• Ақпарат
  • 16 Сәуір, 2024

9,5 МЛН ТЕҢГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІ СОЛТҮСТІККЕ ЖІБЕРДІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қаласындағы штабы «Жүректен жүрекке» акциясы аясында 9,5 миллион теңге мен 33 тонна зат жинап, Солтүстік Қазақстан облысына жіберді. Бұл Шымкенттен зардап шеккен аймақтарға жіберіліп отырған көмектің төртінші легі. 
Қазір Шымкентте екі гуманитарлық көмек қабылдау орталығы жұмыс істеп тұр. Біріншісі, «Достық» үйінде болса, екіншісі «Арай» ЖШС аумағында орналасқан. 
Табиғат апатынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберуге еліміздегі өзге ұлт өкілдері де айырықша белсенділік танытып жатыр.
Көмек қатарында азық-түлік өнімдері мен керекті заттар жиынтығы бар.  
Бұл жолы жергілікті ассамблея белсенділері су алған өңірлер үшін аса қажетті: үрлемелі қайық, су соруға арналған насос,резіңке етік, ұзын резіңке етік, құтқарушы жилеткасы, фонарь, күрек, қолғап, шланга сынды заттар топтамасын да қоса жөнелтті.
Айта кетейік, осыған дейін Шымкент қалалық ҚХА-ның үйлестіруімен 60 тоннадан аса гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен Атырау және Батыс Қазақстан облысына үш лекпен жөнелтілген болатын. 
Ассамблея еріктілері игі іске асталысып, сын сағатта қол созған шымкенттік компаниялар мен қарапайым тұрғындарға алғыс білдіреді.

325 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы