• Ақпарат
  • 15 Қараша, 2021

ТӘУЕЛСІЗДІК-ТӘҢІРДЕН ТӘТТІ СЫЙ

Тәуелсіздік... бір ауыз сөздің астарында қаншама мағына, бабалар қаны, аналарымыздың көз жасы бұғып жатыр. Топырақ қойнауына тоғытылған тарихпен сырлассаңыз тәуелсіздік тұғырын тік көтеру оңай болмағанына көзіңіз жетеді. Тәуелсіз ел болу қандай бақыт?! Талайдан бері, қаншама ұрпақ аңсап кеткен, ел-жерін қорғап өмірден өткен бабалардың рухы біздей бақытты перзенттерін көріп бір асқақтар ма еді?! Тәуелсіздік – балалар аңсап өткен, ұрпақтары күресіп жеткен киелі кезең. 
    30 жыл толды міне тәуелсіздігімізге. 1991 жыл. Көптен күткен халық аңсаған кезеңге аяқ бастық. Тәуелсіздік алғаннан кейін де көптеген қиыншылықтан өтті . «Тәуелсіздік» деп қуанған еліміздің басынан діл осы кезеңде жұмыссыздық, дағдарыс, кедейшілік сынды талай проблемалармен бетпе-бет келді. Елбасы салған сара жолмен қиындықтар келмеске кетті. Биыл міне егемендіктің отыз жылдығын ел болып тойлап, даңқымыз бен парқымыздың жеткен жерін әспеттеп жатырмыз. Мына жалғанды жалпағынан басып жатқан Кеңес одағы ыдырап, жетпіс жыл бодандықта болған еліміз шекарасын бекітті, өз алдына дербес, зайырлы ел болды. Бәріне белгілі Қазақ Елінің тәуелсіздігін ең бірінші болып Түркия мемлекеті мойындады. Шетелдермен де байланысымызды жақсы деп сеніммен айта аламыз. Сол кезде ұлы көшті бастаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы ойлары, пайымды пікірі мен байыпты шешімдерінің арқасында бүгінгі бедел биігіне шығып отырмыз. Мемлекет болып тірішілік еткелі өнегелі өткеніміздің қай сәтіне көз тастасақ та Тұңғыш Президентіміздің қолтаңбасы мәңгі болып қалары анық. Сонша өткелден кейін Ұлы дала елінің еңсесін тіктеп, иығынан төгілген иілген басын тіктете түсті. Болашақ жастардың қолында деген Елбасымыз оқу орындарына баса назар аударып ел келешегін нығаюына үлес қосатын бірқатар университеттерге жаңа технологиялар мен оқу әдісінің ыңғайлы түрін пайдалануға шешім қабылдады.Жоғарыда атап өткен шешімдерді ескере отырып оқу нысандары болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына еңбек етуде.Атап айтар болсақ,әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қазіргі жаңа технология мен жаңа оқу әдістемесін пайдалана отырып қаншама шәкіртті тәрбиеледі.Тәуелсіздіктің бабалардың қаны мен жанымен келгенін санасына сіңіруде атқарған жұмыстары ұшан теңіз.Тәуелсіздік-тәңірден келген тәтті сый екенін жастар қоғамына ұғындыруда жасаған қадамдары өте көп.
    Ұлы дала елінің тірегі мықты, алып 30 мемлекеттің қатарына қосылу қадамы бүгін мақсат болса, ертең шындыққа айналған әлем болсын. Бірлігіміз мықты, тыныштығымыз мәңгі болары хақ!Тарихымыз үшін қысқа ғана саналатын небәрі 30 жылдың ішінде ғасырлық дүниелерге дем бітірген еліміздің болашағы нығая берсін!


Даубасова Сулушаш,әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы.

23227 рет

көрсетілді

1175

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы