Басшылық

vv

 

Ерлан Жүніс

 1984 жылдың 7 қарашасында Алматы облысы, Жамбыл ауданында өмірге келген. М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетін «әдебиетші, филолог» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

 Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінде тілші, республикалық «Кентавр» әдеби апталығында бөлім бастығы, бас редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім бастығы, Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінде тілші, Қазақстан Жазушылар одағында референт-әдеби кеңесші, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының басшысы, «Егемен Қазақстан» газеті «Әдебиет және өнер» бөлімінің жетекшісі қызметтерін атқарған.

 Қазір Республикалық  “Ана тілі” газетінің бас редакторы.

Қазақстан Жазушылар одағының Хатшысы, 7 жыр кітабының авторы, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты. Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері. Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде «Әдебиет» аталымы бойынша Гран-При және Президент Кубогін алған;

Мемлекеттік Стипендия иегері;

Халықаралық «Содружество дебютов» СНГ» сыйлығының иегері;

“Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталған.