Редакция
«Ана тілі» газеті

Қарагөз Сімәділ – «Ана тілі» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары . Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін, сол университеттің философия және саясаттану факультетінің магистратурасын бітірген. «Парасат» журналында, Қазақ радиосында, «Қазақ әдебиеті» газетінде, Ұлттық аударма бюросында қызмет еткен. 2019 жылдан «Ана тілі» газетінің «Тіл мәселелері және этнография» бөлімінің редакторы. 2020 жылдан Бас редактордың орынбасары. «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін 1991 жылы бітірген.
1991-2001 жылдары «Жас Алаш» газетінде саясат, экономика, спорт, бөлімінің меңгерушісі, 2001-2004 жылдары «Жас қазақ үні» газеті бас редакторының орынбасары, 2004-2006 жылдары «Айқын» газеті саясат бөлімінің редакторы, 2007 - 2017 жылдары «Айқын» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, 2017 - 2018 жылдары Аikyn.kz веб-сайтының шеф- редакторы болып жұмыс істеген.
2018-2019 жылдары «Қамшы.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы, 2019 - 2020 жылдары «Қазақ газеттері» ЖШС Kazgazeta.kz ақпараттық порталының бас редакторы, 2021 жылдан бастап «Ана тілі» газеті бас редакторының орынбасары болып қызмет істейді.
Берік Бейсенұлы Президенттің Алғыс хатымен және Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған.
Ол Қазақстан Журналистер Одағы Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты, «Ақпарат саласының үздігі» медалінің иегері. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалімен, Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Бірлік» медалімен марапатталған.
Б.Бейсенұлы 2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

Дағжан БЕЛДЕУБАЙ 1963 жылы туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің түлегі. Монғолиядағы қазақ балаларына арналған тұңғыш басылымдар «Алтын сақа» журналының, «Балдәурен» газетінің шығарушы-редакторы.
Монғолиядағы қазақ радиосында редактор, Алматы облысы бұрынғы Күрті ауданы «Шұғыла» газетінде жауапты хатшы, еларалық «Қазақ елі» газетінде бөлім редакторы, «Ана тілі» апталығында бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары, «Жазушы» баспасында редактор, «Жалын» журналында жауапты хатшы, «Таң-Шолпан» журналында бас редактор, «Арыс» баспасында редактор қызметтерін атқарған. Қазір «Ана тілі» газетінде бөлім редакторы болып жұмыс істейді.
Студент кезінен бастап өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеттерінде жарық көрген. Сол секілді студент-ақындардың «Аудитория» атты жыр жинағына, «Жыр маржаны», «Қобданың қоңыр желі» тағы басқа көптеген біріккен жинақтар мен антологияларға шығармалары енген. «Жыланды сай жайлы аңыз», «Атажұрт алақанында», «Жасыл сөздер» жыр жинақтарының, «Көз» атты әңгіме, хикаяттар жинағының, мерзімді басылымдарда жариялана бастаған «Сұрқылтай» романының авторы. Республикалық басылымдарда үздіксіз жарияланып келе жатқан көптеген аналитикалық, публицистикалық туындыларымен де оқырманға жақсы таныс. Белоруссияның әйгілі күрескер ақыны Владимир Некляевтің өлеңдерін, ресейлік дінтанушы Александр Дворкиннің еңбектерін қазақшаға аударған. Шығармалары монғол, түрік тілдеріне аударылған.
Қаламгерлік қызметі үшін ҚР Президентінің Алғысымен, ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Құрмет грамотасымен», Қазақстанның «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалымен марапатталған.

Бағдагүл Мұратқызы Балаубай - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.
“Ана тілі” ұлт газетінде 2000 жылдан бері еңбек етеді. Әр жылдары тілші, бөлім редакторы қызметін атқарды. Журналистер одағының мүшесі.
Баспасөзге сіңірген ұзақ жылғы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен “Құрмет” орденімен марапатталды. 2013 жылы Алматы қалалық әкімдігінің ұйымдастырған “Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары” атты қалалық байқауында “Баспасөздегі үздік журналист” номинациясын иеленген. “Ақпарат саласының үздігі”, “Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл” төсбелгісінің иегері.

Қуатова Ақбота Мұсабекқызы – журналист. 2013 жылы А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың журналистика мамандығын, 2017 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика магистратурасын бітірген.
«Таң», «Хабар», «Muzzone» телеарналарында қызмет еткен. 2018 жылдан бері «Ана тілі» газеті «Білім, ғылым және мәдениет» бөлімінің редакторы. «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Хусаинов Азамат Серикбаевич 1987 жылы шілденің 27 жұлдызында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Ұзақбай Сыздықбаев ауылында дүниеге келген.
2008-2011 жылдар «Жас өркен» ЖШС қарасты «Ұлан», «Ақжелкен», «Балдырған», «Дружные ребята» басылымдарында фототілші
* 2011 -2021 жылдар «Қазақ газеттері» ЖШС қарасты, «Ана тілі» газетінде фототілші болып жұмыс істеді.
Қазіргі таңда “Ана тілі” газетінің фототілшісі.

Бағдат Сұлтанқызы – журналист, медиа-зерттеуші. Жастайынан білімге құштар болып, барлық оқу кезеңінде үздік үлгерімімен ерекшеленген. 2024 жылдан бері: «Ana tili» республикалық газетінің меншікті тілшісі. Баспасөз бетіне ұлттық руханият, мәдениет, білім, әлеуметтік мәселелерге арналған мақалалар мен сұқбаттар жариялап келеді.
- 25-халықаралық жастар симпозиумында бірнеше номинация бойынша жеңімпаз (2020);
- «Жас зерттеуші», «Жас тарихшы», «Ilyas Zhansugurov оқулары», Abai оқулары сияқты байқауларда жүлделі орындар иеленген;
- Қожакеев, Ыдырыс, Бекхожин оқулары сияқты кәсіби байқауларда «Үздік мультимедиялық жоба», «Үздік тележоба» аталымдары бойынша бірнеше мәрте I және II дәрежелі дипломдарға ие болған;
- Медиасауаттылық, жылдам оқу, сторителлинг, ақпараттық журналистика бойынша халықаралық семинарлар мен курстарға қатысып, сертификаттар алған;
- Бағдат Сұлтанқызы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Ол өз жұмысында кәсіби адалдықты, обьективтілік пен қоғамдық жауапкершілікті жоғары бағалайды.