• Ақпарат
  • 23 Наурыз, 2009

Төкші нұрды

Келдің бе Әз Наурызым – Жаңа күнім! Оятып бәйшешекті – дала гүлін. Көп болса қандай жақсы болар еді, Жүректі жадыратар жаңалығың. Әз Наурыз келген болсаң төкші нұрды, Естіртпе сен әзірге әнді мұңды. Бағзыдан әдетіміз бойға сіңген, Күтетін зор үмітпен Жаңа жылды. Сен бізге құт болып кел, бақ болып кел, Адалға, ақиқатқа жақ болып кел. Жамандық, қасіреттен аулы алыс, Жыл болшы жетегіне шаттық ерер. Сәулеңді, шуағыңды аямашы, Сәбидей жас-кәрімді аялашы. Құтты қонақ секілді емін-еркін, Даламды, тау-тасымды аралашы. Кел, Наурыз! Құшағымды ашып тұрмын, Қуанып сен келген соң тасып тұрмын. Жылуды, жылылықты сағындым ба, Әйтеуір, ғашық қылдың, ғашық қылдың... Нұрперзент Домбай

3333 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы