• Ақпарат
  • 02 Мамыр, 2024

Фотожурналистикаға арналған кітап

Алматыда Ұлттық кітапханада  «Деректі фото:  тарихы және даму көкжиегі» атты монографияның тұсаукесері өтті. Мұндай еңбек қазақ фотожурналистикасы саласында тұңғыш рет жарық көріп отыр. Кітап авторлары – Асылхан Әбдіра­йымұлы, Серік Мұқышұлы,  Дәурен Мақсұтханұлы. Іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің Баспагерлік редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы мен «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігі бірігіп ұйым­дастырды.


 «Бұл – тікелей фотожурналистикаға арналған кітап. Фотография өнерінде үш бөлім бар: Көркем фото, Техникалық фото және Деректі фото. Фотоөнерді бәйтерек деп есептесек,  көркем фото – оның жапырағы, техникалық фото – оның бұтақтары, деректі фото діңгегі болып есептеледі. Әлемде сыйлықты деректі фотоға береді. Мәселен, фотоөнерге берілетін Пулитцер сыйлығы бар. Себебі мұнда шындықты көрсетеді. Фотографияның ең бірінші міндеті – шындықты айқын  көрсету. Ал деректі фото елдегі үлкен мәселелерді шынайы көрсетіп, шешу жолдарына бағыттайды. Бұл болашақта фотожурналистердің әлеуметтік, экологиялық мәселелерді шешуге арналған оқу құралы десе де болады. Докторантура, магистратурада оқитын түлектерге ғылыми жағынан бағыт бере алады.  Бұл кітапты шығару туралы идеяны бір жыл бұрын Серік Мұқышұлы айтқан болатын. Содан бері үш автор қолға алдық, нәтижесінде кітап жарық көріп отыр», – деді кітап авторларының бірі Асылхан Әбдірайымұлы.
Таныстырылым аясында  «Деректі фото» бір жылдық біліктілікті арттыру курсының жеңімпаздарының  фотокөрмесі жасақталып,  оған қатысушыларға сертификаттар табысталды. Бұл туралы кітап авторларының бірі Серік Мұқышұлы өз пайымын білдірді.
– Бүгін мен үшін ерекше күн. Деректі фото деген жаңа ұғым пайда болғалы тұр. Деректі фильм, деректі әдебиет бар, ал деректі фото болмаған. Еңбегімді қазақ еліне жеткізу үлкен арманым болған. Алпысқа келдім, осы арманымды қалай орындасам болады деп ойладым. Бұл деректі фото екі түрлі тәсілмен Қазақстанға жетті. Біреуі кітап түрінде, енді бірі курс түрінде.  «Деректі фото» курсына 25  адам қабылдадық. Оларды біз бір жылда әр маусым сайын іріктеп отырдық. Тапсырманы орындаған адам ғана әрі қарай жалғастырды. Әрине, олар үшін де оңай болмады. Ең соңында тапсырмаларды тиянақты орындаған, кәсіби сараптаудан өткен алты адамға сертфикат табыстадық», – деді С. Мұқышұлы.
 Сертификат алғандар  – Аяжан Өтеулина, Серікболсын Шері, Ерлан Алтыбаев, Тілек Ырысбек, Ерғанат Амангелді, Салауат Жәнібекұлы. Жеңімпаздардың өздері түсірген отыздан аса фотосы көрмеге қойылды.  
– Ал кітапты бір жылдан аса уақытта дайындадық. Қытайдағы қазақтар тек төте жазумен жазады. Криллицаны оқып шығудың өзі қиын. Қуанышымызға орай, Қазақстанға келгеннен кейін қолдау көрсеткен  Асылхан Әбдірайымұлына ризашылығымды білдіремін. Қателерді түзеп, олқылықтардың орнын толтырған Дәурен Мақсұтханұлына алғысым шексіз, – деп ризашылығын білдірді. 
Ал кітап негізгі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім  –  «Тәтті фото» мен «Ащы фото» терминдерін ғылыми айналысқа енгізу жолдары, екінші бөлім  –  «Әлемдегі деректі фото жағдайын талдау»,  ал үшінші бөлім  –  «Қазақстандағы деректі фотоның даму көкжиегі» деп аталады. 
Кітаптың тұсаукесеріне қатысқан Қазақстан авторлар қоғамының төрағасы Байғали Есеналиев, филология ғылымының кандидаты Сағатбек Медеубекұлы, журналист Досжан Балабекұлы, оқытушы Қоңыр Мұқтаева, ардагер фототілші Нұрманбет Қизатұлы, Қалиғұмар Қабдешұлы, қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай монографиялық еңбекке оң бағасын берді.

Э.ЫБЫРАЙҚЫЗЫ

1069 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8776

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7067

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4811

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4197

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4159

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4120

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3850

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3850

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы