• Мәдениет
  • 20 Сәуір, 2023

Сәулет өнерінің тұрақты фотогалереясы ашылды

Ескерткіштер мен тарихи орындардың халықаралық күніне (Дүниежүзілік мұра күні) орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тарих факультетінің фойесінде «Қазақтың сәулет өнері ескерткіштері» атты тұрақты фотогалерея ашылды.

Оған археология, этнология және музеология кафедрасының профессор-оқытушыларының еңбектері қойылды. Көрмеге қойылған суреттер кешенін кафедра ұстаздары археологиялық, этнографиялық, т.б. экспедициялар кезінде жинастырған екен. Фотосуреттердің мазмұны, қолданыс аясы, тақырыбы әр алуан.

КАЗҰУ

Жалпы алғанда, қазақ халқының дәстүрлі білімдер жүйесінде халықтық сәулеттік өнер түрлерінің аймақтық ерекшеліктері бар. Фотогалерея тақырыбы батыс өңірлердегі сәулет өнеріне арналған, мұндағы киелі жерлерден де фотосуреттер қоры мол ақпарат береді. Тұрақты көрмеге қойылған фотолар кесене, мешіт, қабір үстіне қойылатын тастардың түрлерін (құлпытас, сандықтас, қойтас, қошқартас, т.б.), құдықтар мен мал шаруашылығында пайдаланған құрылыстарды сипаттайды.

 «Қазақтың сәулет өнері ескерткіштері» сынды фотогалерея қазақ халқының ежелгі сәндік-қолданбалы өнеріндегі тас қашау өнерінің бірегей үлгілерін көрерменге қаз қалпында жеткізеді. Олардың хронологиялық мерзімі де әрқилы. Дегенмен басым көпшілігі қазақ сәулет өнеріне қажетті бөлшектерден тұрады. Тіпті қазақ сахарасындағы заттай мәдениеттің кесек-кесек туындылары деп те саналады.

Гульмира Сабденова

тарих ғылымдарының кандидаты,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті

10017 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы