Газет туралы

Құрылтайшы және шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Бас директор: Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ

«Ана тілі» ұлт газеті

Алғаш жарық көруі: Республикалық «Ана тілі» газеті тәуелсіздіктің жылымығы есе бастаған 1990 жылы, Ұлыстың ұлы күні наурыздың 22-сінде жарық көрді.
Бағыты: «Ана тілі» – Мемлекеттік тілдің бірден-бір жоқшысы, үні айбары. Республикадағы тіл тақырыбында шығатын ресми жалғыз басылым.
«Ана тілі» тек Мемлекеттік тіл ғана емес, ұлтқа қатысты кез келген күрмеулі мәселелерді көтеріп келеді. Қазақтың тілі, қазақтың ауылы, қазақ мектебі, балабақшасы, қазақ жастары, қазақ ғылымы, т.б. көптеген тақырыптар басылым беттерінен түсіп көрген емес.
Таралымы: Ұлт мүддесін бірінші орынға қоятын газеттің 90-жылдардағы таралымы 100 мыңнан асып жығылады. Бүгінгі таңда газеттің 26 000-дай оқырманы бар, төрт түрлі түспен, 12 бет А2 форматпен басылуда.
Алған марапаттары: 2005 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен, бірнеше мәрте Ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен, арнаулы дипломдарымен, әртүрлі бәйгелердің бас жүлделерімен марапатталуы – осының айғағы. 2006 жылдың 11 мамырдағы нөміріне басылымның Бас редакторына ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп арнайы сұхбат беруі республика жұртшылығы тарапынан тағдыры күрмеулі мемлекеттік тілдің, сондай-ақ, «Ана тілінің» жеңісі ретінде бағаланды.
Бас редакторлар туралы: 1990-97 жылдар аралығында басылымның Бас редакторы бедгілі қаламгер Жарылқап Бейсенбайұлы болса, 1997-2006 жылдарда белгілі жазушы, Президент сыйлығының иегері Мереке Құлкенов, 2006 жылдың тамызынан желтоқсан айына дейін ҚР Президенті сыйлығының иегері, саяси ғылымдар кандидаты Жұмабек Кенжалин, 2006 жылдың қараша айынан 2009 жылдың наурызына дейін филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Тәж-Мұрат, 2009 жылдың наурызынан 2018 жылдың шілдесіне дейін жазушы-журналист, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Самат Ибраим басқарды. 2018 жылдың шілдесінен  2021 жылдың қаңтарына дейін ақын-журналист Жанарбек Садыханұлы ӘШІМЖАН басқарды. 2021 жылдың қаңтарынан  2023 жылдың қаңтарына дейін журналист-жазушы Қали Сәрсенбай басқарды.

2023 жылдың қаңтарынан қазірге дейін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты Ерлан Жүніс басқарып келеді.

 

Апталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiнде қайта тiркеуден өтiп, 2006 жылғы 4 маусымда №7345-Г куәлiгi берiлдi.
«Ана тiлi» газетiнде жарияланған материалдардың авторлық құқы «Қазақ газеттерi» ЖШС-ға тиесiлi, жарнаманың мәтiнi мен тiлiне редакция жауапты емес.
«Ана тiлiнде» жарияланған материалдарды көшiрiп немесе өңдеп басу үшiн редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сiлтеме жасалуы мiндеттi.
Жарияланған мақала авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Газет авторларынан мақалалардың 3 беттен (14 кегль) аспауын, электрондық нұсқасымен қоса әкелуiн сұраймыз. Редакция оқырман хаттарына жауап бермейді, қолжазба кері қайтарылмайды.
Газеттiң терiлуi мен бет қатталуы «Қазақ газеттерi» ЖШС-ның компьютерлiк орталығында жасалды. Индекс 65367. Офсеттiк басылым.

Мекенжайымыз:
Алматы қаласы,
Абылайхан көшесі, 58 A, 5 қабат

Редакция телефондары: 273-74-39

E-mail: anatili_gazetі@mail.ru