• Ақпарат
  • 08 Қараша, 2012

Түлектерімен танымал мектеп

Алматыдағы Республика сарайында О.Жәутіков атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының 40 жылдық мерейтойы болып өтті. Мерейтойға бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, мектептің ардагер ұстаздары мен түлектері қатысты.  Мерекелік жиынды Премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов, мектептің қамқорлық кеңесінің төрағасы Данияр Ереншінов құттықтау сөздерімен ашты. Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков министр Бақытжан Жұмағұловтың құттықтау хатын оқыды. Мектептің еңбек сіңірген мұғалімдерін мерейтойлық дипломмен марапаттады. Түлектердің атынан сөз алған академик Асқар Жұмәділдаев мектепті әлемге әйгілі оқу орындарымен салыстыра келіп, «Қазақстандағы феномен» деп бағасын берді. Мерекелік шара күні білім ордасына ұзақ жылдар басшылық еткен, ардақты ұстаз Александр Чернобай сөз сөйледі. Бұл күні ардагер ұстаздарға деген құрмет ерекше болды. Оқушылар гүл шоқтарын ұсынып, ізеттілік танытты. Қазақстандық әріптестерін құттықтауға алыс-жақын шетелдерден де меймандар келді. Олар да ізгі тілектерін арнап жатты. Салтанатты шара соңында мектеп директоры Қайрош Мақышев тойға келген барша қауымға өз алғысын білдірді. Ерекше атап өтерлік жайт, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов, «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаев, Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын, Ақмола облысының әкімі Қайрат Қожамжаров осы мектептің мақтан тұтарлық түлектері болып табылады. Дәуіржан Төлебаев

2746 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы