• Ақпарат
  • 25 Қаңтар, 2024

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАРНАМА ҚАШАН ТҮЗЕЛЕДІ?

Тілдер дамыту комитеті қазақ тіліндегі жарнама сапасының жақсаруы үшін өз тарапынан іс-шаралар өткізіп келеді. Комитет  осыдан бірнеше жыл бұрын «Сауатты жарнама – тіл абыройы» атауымен байқау өткізген еді. Байқау өткен  жылы да өткізіліп,  атауы «Ең сауатты жарнама – тіл абыройы» деп өзгертілді, бұл атаудың орынсыздығы туралы бірталай әлеу­меттік желілерде сөз болғанын да білеміз (бұл мәселеге сәл кейінірек тоқталамыз.)  

 

Мен қазақ тіліндегі жарнама мәселелерімен 2013 жылдан бастап айналысып жүрмін. Бұл саланың бар қыр-сырын зерттеп, жан-жақтан, бірнеше гуманитарлық ғылым атап айт­қанда, филология, мәдениеттану, әлеу­меттану тарапынан  қарастырдым. 
Зерттеулерімнің нәтижелерімен қысқаша ғана таныстырып өтейін. Лингвистика жағынан қарастырсақ. сауатсыз жарнама – қазақ тілінің бақылаусыз креолизациялануының (қарабайырлануының) объективті көрсеткіші. Креолизация көрнекі, интернет, аудио және теледидар жарнамалары арқылы қазақ тілінің грамматикасын, стилін, сөздік қорын, орфоэпиясын бұзып, қазіргі қазақ тілінің дамуына зиян келтіреді.
Әлеуметтік жағынан қарастырсақ, сауатсыз жарнама мәселесіне қоғамның немқұрайлы қарайтыны белгілі болды және қоғамның жарнама мәселесін қалпына келтіре алмайтыны анықталды. Тағы бір күрделі мәселе – биліктің азаматтық қоғам бастамаларына құлақ аспайтыны, тіл саясатын жүзеге асырып отырған мекемелердің ұстанымдары ғылыми зерттеулерге негізделмейтіні. Өкініштісі  бұлардың барлығы жинақтала келе жарнама мәселесін мәдени дағдарысқа әкеліп тірейді. Өйткені бақылаудан тыс, стихия­лық креолизация – тіл дағдарысының көрсеткіші. Тіл дағдарысы – ұлттық бірегейлік дағдарысының көрсеткіші. Ұлттық бірегейлік дағдарысы ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің егемендігіне қауіп төндіреді.
Енді аса көкейкесті бұл мәселені шешудің жолы бар ма деген сауал туындауы заңды. Ондай жол бар және оның бірнеше бағыт бойынша жүзеге асу мүмкіндігі бар.
Біріншісі, қазіргі тілдік жағдайды мейлінше объективті бағалау қажет. Қазақ тілінің дағдарысқа ұшырағанын мойындау абзал. Екіншісі, сауатсыз жарнамаға қарсы шараларды жүзеге асыру қажет. Жарнама сауаттылығын бақылаудың тиімді жүйесін құру. Нақтырақ айтқанда, әкімдіктер жанындағы кәсіби аудармашылар кеңес­тері, тіл полициясы, аудармашылар мен жарнама мәтіндерін жасайтын мамандарды сертификаттау да маңызды. Үшінші бағыт – қоғамды демократияландыра түсу. Азаматтық қоғамның тіл саясатын қалыптастыруына мүмкіндік беру, мемлекеттік тілді оқытудың жалпыұлттық инновациялық жобаларын жүзеге асыру. 
Зерттеулер бар, шешімдер ұсынылып отыр. Демек, тиісті, жауапты органдар тарапынан сергектік, жоғарыдан бастап, жер-жерлерде тіл саясатына жауап беретін азаматтардың мейлінше біліктілігі аса қажет. 
Енді сөз басында айтып өткен қазақ тіліндегі жарнамаға байқау атауына байланысты бірер сөз. Өткен жылғы байқау «ең» үстеуі қосылып, «Ең сауатты жарнама – тіл абыройы» деп аталды. Біздіңше, бұрынғы атауы қалдырылуы керек. Өйткені, жарнама не сауатты, не сауатсыз болады. Өкініштісі, жүлдегерлер аудармаларының деңгейінен қоғам бейхабар, жеңімпаз болған жарнама мәтіндері құпия қалады да, оларды жарнамалық жақсы мәтін үлгісі ретінде пайдалана алмаймыз. Ал қазақ тілінде жазылатын жарнама мәтіндерінің басым бөлігі қатеге толы екені бәрімізге мәлім. Сондықтан да жарнама мәселесінде мемлекет тарапынан кешенді жұмыс жүргізілуі керек және бұл ретте азаматтық қоғамның бастамаларын қолдау аса қажет. 

Земфира ЕРЖАН,
мәдениеттанушы, 
аудармашы

2880 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6228

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5720

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3459

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2841

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2804

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2782

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2513

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2498

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы