• Қоғам
  • 29 Қаңтар, 2009

Біз кітапты насихаттаймыз, бізді кім насихаттайды?

– Оқырманы азайған бүгінгі күнде кітап дейтін қасиетті дүниені насихаттау – нардың жүгін көтергенмен бірдей. Осы тұрғыдан «Кітап жаршысының» арқалаған жүгі ауыр болып жүрген жоқ па?

Бұл – Қазақстан бойынша отандық кітаптарды насихаттайтын бірден бір республикалық-анықтамалық басылым. Мұны «Книголюб» деген журналмен салыстыруға болмайды. Өйткені, ол журнал орыс кітаптарын, және Санкт-Петрбургтегі баспалардың кітаптарын насихаттайды.

Ал біздің газеттің арқалар жүгінің ауыр болуы оның сары алтындай салмақты

дүниелерді таныстыруында. Айталық, еліміздегі әр түрлі баспаларда шығып жатқан кітаптар, баспалардың мекенжайлары және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген құнды жәдігерлер таныстырылады. Кітапқа, кітап саудасына, авторлық құқыққа, кітап палатасына байланысты кез келген бағыттағы оқырмандардың сұрақтарына жауап қарастырылады. Музейлерде өтіп жататын көне кітаптардың көрмелері туралы, экономика, медицина, заң т.б. салалық кітаптардан мағлұмат беріп отырады. Бұл жағынан «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Ана тілі» газеттерінде шығатын «Сегізінші қазынаға» қарағанда «Кітап жаршысы» анағұрлым көлемді, кең өрісті, жан-жақты. Газетте балалар әдебиетінен бастап, тарих, археология, этнография, геология, т.б. салаларға қатысты кітаптар да таныстырылады. Алдағы нөмірден бастап, 2004-2008 жылдар аралығында «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шыққан бүкіл кітаптардың тізімдігін беру жоспарда тұр.

Біз «ақпар парақ» беріп отырамыз. Онда биыл ғана емес бірнеше жыл бойы шығып келе жатқан кітаптардың тізімі, көлемі, мұқабасы, көркемделуі туралы мәліметтер, және баспаның мекенжайы, телефондары беріледі. Осыдан пайдаланып оқырман қажет кітаптарын сатып ала алады. Қазіргі күні мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітаптардың таралымы 2000 данадан аспайды. Бұлар жеке адам емес Қазақстандағы кітапханалардың өзіне жетпейді. Сондықтан, оқырман қай салада қандай кітап шыққанын біліп отыруы тиіс.

Газет қашаннан бері шығып келеді?

Бұл газет 1961 жылдан бастап шығып, 1993 жылы жабылып қалған. Ол кезде «Кітап жаршысы» және «Друг читателия» деп екі бөлек болып шығатын. 2008 жылы ақпаннан бастап, қазақ және орыс екі тілде бір газет қылып жаңғыртып шығарып жатырмыз.

Газет тек кітап таныстырумен ғана айналыспайтын болар...

– Республика көлемінде кітапқа байланысты өткен іс-шаралардың барлығынан хабар беріп отырамыз. Былтыр ұйымдастырылған «Жас кітапханашылардың слетін» кең көлемде насихаттадық. Балаларды кітапқа қалай тарту, кітапханаларда қалай жұмыс жасау, т.б. мәселелер төңірегінде озық тәжірибелері бар мықты кітапханашылардың мақалалары қазақ және орыс тілдерінде беріліп отырады.

«Текті елдің баласы аталы сөзге тоқтаған» деген айдармен аузы дуалы зиялы қауымның кітапқа байланысты ой-пікірлерін, кітап төңірегіндегі проблемалар жайында айтқандырын сұхбат түрінде беріп отырамыз. Мысалы, өткен нөмірде Герольд Белгермен болған сұхбат берілді. Келесі жолы Дулат Исабековен, ары қарай Қалмұхан Исабай секілді жазушылардың пікірін тұрақты түрде жариялап отырамыз.

16 милион халқы бар Қазақстанға «Кітап жаршысының» 3000 данамен таралуы аздық етпей ме?

– Елімізде мектеп кітапханаларын қоспағанда 8000-нан аса кітапхана бар. Мектеп кітапханасынан тартып, барлық кітапханалар «Кітап жаршысынан» бір данадан алса да газеттің таралымы 15000-нан асар еді. Өкінішке орай 3000 тираждан ары аса алмай отырмыз. Кеңестік дәуірде кітапты насихаттайтын арнайы бюро болған. Олар ел-елді, аудан-ауылдарды аралап, кездесу өткізетін. Ал қазір шенеуніктерге қол үшін бер десеңіз «әр мекеме өз жұмысын өзі жасауы керек» деген уәж айтады. Біздіңше олай болмауы керек. Олар бізді насихаттаса, біз кітапты насихаттаймыз. Кітап – халықты рухани байытатын дүние.

– Бізге алыс аймақтардан телефон шалған нағыз кітапқұмар оқырмандарға сіздерді сілтейміз. Ал олардың көбі «Кітап жаршысын» білмейтін болып шығады. Оларды «Кітап жаршысымен» қалай табыстыруға болады?

– Қазпошта, Еуразия пресс, Еврика пресс секілді баспасөз тарататын орталықтар бар. Ең негізгісі Қазпошта. Мысалы, Қазпоштаның бір жылға шығаратын каталогы бар. Нағыз кітапсүйер оқырман соның ішінде 64222 индексімен «Кітап жаршысына» әр айдың 15-не дейін жазылса, келесі нөмірді алып тұрады. Газет айына бір рет шығатындықтан, бағасы да аса қымбат емес.

Ал Алматы қаласына «Дауыс» арқылы таратып отырмыз. Басында оларда «өтпейді, жаңадан шыққан газет» деп, ат тонын ала қашып еді. Қазір керісінше дүңгіршекке түскені түскендей сатылып кетіп жатыр.

Расында да, ауылдағы кітапханалар тіпті осы газеттің шығып жатқанын, қандай нәрселер қамтылып жатқанын білмеуі де мүмкін. Алыс аймақ емес, «Баспалар үйіндегі» қаптаған баспалар да бір-бірінде не кітап шығып жатқанын білмей жатады. Облыстық оқу бөлімдерінде кітаптармен, кітапханалармен айналыстан мамандар, орталықтандырылған кітапхана жүйелері болады. Солар газеттің халыққа жетуіне көмектесуі керек.

Біләл ҚУАНЫШ

китап

Қанат Қайым, «Кітап жаршысы» газетінің бас редакторы:

Біз кітапты насихаттаймыз, бізді кім насихаттайды?

– Оқырманы азайған бүгінгі күнде кітап дейтін қасиетті дүниені

насихаттау – нардың жүгін көтергенмен бірдей. Осы тұрғыдан «Кітап жаршысының» арқалаған жүгі ауыр болып жүрген жоқ па?

Бұл – Қазақстан бойынша отандық кітаптарды насихаттайтын бірден

бір республикалық-анықтамалық басылым. Мұны «Книголюб» деген журналмен салыстыруға болмайды. Өйткені, ол журнал орыс кітаптарын, және Санкт-Петрбургтегі баспалардың кітаптарын насихаттайды.

Ал біздің газеттің арқалар жүгінің ауыр болуы оның сары алтындай салмақты

дүниелерді таныстыруында. Айталық, еліміздегі әр түрлі баспаларда шығып жатқан кітаптар, баспалардың мекенжайлары және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген құнды жәдігерлер таныстырылады. Кітапқа, кітап саудасына, авторлық құқыққа, кітап палатасына байланысты кез келген бағыттағы оқырмандардың сұрақтарына жауап қарастырылады. Музейлерде өтіп жататын көне кітаптардың көрмелері туралы, экономика, медицина, заң т.б. салалық кітаптардан мағлұмат беріп отырады. Бұл жағынан «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Ана тілі» газеттерінде шығатын «Сегізінші қазынаға» қарағанда «Кітап жаршысы» анағұрлым көлемді, кең өрісті, жан-жақты. Газетте балалар әдебиетінен бастап, тарих, археология, этнография, геология, т.б. салаларға қатысты кітаптар да таныстырылады. Алдағы нөмірден бастап, 2004-2008 жылдар аралығында «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шыққан бүкіл кітаптардың тізімдігін беру жоспарда тұр.

Біз «ақпар парақ» беріп отырамыз. Онда биыл ғана емес бірнеше жыл бойы шығып келе жатқан кітаптардың тізімі, көлемі, мұқабасы, көркемделуі туралы мәліметтер, және баспаның мекенжайы, телефондары беріледі. Осыдан пайдаланып оқырман қажет кітаптарын сатып ала алады. Қазіргі күні мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітаптардың таралымы 2000 данадан аспайды. Бұлар жеке адам емес Қазақстандағы кітапханалардың өзіне жетпейді. Сондықтан, оқырман қай салада қандай кітап шыққанын біліп отыруы тиіс.

Газет қашаннан бері шығып келеді?

Бұл газет 1961 жылдан бастап шығып, 1993 жылы жабылып қалған. Ол кезде «Кітап жаршысы» және «Друг читателия» деп екі бөлек болып шығатын. 2008 жылы ақпаннан бастап, қазақ және орыс екі тілде бір газет қылып жаңғыртып шығарып жатырмыз.

Газет тек кітап таныстырумен ғана айналыспайтын болар...

– Республика көлемінде кітапқа байланысты өткен іс-шаралардың барлығынан хабар беріп отырамыз. Былтыр ұйымдастырылған «Жас кітапханашылардың слетін» кең көлемде насихаттадық. Балаларды кітапқа қалай тарту, кітапханаларда қалай жұмыс жасау, т.б. мәселелер төңірегінде озық тәжірибелері бар мықты кітапханашылардың мақалалары қазақ және орыс тілдерінде беріліп отырады.

«Текті елдің баласы аталы сөзге тоқтаған» деген айдармен аузы дуалы зиялы қауымның кітапқа байланысты ой-пікірлерін, кітап төңірегіндегі проблемалар жайында айтқандырын сұхбат түрінде беріп отырамыз. Мысалы, өткен нөмірде Герольд Белгермен болған сұхбат берілді. Келесі жолы Дулат Исабековен, ары қарай Қалмұхан Исабай секілді жазушылардың пікірін тұрақты түрде жариялап отырамыз.

16 милион халқы бар Қазақстанға «Кітап жаршысының» 3000 данамен таралуы аздық етпей ме?

– Елімізде мектеп кітапханаларын қоспағанда 8000-нан аса кітапхана бар. Мектеп кітапханасынан тартып, барлық кітапханалар «Кітап жаршысынан» бір данадан алса да газеттің таралымы 15000-нан асар еді. Өкінішке орай 3000 тираждан ары аса алмай отырмыз. Кеңестік дәуірде кітапты насихаттайтын арнайы бюро болған. Олар ел-елді, аудан-ауылдарды аралап, кездесу өткізетін. Ал қазір шенеуніктерге қол үшін бер десеңіз «әр мекеме өз жұмысын өзі жасауы керек» деген уәж айтады. Біздіңше олай болмауы керек. Олар бізді насихаттаса, біз кітапты насихаттаймыз. Кітап – халықты рухани байытатын дүние.

– Бізге алыс аймақтардан телефон шалған нағыз кітапқұмар оқырмандарға сіздерді сілтейміз. Ал олардың көбі «Кітап жаршысын» білмейтін болып шығады. Оларды «Кітап жаршысымен» қалай табыстыруға болады?

– Қазпошта, Еуразия пресс, Еврика пресс секілді баспасөз тарататын орталықтар бар. Ең негізгісі Қазпошта. Мысалы, Қазпоштаның бір жылға шығаратын каталогы бар. Нағыз кітапсүйер оқырман соның ішінде 64222 индексімен «Кітап жаршысына» әр айдың 15-не дейін жазылса, келесі нөмірді алып тұрады. Газет айына бір рет шығатындықтан, бағасы да аса қымбат емес.

Ал Алматы қаласына «Дауыс» арқылы таратып отырмыз. Басында оларда «өтпейді, жаңадан шыққан газет» деп, ат тонын ала қашып еді. Қазір керісінше дүңгіршекке түскені түскендей сатылып кетіп жатыр.

Расында да, ауылдағы кітапханалар тіпті осы газеттің шығып жатқанын, қандай нәрселер қамтылып жатқанын білмеуі де мүмкін. Алыс аймақ емес, «Баспалар үйіндегі» қаптаған баспалар да бір-бірінде не кітап шығып жатқанын білмей жатады. Облыстық оқу бөлімдерінде кітаптармен, кітапханалармен айналыстан мамандар, орталықтандырылған кітапхана жүйелері болады. Солар газеттің халыққа жетуіне көмектесуі керек.

Біләл ҚУАНЫШ

6073 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы