• Руханият
  • 23 Маусым, 2022

АТАТЕККЕ ҚҰРМЕТ

Филология ғылымының докторы, профессор Темірхан Тебегеновтің «КЕТЕ-БАЙСАРЫ: ататек тарихы және ұрпақтар жалғастығы» атты екінші кітабы жарыққа шықты.

Автор кітапта жазылған тарих­намалық-дерекнамалық тың деректер мен бұған дейін назарға алынбаған өзекті мәселелерді қазіргі және болашақ ұрпақтың назарына ұсынады. ­Жазушы қазақ халқының рулық-ұлыстық жүйесіне тарихи-танымдық зерттеулер жасаған. Тарихшы, әдебиетші, этнолог-этнограф ғалымдардың (Геродот, Страбон, Гордлевский, Н.Аристов, Джон Кемпбелл, М.Тынышбаев, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, М.Дүйсенов, М.Мағауин, Ә.Сарай, Т.Әбенайұлы, С.Өтениязов, Ә.Балқыбек т.б.) дерекнамалық еңбектері арқылы қазақ ру-ұлыстарының антикалық дәуірлердегі және кейінгі ғасырлардағы тарихына байланысты тың мәліметтерді де анықтаған.

Кітапта отандық және шетелдік тарих, этнография, әдебиеттану, мәдениеттану ғылымдарының дерекнамалық-тарихнамалық тұжырымдары негізге алына отырып, Кете-Байсары баба және одан тараған ататек-әулет ұрпақтары жүйеленген.

Қазақ елінің негізгі иесі қазақ халқының ата-бабалары мен кейінгі буын ұрпақтары жалғастығын жүйелеген тарихи-танымдық бұл кітап қазақ елінің жаңа буын ұрпақтарына арналған.

 

Алтынарай Тебегенова,

филология ғылымының

кандидаты (PhD),

Қазақ Ұлттық Аграрлық

Зерттеу университеті

«Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының меңгерушісі

824 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы