Баспасөз – 2020

«Ана тіліне» жазылайық, ағайын!

Тіл болмаса, ұлт та болмайды. Туған халқы үшін өмір сүрген Алаш қайраткерлері кейінгі ұрпаққа осыны ескертіп кетті. Елбасы Н.Назарбаев та Қазақстанның болашағы қазақ тілінде екендігін ұдайы айтып келеді. Міне, осы тілімізге қатысты мемлекет саясатын қалың қауымға кеңінен түсіндіріп бұл жолда белсенді қызмет етіп келе жатқан басылымдардың бірегейі – «Ана тілі» газеті. Қазір жер-жерде алдағы 2020 жылдың 1-ші  жарты жылдық  баспасөзіне жазылу науқаны жүріп жатыр. Олай болса тіл мәселесін басты тақырып етіп алған ұлт газеті –«Ана тіліне» жазылып, басылымның ел ішінде көптеп таралуына лайықты үлес қосу – абыройлы міндет. «Ана тілін» қолдағаныңыз қазақ тіліне қолдау көрсеткеніңіз болып табылады.

1