• Ақпарат
  • 25 Сәуір, 2024

Құмар ойыннан бас тартты

Мемлекеттік кеңесші, Қазақстан Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Ерлан Қарин ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге пікір білдірді.


– Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұсынылған бастамаларды нақты жүзеге асыру жалғасып жатыр. Бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді қабылдады. Бұл түзетулерге депутаттар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атыраудағы сөзінен кейін бастамашылық етті, онда Президент қазіргі қоғамның бес негізгі әлеуметтік мәселесін атаған еді, – деп жазды Е. Қарин Telegram парақшасында. 
Атап айтқанда, Ұлттық құрылтай отырысында Президент лудомания мыңдаған отбасыны қиратып, көптеген адамды қылмысқа итермелеп, сансыз қиындық әкелетінін атап өтті. Сондықтан Мемлекет басшысы Парламенттің қазіргі сессиясында ойынға тәуелділікке қарсы іс-қимыл туралы заң қабылдауды және лудоманиямен күресудің кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды.
– Еске сала кетейін, заң жобасын талқылауға Ұлттық құрылтай мен Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері белсенді қатысып, бұл мәселені қоғамдық салада алғашқылардың бірі болып көтерді, – деді Е.Қарин.
Ал құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өз бетінше шектеу жөніндегі онлайн қызмет іске қосылған алғашқы айда аталған қызметті 40 мыңнан астам ел азаматы пайдаланған. 36 765 адам «EGOV mobile» порталы арқылы онлайн өтініш берсе, 3398 адам өзін шектеуге қағаз түрінде өтініш жазды.
Сонымен қатар Туризм және спорт министрлігі осы қызметті ілгерілету үшін әлеуметтік жарнама науқанын жүргізіп жатыр. Еліміздің 10 өңірінде 200-ден астам баннер мен билборд ілінді. Сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының цифрлы кеңселері мен теміржол вокзалдарында жарнамалық конструкцияларға тақырыптық баннерлер орналастырылған.
Өтінішті өзін құмар ойындар мен бәс тігуден шектегісі келетін адам дербес ЭЦҚ пайдалана отырып, өз бетінше өтініш беруге тиіс. Үшінші тұлғалар тарапынан өтініш бере алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, аталған цифрлы қызметпен қатар, ел азаматтары мен резиденттері құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өзін шектеу үшін ойын бизнесін ұйымдастырушыларға жазбаша өтініш (қағаз түрінде) бере алады.

Еркін Қалдан
 

972 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6355

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5789

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3530

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2911

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2873

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2852

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2582

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2567

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы