім бар. Сондай-ақ аталған елде 16-17 наурыз күндері Қазақстанның Мәдениет күндері өтті. Мәдени шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің екіжақты қатынастарды дамытуға айрықша үлес қосқан шет мемлекеттер басшыларына берілетін жоғары наградасы – Заид орденімен марапатталды. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ Президенті Халиф Бен Заид әл-Нахаянға Қазақстанның мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін тапсырды. «БАӘ – Қазақстанның ең жақын әріптесі», – деп атап өткен Елбасы әмірлік кәсіпкерлеріне Қазақстан экономикасын инвестициялауға қаржы салуды ұсынды. Инвестициялар үшін тартымды салалардың қатарында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысуды атады. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Әбу-Дабиде Іскерлік кеңестің алғашқы отырысында БАӘ мен Қазақстан бірлескен нақты жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды ұсынатын жұмыс топтарын құратынын мәлімдеді.

3137 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы